Close Menu
    Оқылып жатыр

    Иранға шабуылдаған АҚШ 1 аптада 6 млрд доллар жоғалтты

    11.03.2026

    Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен дәретханадан табылды

    11.03.2026

    IBF ұйымы Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондықтан айырды

    11.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Иранға шабуылдаған АҚШ 1 аптада 6 млрд доллар жоғалтты

      11.03.2026

      Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен дәретханадан табылды

      11.03.2026

      IBF ұйымы Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондықтан айырды

      11.03.2026

      Қазақстанда Ресейден қашқандардың құжаттары тексеріледі

      11.03.2026

      Павлодарлық полицейлер шенеуніктің жұбайын жазалады

      11.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолында автоматтандырылған мобильді кешен іске қосылды

    «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолында автоматтандырылған мобильді кешен іске қосылды

    Өңір тынысы 19.12.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Республика бойынша ең алғаш Жамбыл облысында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешені қолданысқа енгізілді.

    Жамбыл облысы аумағында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешенін таныстыру шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы және жеке құрамы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Шара барысында Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев кешеннің маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті.

    «Өңірімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша біздің департамент бірқатар іс-шараларды атқаруда. Осы орайда облыс әкімінің қолдауымен Республикалық маңызы бар автожолдарда қызмет көрсететін патрульдік полиция көліктеріне он бірлік «Арқан» мобильді кешенін орнатып, қолданысқа беріп отырмыз. Мобильді кешен облыстың жол-көлік оқиғасы көп орын алатын аумақтарында қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, автоматтандырылған режимде полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз бақылау жүргізеді. Айта кетерлік жайт, аталған құрылғы республика бойынша біздің облыста алғаш рет қолданысқа енгізілуде. Кешенді қолданысқа енгізу арқылы біз жолдағы апат деңгейін төмендетуге қол жеткіземіз деген ойдамыз», — деген департамент басшысы құрылғының мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып өтті.

    Айта кетейік, «Арқан» мобильді кешені жолдың бақыланатын аймағы арқылы өтетін барлық көліктердің нөмірлік белгілерін, түсі мен маркасын тануға, белгіленген жылдамдықты арттыру деректерін тіркеуге қабілетті. Бұл құрылғының көмегімен айыппұл туралы ақпараттар деректерді өңдеу орталығына және Бас прокуратураның әкімшілік өндірістерінің бірыңғай тізіліміне автоматты түрде жіберілетін болады. Сонымен қатар, полиция қызметкерінің жүргізушімен қарым-қатынасын болдырмай, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік бермек.

    Бұдан бөлек, көлік құралының танылған нөмірлік белгісі бойынша полицияның іздестіруінде немесе жүргізушінің бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін борышкерлер тізімінде болуы автоматты түрде тексеріледі. Бұл жағдайда мобильді кешендегі полиция инспекторы заңға сәйкес құқық бұзушыға қатысты жедел әрекет ету шараларын қабылдай алады.

    «Арқан» мобильді кешені ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан бастап бір ай көлемінде тесттік режимде жұмыс істейтін болады. Көрсетілген мерзімде жол-көлік оқиғаларының дерегі төмендеп, оң нәтижеге қол жеткізген жағдайда мобильді құрылғының санын арттыру жоспарлануда»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

    https://www.instagram.com/p/B6Pd-cuhzOu/?utm_source=ig_web_copy_link
    Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026

    Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

    24.02.2026

    Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

    24.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Иранға шабуылдаған АҚШ 1 аптада 6 млрд доллар жоғалтты

    11.03.2026

    Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен дәретханадан табылды

    11.03.2026

    IBF ұйымы Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондықтан айырды

    11.03.2026

    Қазақстанда Ресейден қашқандардың құжаттары тексеріледі

    11.03.2026

    Павлодарлық полицейлер шенеуніктің жұбайын жазалады

    11.03.2026

    Қазақстандағы балалардың 60%-ы смартфонға байланған

    11.03.2026

    Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

    10.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.