Мельбурн қаласындағы (Аустралия) Marvel Stadium аренасында жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл титулды жеңіліп көрмеген австралиялық кіші Джордж Камбосос пен америкалық Девин Хэйни сарапқа салды. Хейнидің WBC титулы мен Камбососқа тиесілі WBA, IBF және WBO белбеулері тігілген жекпе-жек аса қызық болмаған.
Жоспарланған 12 раундтан кейін төрешілер жеңісті бірауыздан Хэйниге берді. Есеп — 116-112, 116-112 және 118-110.
Камбосостың реванш өткізуге құқығы бар, екінші жекпе-жек болса, қайтадан Аустралияда өтуі керек екені айтылған.