Close Menu
    Оқылып жатыр

    Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

    10.03.2026

    Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

    10.03.2026

    Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

    10.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

      10.03.2026

      Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

      10.03.2026

      Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

      10.03.2026

      Ақ үйден Кремльге түскен маңызды қоңырау: Трамп пен Путин нені талқылады?

      10.03.2026

      Шұғыл! Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды

      09.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев Тараз қаласын аралады

    Сапарбаев Тараз қаласын аралады

    Өңір тынысы 02.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен, абаттандыру жұмыстары және жекелеген білім беру нысандарының жай-күйімен танысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Кеңестік кезеңде химия өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіп те жергілікті экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі болатын. Таразда аяқ киім, резеңке бұйымдарын шығару, жүн өңдеу зауыттары жұмыс істеген. Бүгінде бұл сала Әлима Садықованың «Асыл-Ай» тігін шеберханасы секілді шағын кәсіпорындардың арқасында біртіндеп жанданып келеді.

    Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аталмыш шеберханада  дайындалатын мектеп формасының сапасының жоғарылығы мен құнының тиімділігін оң бағалады. ШОБ-тің кез келген субъектісі сияқты кәсіпорын айналым қаражатын толықтыру және өндірістік ғимараттардың тапшылғын бастан кешуде. Сонымен қатар А. Садықова коронавирустық инфекцияға қарсы күреске өз үлесін қосуда. Ол екі мыңнан астам маска тігіп, аз қамтылған отбасыларға таратқан. Медициналық халаттар тігу ісі де ұлғайтылған.

    Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа аталған кәсіпорынның дамуына барынша қолдау көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

    Облыс орталығындағы Тұңғыш Президент саябағы, дәлірек айтқанда, ондағы жергілікті тоған және ойын алаңы абаттандыруды қажет етеді. Облыс әкімі қала әкімдігіне саябақта көгалдар, өрнектастар төсеу және жақын маңда орналасқан ғимаратта балалардың бос уақытын тиімді  ұйымдастыру үшін аула клубын ашу аясында жұмыстар жүргізуді тапсырды.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы Қонаев, Жансүгіров және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы саябақты аралау барысында да осындай талаптарға назар аудартты.  Жаяу жүргіншілер жолдары мен жайлы орындықтар орнату, жарықтандыру және көгалдандыру  мәселелерін уақыт созбай  шешу керектігін баса айтты.

    Аймақ басшысы ат басын бұрған  келесі нысан – «Зербұлақ» көлінің маңында орналасқан №20 мектеп болды. Мектепке дейінгі шағын орталықтың жабылуына байланысты «Дара» қоғамдық қоры осы оқу орнында дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық оңалту кабинеттерін ашу туралы ұсынысын жеткізді. Оған 150-ге жуық бала барады деп көзделуде.

    Аймақ басшысы оқу ғимаратын жөндеу және іргедегі аумақты абаттандыру бойынша бірқатар ескертулер жасап, мектеп басшылығын мұндай жұмыстарға көмек көрсету үшін түлектерді тартуға, ата-аналар комитетінің жұмысын күшейтуге шақырды. Бұл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қолдау болатынын жоққа шығармады, алайда ол үшін тек қажетті құжаттарды әзірлеу қажет.

    Айтқазы Қарабалаев Бердібек Сапарбаев кәсіпкер Тараз

    Оқылып жатыр

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026

    Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

    24.02.2026

    Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

    24.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

    10.03.2026

    Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

    10.03.2026

    Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

    10.03.2026

    Ақ үйден Кремльге түскен маңызды қоңырау: Трамп пен Путин нені талқылады?

    10.03.2026

    Шұғыл! Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды

    09.03.2026

    Иран жаңа көшбасшысын таныстырды: ол туралы маңызды мәліметтер

    09.03.2026

    Қазақстандық бойжеткен Вьетнамда жоғалып кетті

    09.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.