Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 23 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

      22/09/2026

      Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

      22/09/2026

      Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

      22/09/2026

      Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

      22/09/2026

      Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге арзандады

      22/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сарысулықтар туған жеріне қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да қол ұштарын созуда

    Сарысулықтар туған жеріне қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да қол ұштарын созуда

    Өңір тынысы 28/04/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сарысулық азаматтар туған жерлеріне жақсылық жасап жарысуда. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Президент бастамасымен қолға алынған, Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін арнайы қор құрылған болатын.

    Белсенді нұротандықтар мен қатар Сарысу ауданынан шыққан жүрегі кең азаматтардан құрылған еріктілер де қайырымдылық шарасына үлес қосуда. Олар ауданымыздың барлық аумағында қауіпсіздік шараларын ұстана отырып, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік салынған пакеттерді тегін таратып беруде. Демалыс күндеріне қарамастан сауапты іс жасаған еріктілердің қайырымдылық істері көпке үлгі.

    Бүгінгідей бүкіл әлемді жайлаған қауіпті індетке қарсы күресті баршамыз бірігіп қана жеңе аламыз. Сарысулықтардың  бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, коронавирустың таралмауына күш салуы үлкен ынтамақ пен бірлікті білдіреді.

    «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» дегенді атам қазақ ұрпағына бекер айтпаса керек-ті.

    Мемлекет не береді деп емес, өзіміз нендей үлес қоса аламыз мынандай қиын-қыстау кезде Елге?!-деген ұранмен ұмтылған азаматтар өздерінің туған жерлеріне қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да қол ұштарын созуда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қайырымды іске қол созу азаматтық парызымыз деп білетін жанашыр ағайынның барына аудан жұрты разы болуда.

    Көмекке мұқтаж жандардың көзіндегі қуанышты көру – еңбектің жемісі деп білетін көпке қол ұшын созған азаматтардың қатарында Бегеев Сағынбек, Жылқыбаев Досбол, Әлкеев Байман, Тоғызақбаев Жеңіс, Рыспанов Ғани, Хансейтов Мейіржан, Төлепбеков Мұрат, Шайымқұлов Фархат сынды азаматтар бар. Сондай-ақ, игі шараға «Қаратау» ТКӨК, «Алтын Орда» ЖШС, «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС, «Ауданның іскер әйелдері» ұйымы да өзіндік үлес қосты. 

    Қайырымдылық акциясы аясында барлығы 7 млн. 684 мың теңгеге 535 отбасына жәрдем көрсетілді. Сонымен қатар, еріктілер тарапынан ауылдарда 21 тігін орны ұйымдастырылып, бүгінде 13800 бетперде таратылды. 4500-ге жуық бетперде аудандық жедел штабтың қорында тұр.

    Пандемияның қысып, үйде қалған жерлестері сарысудан шыққан жомарт жандардың туған жерге деген ыстық ықыластарына дән риза.   

    қайырымдылық Сарысу ауданы

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29/06/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026

    Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

    22/09/2026

    Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге арзандады

    22/09/2026

    ҚазҰУ-дағы ерекше зертхана: Ми институтында қандай зерттеулер жүргізіледі?

    22/09/2026

    Байлар да жылайды»: Томский Алматыдағы қымбат киімдерді сынға алды

    21/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.