Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

      13.03.2026

      Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

      13.03.2026

      Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

      13.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

      13.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысы жолдарында «Арқан» мобильді кешені 20 қаңтардан жұмыс істей бастады

    Жамбыл облысы жолдарында «Арқан» мобильді кешені 20 қаңтардан жұмыс істей бастады

    Өңір тынысы 20.01.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бір ай көлемінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Алматы-Нұрсұлтан» республикалық маңызы бар автожолдарының Жамбыл облысындағы аумағында жол-көлік апаттарын азайту, қылмыстарды ашу және әкімшілік айыппұлдар мен басқа да құқық бұзушылықтар бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында 10 заманауи «Арқан» мобильді кешені сынақ режимінде жұмыс істеген болатын, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бұл жаңашылдық транзиттік және Қырғыз Республикасымен шекаралас облыс болғандықтан аса зор маңызға ие. Көлік қозғалысының көптігі және оны үнемі бақылауда ұстау – патрульдік полиция қызметкерлерінің ең басты міндеттерінің бірі.

    Осы ретте «Арқан» мобильді кешенінің полиция қызметкерінің қатысуынсыз жолдың бақыланатын аумағы арқылы өтетін көлік құралдарының белгілерін, түсі мен маркасын танып-білуге қабілетті екендігін атап өту керек. Сондай-ақ, жаңа техникалық құралдарды енгізудің басты мақсаты — жылдамдықты бұзушыларды анықтау болып табылады.

    Тестілеу нәтижелері бойынша аталмыш кешен өз тиімділігін дәлелдеді, қысқа мерзімде жылдамдықты асыруға байланысты 5740 құқық бұзушылық анықталды.

    Алайда, құқық бұзушыларға қатысты кешегі күнге дейін жазалау шаралары қолданылған жоқ. Ал бүгіннен бастап жағдай түбегейлі өзгерді: «Арқан» тестілеуі аяқталып, енді айыппұлдарды тіркеу мақсатында барлық деректер мен бейне ақпараттар нақты уақытта автоматты түрде полицияның деректер орталығына және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне (Нұр-Сұлтан) жіберілетін болады.
    Осылайша, қарастырылып отырған жаңа құрылғы облыстың және жалпы республиканың жолдарындағы апаттар санын азайтуға оң әсер етеді.

    Құрметті жүргізушілер! Сіздерден жол ережесін бұзбауды және жылдамдықты асырмауды сұраймыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда.

    соңғы жаңалықтар

    Оқылып жатыр

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ербол Хамитов Паралимпиада алтынын иеленді

    13.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Жол құрылысының жаңа технологиялары: Алматыда студенттерге тәжірибелік дәріс өтті

    13.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.