Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында 1300 шақырымнан астам автожол жөндеуден өтеді

    Жамбыл облысында 1300 шақырымнан астам автожол жөндеуден өтеді

    Өңір тынысы 21/04/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жолдарды жөндеу және жылыту маусымының қорытындысына қатысты жайттар сараланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Аймақ басшысы экономиканы дамыту үшін жол желісінің маңыздылығын айрықша атап өтіп, ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол облыс орталығындағы және Алматыға баратын республикалық жолының нашар жағдайына назар аударды.

    — Жолдардың нашарлығымеғн қатар айналасы қоқысқа толы, — деп атап өтті облыс әкімі.

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша, 122 жоба жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Сондай-ақ, 84 жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы, 845 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асуы жоспарланған және 96 жоба Қордай ауданының көшелерін орташа жөндеуге бағытталған. 74 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталса, 22 нысанда өндірістік жұмыстар басталған.

    Бөлінген қаржы есебінен 1334,6 км жолға жөндеу жүргізу жоспарлануда. Атап айтар болсақ, 1310,5 км жол орташа жөндеуден өтеді десек, оның ішінде 180,5 км облыстық, 136,5 км аудандық маңызы бар автожолдар және 1017 км елді мекендердің көшелері. Сондай-ақ, 6,1 км жолды қайта жаңғырту және 18 км жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі көшелерді салу көзделген.

    Жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемі екі есеге артады. Өткен жылы 602 км жол автожол жөнделген.

    — Барлық аудан әкімдері өз аумағында орналасқан асфальтбетонды зауыттармен келісім-шарт жасасып, жөндеуді қажет ететін жолдар тізімін, қажетті материалдардың көлемін жасауы қажет. Жол активтерінің сапа орталығы, техникалық қадағалау органдары өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше орындап отырған жоқ.

    Сапасыз асфальттің салдарынан жолдардың жағдайы көңіл көңшітпейді. Сондай-ақ, көлік инспекциясы үлкен жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейтуі керек, — деп тапсырды облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев қоғамдық көліктерді газға көшіру жөніндегі жұмыстардың әлсіздігін алға тартып, ол Тараз қаласының экологиясына және оның тұрғындарының денсаулығына оң әсерін тигізетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, электрондық билеттендіруді енгізу шараларын жандандыру талап етті.

    Жеке автопарктердің иелері өз шығындарын бюджетке аударуға тырысады, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздестіру үшін олардың шығыстарын мұқият есептеу қажет.  Әлі күнге тұрғындар кіші және ескі автобустардың қолайсыздықтарын  сезініп келеді.

    «Қазавтожол» ұлттық компаниясы филиалының директоры Өмірзақ Ерембаевтың айтуынша, ағымдағы жылы Мерке-Бурылбайтал республикалық автожолының бір бағыты бойынша құрылысы аяқталмақ. Жол толығымен 2022 жылы  тапсырылуы тиіс.

    — Ұзындығы 266 шақырым жол салу үшін бес жыл деген өте  ұзақ мерзім. Бұл жолды 2021 жылы аяқтау керек. Ең бастысы –құрылыс барысында қаржыны уақытылы игеру, жоғары сапаға мән беру, жергілікті материалдарды пайдалану, жұмыс орындарын құру және жұмысшылардың жалақысын  кідіріссіз төлеп отыру, — деп түйіндеді облыс әкімі.

    Жиында облыс орталығындағы жолдар жайы да назарға алынып, Бердібек Сапарбаев бірінші кезекте Абай мен Қойгелді көшелерін ретке келтіруді тапсырды.

    Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, Абай көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін, Қойгелді көшесіндегі  жұмыстар 20 мамырға дейін аяқталмақ.

    Сондай-ақ, ол тараздықтарға ыстық су шілде айына дейін беріліп, одан кейін келесі жылыту маусымына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар басталатындығын жеткізді.

    Басқосуда 15 мың теңге мөлшерінде халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жеті санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтердің шығындарын төлеу тетіктері пысықталып жатқандығы айтылды.

    Бердібек Сапарбаев коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарызды 1,6 миллиард теңге көлемінде қысқарту бойынша қажетті шаралар қабылдау, «Таразэнергоцентр» және «Жамбыл жылу» жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар, қала және аудан әкімдері келесі жылыту маусымына дайындық  барысында өткен жылғы қателіктерді ескеру, бюджеттік ұйымдар жүктемесін төмендету, жылуды есептеу құралдарын орнатуды жандандыру қажеттігіне көңіл бөлінді.

    Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.