Close Menu
    Оқылып жатыр

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 9 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

      08/09/2026

      Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

      08/09/2026

      60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

      08/09/2026

      Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

      08/09/2026

      Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

      08/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мердігер межелі мерзімге үлгере ме?

    Мердігер межелі мерзімге үлгере ме?

    Өңір тынысы 11/09/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әне-міне дегенше күз де келді. Жұмыс науқаны қызып, дүйім жұрт қыстың қамына кірісіп те кетті. Ал қала жұртшылығын алаңдататын – әрине, жылыту маусымы. Бұл орайда, ыстық су мен жылуды уақтылы ала аламыз ба? Қала көшелерінде көктем айларынан басталған жылу құбырларын жөндеу жұмыстарын мердігер компания мерзімінде аяқтайды ма? Бұл сұрақтардың жауабын рейд барысында табуға тырыстық.

    Тараз қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жанындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жөніндегі комиссия шаһардың бірқатар нысандарын аралап көрді. Жалпы Тараз қаласы жылу құбырларының ұзындығы 190 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда соның 9,3 шақырымында ескірген құбырларды қайта жаңалау жұмыстары жүргізілуде.

    «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл жалпы 45 жобаны іске асыруға 16,6 миллиард теңге қарастырылған екен. Оның ішінде жылумен қамту жүйелерін жаңалау жұмыстарына республикалық бюджеттен 7,6 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Қарастырылған қаражат аясында 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланған екен. Соның бірі – қала ішіндегі жылу магистралін қайта жаңғырту.

    Бұл орайда, комиссия төрайымы, қалалық мәслихат депутаты Эльмира Мырза-Ғали бастаған топ, оның ішінде облыстық мәслихат депутаттары Абай Нұржанов пен Арман Еділбаев, «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанәділ Оспанов және комиссия мүшелері алдымен Сыпатай батыр, Көшеней, Абай, Қойгелді батыр, Ниетқалиев, Жамбыл даңғылы көшелерімен өтетін М-4 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасымен танысты. Сонымен қатар комиссия мүшелері Қазыбек би және Ташкент көшелерінің қиылысында болып, онда бірқатар олқылықтардың барына көз жеткізді. Нысан толығымен 31 тамызда аяқталуы керек екен. Дегенмен жұмыс аяқталмаған.

    «Бірқатар қолбайлау болған мәселелердің кесірінен екі аптаға кешігудеміз. Көшелердің тарлығынан техникалар да кіре алмады. Электр кабельдерін жылжытайын десең, астында су құбыры бар. Сондай-ақ Төле би көшесінің бойындағы екі бірдей көпір де жұмыстың барысына кедергі келтірді», – деді «Techno Construction Company» ЖШС-нің техникалық директоры Мелдихан Нұрышов.

    Содан кейін депутаттар Ниетқалиев көшесінде жүргізіліп жатқан М-2 жылу магистралін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда да жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны аса байқалмайды. Ыстық су жүретін құбырлар да толық жалғанбаған. Мұны жауапты мамандар Ресейден келетін құбырлардың уақтылы жеткізілмегенінен дейді. Бірақ бұл нысанның тапсырылу уақыты қазан айында. Мердігер компания үлгереміз деп уәде берді.

    Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен комиссия мүшелері одан әрі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан №15 ықшам ауданға барып, жұмыс барысымен танысты. Комиссия мүшелері құрылысы аяқталған көпқабатты үйлердің құрылыс сапасын тексеру мақсатында үй-үйді аралап көрді.

    – Жалпы қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, яғни құбырларды ауыстыру белгіленген уақыттан кешеуілдеп басталған. Рейд барысында бірқатар олқылықтардың да орын алғанын көрдік. Тіпті кейбір нысан жылыту маусымына дейін аяқталады дегенге сеніңкіремей тұрмыз. Өйткені құбырлар толығымен көршілес елден алып келінбеген. Ал оның барлығы құрылыс басталмай тұрғанда жасалыну керек. Жалпы кемшіліктердің орнын толтыру, берілген мерзімде аяқтамаған мердігер компанияның жұмысын партиялық бақылау комиссиясының отырысында қарайтын боламыз, – деді облыстық мәслихат депутаты Абай Нұржанов.

    Партия жанындағы комиссия бұл жұмыстар аяқталғанша нысанды толығымен назарында ұстамақ. Бастысы, сапасы сын көтеріп, айтылған уәде уақытында орындалса болғаны.

    Арайлым Шабденова

    Nur Otan мердігер Тараз

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29/06/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026

    Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

    08/09/2026

    Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

    08/09/2026

    Даулы жеңіс: Көшпенділер ойыны шумен аяқталды

    07/09/2026

    Щучинскідегі 12 адам қаза болған жарылысқа қатысты үкім шықты

    07/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.