Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісуда мас күйінде көлік айдап жол апатын жасаған адам ұсталды

    12.08.2026

    15 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткен

    12.08.2026

    Анасына пышақ салған қанды қол шетелден жеткізілді

    12.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 12 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісуда мас күйінде көлік айдап жол апатын жасаған адам ұсталды

      12.08.2026

      15 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткен

      12.08.2026

      Анасына пышақ салған қанды қол шетелден жеткізілді

      12.08.2026

      Тоғызқұмалақтың халықаралық дамуы: Қазақстан делегациясы Қытайда

      12.08.2026

      Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

      11.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университетінде әйелдерге арналған EMBA бағдарламасы ашылды

    Абай университетінде әйелдерге арналған EMBA бағдарламасы ашылды

    Қоғам 12.03.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған бірегей бастаманы қолға алды. Университет қабырғасында 7M04120 «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы (EMBA)» білім беру бағдарламасы іске қосылмақ, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Білім беру бағдарламасы мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат, азаматтық қоғам институттары мен үкіметтік емес ұйымдар саласында қызмет етіп жүрген мамандарға арналған. Оны сәтті аяқтағандарға мемлекеттік басқару және қоғамдық саясат саласындағы магистрлік дәреже беріледі. EMBA (Executive Master of Business Administration) форматындағы бұл оқу курсы заманауи мемлекеттік менеджменттің барлық талаптарын ескере отырып әзірленген.

    «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасының мазмұны стратегиялық менеджмент, қоғамдық саясатты жобалау, гендерлік саясат, инклюзивті даму және цифрлық мемлекеттік басқару сияқты өзекті бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар, тыңдаушылар келіссөздер жүргізу мен медиация дағдыларын меңгеріп, нақты кейстер негізінде басқарушылық шешім қабылдауды үйренеді. Бұл білім беру моделі теориядан гөрі практикалық нәтижеге басымдық беріп, стратегиялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

    Ауқымды білім беру жобасы Аманат партиясының қолдауымен жүзеге асырылуы оның саяси және стратегиялық маңызын айқындай түседі. Партияның бұл бастамаға серіктес болуы – еліміздегі әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге араласу белсенділігін арттыру мен гендерлік саясатты ілгерілетуге бағытталған нақты қадамы.

    Қазіргі таңда әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер қарастырылып, іске қосылып жатыр. Жаңа бағдарлама білім мен көшбасшылықты ұштастырып, ел дамуына үлес қосатын жаңа буын қалыптастыруды көздейді

    Абай университеті блім магистратура оқу

    Оқылып жатыр

    700 жетім баланы асырап алған Тұяқ Есхожина өмірден озды

    04.08.2026

    22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдаған

    22.07.2026

    Қазақстан халқының банктер алдындағы қарызы 25 трлн теңгеден асты

    22.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісуда мас күйінде көлік айдап жол апатын жасаған адам ұсталды

    12.08.2026

    15 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткен

    12.08.2026

    Анасына пышақ салған қанды қол шетелден жеткізілді

    12.08.2026

    Тоғызқұмалақтың халықаралық дамуы: Қазақстан делегациясы Қытайда

    12.08.2026

    Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

    11.08.2026

    Головкин тағы бір халықаралық лауазымнан үмітті

    11.08.2026

    Жыл басынан бері ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 4,1% өскен

    11.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.