Филадельфиядағы Темпл университетінің ғалымдары куркуминнің қабынуға қарсы және антиоксидант қасиеттері қатерлі ісікті жоюға қабілетті екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды «МедикФорум».
Ғалымдар мұндай тұжырымдаманы 1924 жылдан бері шыққан куркуминнің қасиеттері туралы жазылған ғылыми жұмысты зерттей келе анықтаған. Барлығы 12 595 есеп іріктеліп, куркуминнің қатерлі ісікке әсері жайлы 4738 құжатқа куәлік берілген.
Америкалық зерттеушілердің сөзінше, куркума қатерлі ісіктің көзін жоюға ықпал етеді және қоректік заттарды жаңа өскіндерге жеткізудің алдын алады, сондай-ақ сау жасушалардың өлуінің алдын алады.
Лаборатория зерттеулерінде куркумин қатерлі ісіктің сегіз түрінің өсуінің алдын алған.
Куркума — зімбір тұқымдас көпжылдық шөп өсімдіктерінің түрі. Куркуманың емдік қасиеттері Индостан түбегінде ежелден белгілі. Куркума организмді тазартады деп есептелді.