Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге Киевтегі Fabius мейрамханасында қастандық жасалды, — деп хабарлайды «Страна» порталы полицияға сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, бұл оқиға 30 қыркүйекте болған.
«Белгісіз ер адам мейрамхана залына баса-көктеп кіріп, Саакашвилиге жақындаған. Осы сәт видеоға түсіп қалған. Видео кадрларынан ер адамның экс-президентке сөйлеп жатқаны көрінеді. Артынан тағы екі адам келеді. Содан олардың жанына күзетші барып, Саакашвилиге қарай өтуге кедергі келтіреді. Содан белгісіз ер адам Саакашвилидің үстеліне тағы да барып, артынша залдан шығып кетеді», — деп жазады портал.