Close Menu
    Оқылып жатыр

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 4 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025

      Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

      03.11.2025

      Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

      03.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Президент облыс әкімімен телефон арқылы сөйлесті

    Президент облыс әкімімен телефон арқылы сөйлесті

    Өңір тынысы 17.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавируспен күрес, ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және өңірдегі карантиндік шараларды іске асыру.

    Сонымен қатар, Президенттің азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ШОБ-тің жұмыс режиміне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету, егіс жұмыстары мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер қозғалды.

    Облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының тіркелуіне байланысты 6 сәуірде Қордай ауданында, 7 сәуірде – Тараз қаласында және 9 сәуірде аймақтың барлық аумағында карантин режимі енгізілген болатын.

    17 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысына сәйкес карантиндік шаралар күшейтілді. Тараз қаласында және басқа да елді мекендерде қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар, мемлекеттік көмек алу кезінде халыққа қолайлы жағдай жасау үшін өзара уағдаластыққа қол жеткізіліп, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері жұмыс күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін өз қызметтерін жалғастыруда. «Қазпошта» АҚ бөлімшелері сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейді.

    Тәулік бойы жұмыс істейтін 38 блокпосттың көмегімен жеңіл автокөліктердің қозғалысын бақылау күшейтілді. «Сергек» электрондық базасына енгізілмеген автокөлік құралдарының қозғалуы үшін бұған дейін берілген рұқсат анықтамаларының бәрі жарамсыз деп табылады.

    Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен және Ұлттық ұланның сарбаздарынан тұратын жаяу патрульдер саны артты. Олар карантиндік режимді бұзушыларға қатаң шаралар қолданатын болады.

    Тұрғындар үшін жұмысқа бару, медициналық көмекке жүгіну, азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алу жағдайларын қоспағанда, тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынды.

    Дезинфекциялық жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. 200 мыңнан астам жамбылдықтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалған.

    Көктемгі дала жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Егіс алқабы үш пайызға яғни 710 мың гектарға дейін артты. 8,4 мыңнан астам шаруа қожалығы техникамен қамтамасыз етілген десек, арзандатылған бағамен 18,3 мың тонна дизельді отыны қарастырылған. Сондай-ақ, 71,5 мың тонна жоғары сапалы тұқым дайындалған. 15 сәуірдегі жағай бойынша егістік шаралары 273,7 мың гектарда атқарылған немесе жоспарланған көлемнің 64,7 пайызы орындалып отыр.

    Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы Қасым-Жомарт Тоқаев

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025

    «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

    18.10.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.