Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026

      Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

      01.04.2026

      Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Төменгі Шу бойында шешімін тапқан тірліктер

    Төменгі Шу бойында шешімін тапқан тірліктер

    Өңір тынысы 28.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек аудан орталығынан шалғайда жатқан Төменгі Шуға іс сапармен барды, — деп хабарлайды Taraz.kz тілшісі.

    Аудан басшысы Жайлаукөл ауылының қарияларына жеке-жеке кіріп, округтегі маңызды мәселелер турасында сөйлесіп, сауалдарына жауап берді.

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен бюджеттің көп қаражатын жұмсамай, оңтайлы, ықшамдалған шығынмен ауыл жолдарын жаңарту, елді мекендерге ауыз су тарту мәселесі Төменгі Шу бойында оңтайлы іске асып жатыр.

     Талай жылдар арман болған облыстық маңызы бар Жайлаукөл-Қамқалы арасындағы 31 шақырым автокөлік жолын орта жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарына жұмылған «Тараз-Көлік-Жолы»-ЖШС-нің жұмыс қарқын көрген Шу бойындағы ағайынның қуанышы зор.

    Бүгінде Шу бойындағы тұрғындар Президентіміздің соңғы  мәлімдемесін жылы қабылдап, дертке байланысты әрбір отбасы карантин режиміне бағынып, елден өзге аймақтарға шықпауды жөн санап үйлерінде отыр.

    Мектеп ұстаздары телефон арқылы қашықтықтан оқушыларға «Балапан», «Ел арна» телеарналары арқылы нұсқаулар беріп сабақ үлгерімдерін қадағалауда. Досбол-Шығанақ, Ұланбел-Жайлаукөл бағытында бақылау пункттері дұрыс жолға қойылған. Учаскелік полиция өкілі мен жергілікті әкімшілік аппараты қызметкерлерімен қоса ерікті ауыл  азаматтары, жастар  кезекшілік жасап жатыр.

    Ерінбей еңбектенген адамға жұмыс жетеді Шу бойында. Теңіздей толқынданған тұзы мен еліміздің түкпі-түкпіріне кетіп жатқан қызыл тасы, өзен-көлдердің бойындағы қамыс құрағының өзі бір ауданның малына асырай алатын алқапта жайқалып тұр.

    Бүгінде округте -1684 бас мүйізді ірі қара, 9538 қой-ешкі, 561 бас жылқы, 103 бас түйе, 313 құс бар.

    Сонымен қатар, Конго-Қырым гемморрагиялық  қызбасының алдын алу шаралары аясында  малға, қора-жайларға  арнайы дәрілер үш ауылға  барлығы — 157400 шаршы метр жерге залалсыздандыру дәрісі себілді.

    Ертеңінен зор үміт күттіретін ауылдықтардың қуанышы еселене түсуде. Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарына балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін 9 миллион теңгеге «Балалар ойын алаңы» салынатын болады. Мердігермен келісім-шарт жасалып, карантин аяқталысымен бұл жұмыстар жүзеге асатын болып келісілді.

    Бір кездері ауылдан орталыққа қарай үдере көшкен елді көргенде шалғайда жатқан округтегілердің де мазасы қашып, ертеңіміз қалай болар екен деп ойланған болатын. Бүгінде сол ағайын елдің ертеңіне үмітпен қарап, тәуелсіздіктің жемісін көріп келеді. Қамқалы ауылдық округі аумағының жері негізінен құмды. Сексеуіл, жиде ағаштары көп өседі. Изен, жантақ, жусаны жайқалып тұрады. Ал көл жағасындағы қамыс құрақ, кең шабындық болады орақ кезінде.

    Осындай шөлейтті, табиғи байлығы орасан аймақтағы Қамқалы, Жайлаукөл ауылдары енді жасыл-желекке оранбақ. Жасыл белдеу аясында 1600 қара тал көшеттері егіліп, сым темірмен қоршалды. Ауданда халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, кәсіппен айналысу жылдан жылға өсіп келеді. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі» деген болатын.

    «Ауылда «Ақпункт», «геолог» тұз-кен орындары сапалы тұз өндіреді. Өнімдері Түркістан, Жамбыл облыстарымен қатар, Қырғыз Республикасына тасымалдануда. Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы «Асыл-Тұз» зауытына шикізат тасымалданыпөндірілуде. Қасиетті Рамазан айында Жайлаукөл ауылында Алланың ақ үйі бой көтермек. Тұрғындардың, істері ілкімді кәсіпкер азаматтардың жеке қаражаты есебінен мешіт құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр», — делінген хабарламада.

    Сарысу ауданы

    Оқылып жатыр

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Жетісу мен Алматы облысында мың шақырымнан астам жолға тексеру жасалады

    31.03.2026

    Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    31.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.