Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 18 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

      18.03.2026

      Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

      18.03.2026

      Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

      17.03.2026

      Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

      17.03.2026

      Референдум нәтижесі жария болды

      17.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Көзбояушылықпен айналыспай, нақты мәселелерді көрсету керек — Сапарбаев әкімдерге

    Көзбояушылықпен айналыспай, нақты мәселелерді көрсету керек — Сапарбаев әкімдерге

    Өңір тынысы 03.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер қашықтықтан білім беруге көшеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысы оқу орындарының жаңа бұл бағыттағы дайындық барысы талқыланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жуырда Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі жергілікті мектептердің біріне бас сұғып, бірқатар жайтқа қанықты. Ондағы тозығы жеткен парталар мен тақталарда балалардың әлі күнге сабақ оқып жатқанын ескерсек, жоғары  жылдамдықты интернет туралы айтудың өзі ұят.

    — Көзбояушылықпен айналысуды тоқтатыңыздар. Нақты  ахуалды көрсетіңіздер. Әйтпесе, біз жағдайды жақсарта алмаймыз. Бұл тек білім беруде ғана емес, өңіордегі барлық салаға қатысты, — деді аймақ басшысы кеңес барысында аудан әкімдерін жұмысын сынға алып.

    — Таразға жақын орналасқан аудандардағы мектеп осындай болса, онда шалғай аумақтар туралы не айтуға болады? Мемлекет басшысының қашықтықтан оқытуға көшу туралы тапсырмасын қалай іске асырамыз? – деді облыс әкімі.

    Б. Сапарбаевтың айтуынша, өңірдің білім сапасы жұмыстар сын көтермейді, ал қашықтықтан оқытуды енгізгеннен кейін ол тіпті төмен деңгейге құлдырап кету қаупі бар.

    Талдау көрсеткендей, көптеген аудан мектептерінде компьютерлер мен моноблок жетіспейді, ал 125 ауылдық елді мекен интернетпен қамтамасыз етілмеген. «Қазақтелеком» АҚ ұлттық байланыс операторының өкілі мұндай қысқа уақытта  бұл мәселені шешуге қатысты сауалға нақты жауап бере алмады.

    Айта кету керек, қашықтықтан оқыту кезінде мектептерді компьютерлендіру сияқты көрсеткіштер аса маңызға ие емес. Бұл жерде бастысы – балардың өз үйлерінде планшеттер мен ноутбуктермен қамтылуы. Бұл техникаларсыз оқытудың жаңа форматына көшу мүмкін емес.

    Аймақ басшысы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмилә Бекбатыроваға барлық мектептерді қашықтықтан оқытуға дайындық тұрғысынан тексеру, оқушылардың үй жағдайында білім алу мүмкіндіктерін анықтау туралы нақты тапсырмалар жүктеді.

    әкім Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.