Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 23 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

      22/09/2026

      Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

      22/09/2026

      Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

      22/09/2026

      Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

      22/09/2026

      Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге арзандады

      22/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылды

    Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылды

    Өңір тынысы 25/12/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының 80 жылдығына арналып ашылған рухани нысандардың көшін А.Тоқпановтың ескерткіші бастады. Облыстық қазақ драма театрының негізін қалап, ондағы шығармашылық ұжымының кәсіби біліктілігін жетілдіруге өз қолтаңбасын қалдырған режиссердің мүсіні өнер ордасының алдына қойылды, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Ескерткіштің лентасын КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен  Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Асқар Тоқпановтың шәкірті, Қазақстанның Халық әртісі  Тұңғышбай Жаманқұлов қиды. Олар тұлға туралы есті естеліктері мен тағылымды ойларын ортаға салып, А.Тоқпановтың ескерткішінің  облыстық театр алдынан ашылып отырғанын өте орынды шешім болғанын баса айтты.

    Сондай-ақ шара барысында А.Тоқпановтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі «Тоқпанов тұлғасы» атты естелік кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Қонақтар үшін А.Тоқпановтың қызмет жолы, еңбектері, наградалары, шәкірттері жайлы фотостенд ұйымдастырылып,  тұлға туралы деректі фильм көрсетілді.

    Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облыстық қазақ драма театрына қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, халық әртісі Асқар Тоқпановтың есімін беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Республикалық ономастикалық комиссиядан қолдау тапқан бұл ұсыныс  бойынша қазір Үкімет қаулысының жобасы дайындалуда.

    Облыс театрына тұлғаның есімін беру — өнерсүйер қауымның көптен бергі арман-тілегі болатын. Өйткені  қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға өз еңбек жолында Жамбыл облыстық қазақ театрында да елеулі еңбек еткен. Көптеген қойылымдар сахналап, шәкірттер тәрбиелеген.

    Бұл ұсынысты осыдан 10-15 жыл бұрын Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов секілді театр саңлақтары көтеріп, ұсыныс хат жазғанымен, жауапсыз қалған еді. Облыс әкімі Асқар Исабекұлы осы мәселені Үкімет, Мәдениет министрлігі деңгейінде көтеріп, игі бастама өз шешімін табуда.

    А. Тоқпанов есімі бұған дейін елімізде ешқандай театр мен өнер ұжымына берілмеген. Ал  1936 жылы құрылған облыстық қазақ драма театры осы жылдар бойы бірде-бір тұлғаның атымен аталмаған. Осы тұрғыдан алғанда бұл бастама көпшіліктен зор қолдау табуда.

    Театр режиссерінің мүсінін белгілі мүсінші Момыш Сұлтан жасап шықты. Оның құрылысына танымал меценат «Super pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайрат Қаймолдаев демеушілік еткен.

    ескерткіш

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29/06/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026

    Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

    22/09/2026

    Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге арзандады

    22/09/2026

    ҚазҰУ-дағы ерекше зертхана: Ми институтында қандай зерттеулер жүргізіледі?

    22/09/2026

    Байлар да жылайды»: Томский Алматыдағы қымбат киімдерді сынға алды

    21/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.