Үйлердің болашақ иелеріне сатып алынған үйге бір жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы талап қойылған.
Сицилияның оңтүстігіндегі Муссомели қаласының жергілікті билігі құны бір еуро (427 теңге) болатын жүздеген ескі үйді сатылымға қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Үйлердің болашақ иелеріне сатып алынған үйге бір жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы талап қойылған. Олар үшін аталған жөндеу жұмыстарының әрбір шаршы метрі 95 еуро (шамамен 40 мың теңге) болады, деп жазады The Sun. Ал, керісінше жағдайда үй иесі кепілдік ретінде салынған жеті мың еуро (шамамен үш миллион теңге) депозит қаражатынан айырылады.
Жергілікті билік көмек ретінде сәулетшілер мен инженерлер ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді. Таяу арада тағыда 400 ұсыныс жасалатыны күтуліде.
Қаңтар айында италяндық Самбука-ди-Сицилия муниципалитетінің билігі үйлердің жаппай бір еуроға сатылатынын жариялаған болатын. Өсудің кемуі ұлғайған қаланы, жаңа тұрғындарды жұмысқа тарту мен қала реңін келтіру мақсатында жүздеген тарихи нысандар сатылымға қойылған. Сатып алушылар кем дегенде 15 мың еуро (шамамен 6,4 миллион теңге) қаражат жұмсап, үйлерді үші жылдың жөндеуге міндеттелді.