Close Menu
    Оқылып жатыр

    Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

    10.03.2026

    Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

    10.03.2026

    Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

    10.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 10 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

      10.03.2026

      Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

      10.03.2026

      Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

      10.03.2026

      Ақ үйден Кремльге түскен маңызды қоңырау: Трамп пен Путин нені талқылады?

      10.03.2026

      Шұғыл! Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды

      09.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Музей түні: Әр заманның ұлылары қазақтың болмысын талқылады

    Музей түні: Әр заманның ұлылары қазақтың болмысын талқылады

    Өңір тынысы 18.05.2020
    Фото: Сәкен Абжапаров
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі Халықаралық музей күніне орай онлайн форматта «Музей түні» акциясын өткізді, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі z-taraz.kz сайтына сілтеме жасап.

    «Ұлы тұлғалар – ұлт болмысы» айдарымен Әбу Насыр әл-Фараби – 1150 жыл, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл, Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған қойылым көрсетілді.

    Бұл дәстүрлі шара коронавирус індетіне байланысты «Facebook» әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/konetaraz парақшасында онлайн форматта жалғасын тапты. Өткен ғасырларға онлайн саяхаттау мақсатында ұйымдастырылған шараны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрлан Бықыбаев сөз сөйлеп ашты.

    – Тарихымызды болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізу – мәдениет саласы қызметкерлерінің міндеті. Мерекелік көркем-мәдени акциясының негізгі мақсаты – өнерді дәріптеп, халыққа жеткізу. Сонымен қатар көңіл көкжиегін кеңейтіп, төл мәдениетіміздің нәрінен сусындауға арналған көне жәдігерге толы орынды онлайн форматта тамашалауға шақырамын, – деді Нұрлан Дүйсенәліұлы.

    Фото: Юрий Ким

    Музей түні аясында 2000 жылдық тарихы бар Тараз қалашығынан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған құнды жәдігерлердің тарихымен кеңінен таныстыру мақсатында арнайы көрме жасақталған болатын. Осы орайда ең алдымен музейде «Тарихи жәдігерлер сыр шертеді» атты онлайн экскурсия жасалды.

    Қазба жұмыстары барысында табылған бірегей жәдігерлердің тарихымен музей қызметкерлері таныстырды. Көрмеде түркеш, қараханид дәуіріндегі тиындар мен қытай тиындары, түрлі әшекейлер, шырағдан, араб әріптерімен әдіптелген табақтар, дәнді дақылдарды сақтау үшін арнайы қыштан жасалған құмыралар, су құбырлары, торсық, өрнектелген кірпіштер көрсетілді. Сондай-ақ жұмыр тастардың сан алуан түрлері де ұсынылды. Мамандардың айтуынша, жұмыр тастар көне заманда иіссу сақтауға және сұйық дәрі құюға арналған құты есебінде пайдаланылған екен.

    Бағдарлама барысында зерттеу кезінде табылған қыш ыдыстарды тазалап, желімдеп және тағы басқа да көне жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары бойынша реставратор, музейдің кәсіби маманы, суретші Күмісбек Ауғанбаевтың арнайы шеберлік сағаты да ұсынылды. Ол өз шеберлік сағатында сынық қыш табақшаны сүртіп, желімдеп, қалпына келтірді.

    Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында жазбалары дайындалған бұрыш таныстырылды. Онда Абайдың сан жылдар тізбегінде жазылған өлеңдері мен қара сөздері жазылған екен.

    Одан кейін онлайн форматтағы іс-шара ұлтымыздың ұлы тұлғаларының мерейтойларына арналған театрландырылған көрініске ұласып, қорық-музейіне қарасты нысандар туралы дайындалған деректі фильмдер топтамасымен жалғасты. Сонымен қатар шара «Жібек жолының жауһарлары» атты деректі фильмдер айдарына ұласты.

    Құралай Сейсенбекқызы

    Абай Құнанбаев Әл-Фараби Бауыржан Момышұлы Тараз

    Оқылып жатыр

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026

    Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

    24.02.2026

    Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

    24.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

    10.03.2026

    Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

    10.03.2026

    Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

    10.03.2026

    Ақ үйден Кремльге түскен маңызды қоңырау: Трамп пен Путин нені талқылады?

    10.03.2026

    Шұғыл! Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды

    09.03.2026

    Иран жаңа көшбасшысын таныстырды: ол туралы маңызды мәліметтер

    09.03.2026

    Қазақстандық бойжеткен Вьетнамда жоғалып кетті

    09.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.