Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 3 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тарихи-өлкетану бұрышы ашылды

    Тарихи-өлкетану бұрышы ашылды

    Жаңалықтар 17.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қай салаға салсаңыз да әңгімені талдап, таразылап айтатын, бақытын бүліктен емес, білімнен тапқан азаматтар болады. Солардың бірі – Сейтжан Өскенбаев еді. Ол аудандық білім бөлімін басқарған кезеңді әріптестері аңыз ғып айтады. Ұзақ жылдар бойы Көгершін ауылындағы Ақтоған орта мектебінің директоры қызметін де абыроймен атқарды.

    Жә, біздің айтпағымыз бұл емес. Жадында адам баласының бойынан қайраткерліктің ұшқынын байқасақ, кісі баласы елдік мүддені өзінен биік қоя білсе, одан артық не керек? Сол Секең аудандық мәслихаттың депутаты бола жүріп, жұрттың жүрегіндегі мәселелерді көтерді, олардың оң шешім табуына тікелей үлес қосты. Бастықтармен жиі «ұстасты». Тіпті қудаланды. Сондағысы адалдық үшін күрескені өзіне жау болды. Бірақ оның жүрегін ешкім де сындыра алмады. Сүйек сынғанмен, жүрек сынбайтыны рас екен-ау. Терең білімді азамат өз саласында үздік шығып, талай атақты алды. Ол туралы айтудың қажеті шамалы.

    Ол – әдебиеттің, мәдениеттің, баспасөздің жанашыры болды. 80-90 мың теңгеге (ол жылдары қомақты қаржы!) сүйікті басылымдарына бір жылға жазылды. «Ат спорты» журналында меншікті тілші қызметін атқарды. Атқарғанда ақша үшін жұмыс істемеді. Өйткені Секеңнің өз жұмысы бар. Жазу – оның жан серігі. Журналист болуды армандаған. Секең – архив адам. 27 мың дана газет жинаған. Тіпті кейбір облыстық, республикалық басылымдардың ең бірінші нөмірі Секеңнің үйінде бар еді. Ол облыс баспасөзінде өзіндік орны бар«Ақ жолды» да, «Арайды» да жанындай сүйіп оқыды. Журналистердің сауатты мақалаларын тақырыптар бойынша бөліп, папкіге жинады. Айта берсек, Секең туралы сөз көп.

    Жеті жыл бұрын бақилық болған Секеңе құрмет енді көрсетілді. Туған ауылындағы Болтай Батыр мектебінде Сейтжан Өскенбаев атындағы тарихи-өлкетану бұрышы ашылды. Мұндай қадамға барған аталмыш мектептің ұжымына разы болдық. Бұл күні марқұмның замандастары, достары, құрдастары арын биік қойған азамат туралы тебірене әңгімеледі. Жары Нұргүл де жүректегі сөзін айтты.

    Жүрегі жұртым деп соққан азаматты ұмытпаған жерлестеріне Алланың нұры жаусын дестік.

    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.