Жамбыл облысының орталығында кәмелетке толмаған қызды қорлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД басшысы Арман Оразалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tarazy.kz.
Ағымдағы жылдың 18 қазанында Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 39 жастағы облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 17 қазан күні өзінің таныс адамының кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандығы, сондай-ақ «Thomson» маркалы теледидарын ұрлап кеткендігі туралы айтқан.
Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі және 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта күдікті анықталып, полиция қызметкерлерімен 36 жастағы ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Істің толық мән-жайы ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.