Close Menu
    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

      16.03.2026

      Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

      16.03.2026

      Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

      16.03.2026

      Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

      16.03.2026

      Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

      16.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстанда ҮЕҰ-ға берілетін сыйлықақыға үміткерлерден өтінім қабылдау аяқталды

    Қазақстанда ҮЕҰ-ға берілетін сыйлықақыға үміткерлерден өтінім қабылдау аяқталды

    Жаңалықтар 19.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға берілетін сыйлықақыға үміткерлерден өтінім қабылдауды аяқтады. Сыйлықақы- үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың бір түрі. ҮЕҰ-ды дамытуға қолдау көрсету, олардың әлеуетін арттыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.

    Өтінімдер 2019 жылғы 1 шілдеден 2 қыркүйекке дейін қабылданған болатын. Жалпы үміткерлерден 134 өтініш келіп түсті (ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіндегі жағдай бойынша). Олардың ішінен 14 өтінім келесі себептер бойынша кері қайтарылды: ҮЕҰ дерекқорында болмауы – 9 өтінім; ҮЕҰ филиалдарының өтінімдері – 3; құжаттар пакетінің толық болмауы – 2 өтінім.

    Министрліктің мәліметіметінше «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағында көрсетілген 15 бағыты (номинация) бойынша 120 өтінім қаралуға қабылданды. Осылайша, өтінімдердің басым бөлігі: халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау — 31, білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу – 15, азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу – 11, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау — 10, және т.б. бағыттар бойынша келіп түскен.

    «Өтінімдер барлық өңірлерден келіп түсті. Өтінімдердің көбі Нұр-Сұлтан қаласынан келіп түскен, жалпы саны-21, Алматы облысынан — 13, Атырау облысынан -13 өтінім қабылданды», — делінген хабарламада. 

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымованың айтуынша, министрлікке қазіргі уақытта да үміткерлер тарапынан ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінімдер келіп түсіп жатыр екен. Алайда үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы тағайындау жөннідегі 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 ережеге сәйкес, сенбі күніне келетін демалыс күндерін жылжыту ескеріле отырып, байқауға тек пошта арқылы 2 қыркүйектен кешіктірілмей келген өтінімдер ғана қабылданады.

    ҮЕҰ-ға берілетін сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлерінен және ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақылар бағыттары бойынша тиісті салалардың сарапшыларынан құралған сарапшылар комиссиясы қарайды. Сонымен қатар, конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтінімдерді сарапшылар қашықтық жүйесі бойынша қарастырады.

    Сыйлықақының бір бағыт бойынша көлемі 2 000 АЕК (5 миллион тенгеден астам) құрайды.

    Айта кету керек, алғаш рет сыйлықақыларды салтанатты түрде табыстау рәсімі 2017 жылдың қараша айында өткен болатын. 2017 жылы сыйлықақыға 59, 2018 жылы 63 ҮЕҰ ие болды.

    Мақаланы ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі даярлады. 

    грант ҮЕҰ

    Оқылып жатыр

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

    16.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Әйелін сабаған Рахат Тұрлыхановты полиция ұстады

    16.03.2026

    Қазақстанның туы әлемдегі «ең әдемі ту» атағын жеңді

    16.03.2026

    Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

    16.03.2026

    Түркістанда автобус толы адамның бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады

    16.03.2026

    Астанада референдумнан хабар таратпақ болған журналистер ұсталды

    15.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.