Close Menu
    Оқылып жатыр

    Құлсарыда мектепте балтамен жүгірген оқушы: анасы оқиғаның себебін айтты

    11.02.2026

    Мемлекет басшысы 15 наурызға республикалық референдум тағайындады

    11.02.2026

    1 сәуірден бастап коммуналдық төлем өседі

    11.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Құлсарыда мектепте балтамен жүгірген оқушы: анасы оқиғаның себебін айтты

      11.02.2026

      Мемлекет басшысы 15 наурызға республикалық референдум тағайындады

      11.02.2026

      1 сәуірден бастап коммуналдық төлем өседі

      11.02.2026

      Биылғы пітір садақаның мөлшері белгілі болды

      11.02.2026

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көктемге хат»: Қасымхан Бегмановпен сырлы кеш өтті

      11.02.2026

      І. Жансүгіров атындағы университетте «Цифрлық білім беру» семинары ұйымдастырылды

      11.02.2026

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстан саяхатшылар қызығушылығы артқан 5 елдің тізіміне енді

    Қазақстан саяхатшылар қызығушылығы артқан 5 елдің тізіміне енді

    Жаһан 17.04.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ұлыбританияның Compare the Market интернет басылымы соңғы 10 жыл ішінде саяхатшылар қызығушылығын арттырған елдер мен қалалардың тізімін жариялады. Бұл рейтингке Қазақстан да енген.

    Басылым айрықша зерттеуін 2009 жылдан бергі Google Trends сұралымы статистикасы бойынша түзіп шыққан. Іздеу жүйесіндегі сұралымдар басты назарға алынған. Саяхатшылар соңғы жылдары қайда барғысы келетіні, нені көргісі келетіні жайлы ақпараттар жинақталған. Нәтижесінде жиһанкездердің қызығушылығын арттырған елдер мен қалалар рейтингі шыққан.

    10 жыл ішінде саяхатшылар қызығушылығын арттырған елдер тізімін Филиппин аралдары бастады. Іздеу жүйесіндегі сұраныс 2009 жылдан бері 170,5 %-ға артқан. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея болса, үздік үштікке Сауд Арабиясы енген. Қазақстан — төртінші орында. Google Trends статистикасы бойынша Қазақстан жайлы ақпараттардың ізделуі 47,83 %-ға өскен. Қазақстаннан кейінгі орында Нидерланд елі тұр.

    Іздеу жүйесінде сұралымы төмендеген елдер де бар. Оның бір себебі саяси ахуалдар мен сол елдегі жағдайға тікелей байланысты. Мысалы, Египет, Тунис, Түркия, Франция және Бразилия елдерінің туристік орталықтарына алдын ала тапсырыс беру мен ақпарат іздеу әлдеқайда азайған. Есесіне туристердің Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан мен Таяу Шығыс елдеріне көбірек барғысы келетіні байқалған.

    Саяхатшылар қызығушылығын арттырған қалалар көшін Венгрия елінің астанасы Будапешт бастады. 10 жылда бұл қала жайлы ақпарат пен тарихи орындарына көз сүзгісі келетін жандардың қатары 87 %-ға өскен. Одан кейінгі орындарға Сеул (Оңтүстік Корея астанасы) мен Копенгаген (Дания астанасы) жайғасқан. Сондай-ақ үздік бестікте Тель-Авив (Израиль) пен Варшава (Польша) қалалары да бар.

    Google Trends Қазақстан саяхат

    Оқылып жатыр

    Нипах вирусының қаупі: санитариялық комитет мәлімдеме жасады

    04.02.2026

    Эпштейн ісі бойынша құжаттарда Қазақстанның экс-премьері Кәрім Мәсімовтің аты кездеседі

    02.02.2026

    Үндістан визасы қазақстандықтар үшін тегін болды

    02.02.2026

    Қарашығанақ ісі: халықаралық алпауыттар Қазақстанға миллиардтаған доллар қайтаруы мүмкін

    27.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Құлсарыда мектепте балтамен жүгірген оқушы: анасы оқиғаның себебін айтты

    11.02.2026

    Мемлекет басшысы 15 наурызға республикалық референдум тағайындады

    11.02.2026

    1 сәуірден бастап коммуналдық төлем өседі

    11.02.2026

    Биылғы пітір садақаның мөлшері белгілі болды

    11.02.2026

    «Көктемге хат»: Қасымхан Бегмановпен сырлы кеш өтті

    11.02.2026

    І. Жансүгіров атындағы университетте «Цифрлық білім беру» семинары ұйымдастырылды

    11.02.2026

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.