Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 28 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026

      Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

      27.07.2026

      Мұнай бағасы күрт төмендеді

      27.07.2026

      Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

      27.07.2026

      Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

      25.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Полиция халыққа ашық қызмет көрсетеді

    Полиция халыққа ашық қызмет көрсетеді

    Өңір тынысы 14.01.2020
    Сурет Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінен
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2019 жылдың 9 желтоқсанында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен республикалық «Жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұловпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осыған орай, бүгін медиа орталық төрағасы меморандумның негізгі талаптары бойынша атқарылуы тиіс бірқатар жұмыстарды насихаттау мақсатында Тараз қаласына іссапармен келді, — деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

    Жұмыс сапарын көші-қон қызметі орталығымен танысудан бастаған Төлеген Байғұлов мекемедегі қызметкерлердің қызмет көрсетудегі халықпен қарым-қатынасын бақылап, орталыққа келген азаматтармен сұхбаттасты.

    Жалпы, Көші-қон қызметі орталығы іске кіріскелі бері Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсету жақсартылып, оларға ыңғайлы жағдай жасау арқылы қызмет көрсету мерзімі едәуір қысқартылды. Бүгінгі күні көші-қон орталығының қызметіне жүгінушілер құжаттарды екі сағаттың ішінде рәсімдеуге мүмкіндік алған. Осыған байланысты Т.Байғұловпен әңгімелесу барысында тұрғындар да мекеме жұмысына ризашылығын білдірді.

    Сондай-ақ, Медиа орталық өкілдері облыстық Полиция департаментінің бірнеше фронт-офистерінде болып, жұмыстарымен танысты. Фронт-офис қызметіндегі негізгі мақсат — полиция мен халық арасындағы қарым-қатынастың ашықтықтығын қамтамасыз ету, кез-келген құқықтық мәселе бойынша тұрғындарға жедел түрде көмек көрсету болып табылады.

    «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде ІІМ қызметінің тиімділігін арттыру, жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерлету бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру, оны туындататын себептер мен салдарларды жою бірлескен меморандумның негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсат аясында ІІМ-мен кешенді жоспарлар жасап, нәтижелі істерге қол жеткіземіз деп отырмыз. Біз полиция қызметкерлерінің арасындағы заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға мүмкіндік болмайтындай жағдайлар жасауымыз керек. Бұл барлығымызға ортақ міндет», — деді Жұмыстарды жіті бақылаған «Жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов.

    Іссапар барысында Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Үдергенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев пен «Жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен қоғам белсенділеріне брифинг өткізді. Брифинг барысында полиция қызметінің халыққа ашық қарым-қатынас орнатуына байланысты сауалдармен қатар, жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы бірқатар мәселелер де ортаға салынды. Журналистер сауалына тиісті жауаптар беріліп, ой-пікірлер назарға алынды.

    полиция

    Оқылып жатыр

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

    27.07.2026

    Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

    25.07.2026

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

    25.07.2026

    Даму қорының басшылары 315 млн теңге сыйақы алған

    25.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.