Close Menu
    Оқылып жатыр

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 29 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026

      Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университеті алғашқы курс студенттерін салтанатты түрде қабылдады

    Абай университеті алғашқы курс студенттерін салтанатты түрде қабылдады

    Жаңалықтар 29.09.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2025 жылдың 26 қыркүйегінде Абай университетінде 1-курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Qosh keldin, Student» студенттік қабылдау кеші өз мәресіне жетті. Бұл кеш студенттер мен оқуға түскен талапкерлер үшін ерекше есте қаларлық сәт болды.

    Кеш сағат 16:00-де салтанатты түрде ашылып, дәстүрлі фанфардың даусымен және Абай университетінің жас өнерпаздарының «Abai enerjy» биімен жалғасты. Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Анапияұлының жалынды құттықтау сөзі студенттерге үлкен сенім мен шабыт сыйлады.

    – Ұлы Абайдың есімін иеленген қарашаңыраққа қош келдіңіздер! Сіздер үшін арман ақиқатқа айналды. Кешегі 8 мыңнан астам талапкер бүгін Абай университетінің шәкірті. Елімізде 127 жоғары оқу орны бар, бірақ сіздер еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны – Абай университетін таңдадыңыздар. Өйткені, Абай – дана қазаққа, Абай университеті – дара қазақта. Жүз жылға жуықтаған тарихы бар қасиетті қара шаңырақ бойларыңыздағы жігер мен талантқа жарық жол ашады деп үміттенем, – деген Б.Тілеп салтанатты түрде шараны ашты.

    Биылғы ҰБТ-дан 140 балл алып, Абай университетін таңдаған Санжар Қуандықұлы білім жолындағы жауапкершілікке байланысты барлық бірінші курс студенттерінің атынан ант берді.

    Кеш барысында университеттің талантты студенттері сахнада үздік өнерлерін көрсетті. Әлеуметтік желіде танымал, Абай жастарының жүрегіне жол тапқан «Абайымнан тапқаным» әнінен бастап, «Жас STAR» тобының заманауи поппурилері, филология факультетінің «Айдай» би тобының әсерлі «Abai World» биі, шетелдік студенттердің қазақ тіліндегі «Абайға арнау» әні және «Көшедегілер» жайдарман командасының әзілдері кештің сәнін кіргізді. Сонымен қатар, «A-BLUSE band» тобының жаңа музыкалық нөмірлері жастарды әуен мен ритмге бөледі.

    Қазақ эстрадасының жұлдыздарының сахнаға көтерілуі одан әрі салтанат көрігін қыздыра түсті. Құнды хедлайнерлер қатарында QANAY, Қуандық Рақым, Бағлан Әбдірайымов және Нұрболат Абдулин сынды танымал әншілер өнер көрсетті. Сонымен бірге, факультеттер арасында өткен «Үздік стиль» байқауы ерекше қызығушылық тудырып, жеңімпаздарға сауда орталықтары мен университеттің қолдауымен бағалы сыйлықтар табысталды.

    Студенттер мен қонақтар кеш соңында ұйымдастырылған би кешінде көңілдерін көтеріп, ерекше атмосферада әдемі уақыт өткізді. Пайдаланылған жарық эффектілері, аспандаған әуе шары мен салтанатты отшашу шараның ерекше көркемдігін арттырды.

    Шараға қатысқан студенттер «Абай университетінің студенті атану – үлкен мәртебе»деп мақтанышпен атап өтті. Олар бұл кештен алған әсерлерін бөлісе отырып, білім алудың, өнерге деген сүйіспеншіліктің және бірлік сезімінің қаншалықты маңызды екенін ерекше сезінгендерін жеткізді.

    – Мен Абай университетінің студенті екеніме шын жүрегіммен мақтанамын. Осындай ерекше кешке қатысып, өзімді білім ордасының бір мүшесі ретінде сезіндім. Бұл шара бізге жаңа достар табуға, шығармашылық қабілеттерімізді көрсетуге мүмкіндік берді, – дейді еліміздегі тұңғыш университеттің табалдырығын жаңа аттаған Айжан.

    Ұйымдастырушылар жас шәкірттерге алдағы уақытта да осындай рухты көтеретін, білім мен өнерді ұштастыратын кештердің жиі өтетінін жеткізді. Сөйтіп, қара шаңырақта жаңа тарихтың жаңа парағы ашылды.

    Абай университеті алғашқы қадам білім оқу орны студенттер

    Оқылып жатыр

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.