Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 1 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

      30.04.2026

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев Таразда зират маңында салынып жатқан аллея құрылысын тоқтатты

    Сапарбаев Таразда зират маңында салынып жатқан аллея құрылысын тоқтатты

    Өңір тынысы 05.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сенбі күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралап, облыс орталығын абаттандыру жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Аймақ басшысы алдымен әл-Фараби және Төле би көшелерінің қиылысындағы аллея құрылысы басына барды.  Жоба авторларының айтуынша, мұнда ұлы ойшылға ескерткіш орнату және қала тұрғындарының тынығуына арналған аумақты абаттандыру шаралары жоспарланған.

    Алайда, Тараз қаласының бір топ тұрғындары тұрғындары бұл құрылысқа қарсылықтарын білдіруде. Олардың бірқатары Бердібек Сапарбаевқа саябақ құрылысын басқа орынға ауыстыру туралы өтініштерін жеткізіп жүгінген болатын. Тұрғындар  зираттың жанында орналасқан аумақта ескі жерлеу орындарының болуы мүмкін екендігін алға тартады.

    Аймақ басшысы қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа тұрғындардың белсенді өкілдерімен кездесіп, бұл мәселені жан-жақты саралауды, ортақ ымыралы шешімге келуді тапсырды. Ал, оған дейін мердігер компания барлық жұмыстарды тоқтата тұруы тиіс.

    Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев «Қазақ еліне мың алғыс» стеласының құрылыс жұмыстарымен танысты. Биіктігі 30 метр болатын сәулет құрылысы «Арбаттың» келесі кезеңінің бір бөлігі саналады. Жалпы ауданы 3,5 га болатын аумақта көпжылдық және сәндік ағаштар, көгал отырғызылып, жеті субұрқақ орнату, жарықтандыру, орындықтар және шағын сәулет нысандарының құрылыстары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

    – Тиісті жұмыстардың барлығы сапалы жүргізілуі тиіс. Қала әкімі құрылыс барысын үнемі бақылап отыру қажет. Біз Таразда қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, демалатын жасыл аймақ құруға айрықша күш жұмсауымыз керек, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы қала әкіміне бірқатар коммерциялық нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіру, маңындағы аумақтарды жайластыру мәселелері бойынша олардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

    Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Төтенше жағдайлар департаментінің базасында орналасқан облыстық жедел штабтың жұмысын тексерді. Мұнда 3 сәуірден бастап 16 мемлекеттік органның өкілдері жұмыс істеуде. Олар облыс тұрғындарына қолданыстағы шектеу шараларымен, бизнесті және мұқтаж азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларына байланысты түрлі мәселелер бойынша кеңес берумен айналысуда. Бірінші күні call-орталыққа 145 қоңырау келіп түскен десек, оның басым бөлігі төтенше жағдай кезінде жәрдемақы төлеу мәселелеріне қатысты болып отыр.

    Облыс әкімі штаб басшылығына азаматтардың өтініштерін жедел түрде қарастырып, барлығына жауап берілу керектегін ескертіп, нақты тапсырма жүктеді.

    Жамбыл облысы Тараз

    Оқылып жатыр

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.