Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 21 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университеті Наурыз тойын тойлады

      20.03.2026

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026

      Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

      19.03.2026

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » “Алатау” дәстүрлі өнер театрында VIІІ маусымның ашылуы өтті

    “Алатау” дәстүрлі өнер театрында VIІІ маусымның ашылуы өтті

    Жаңалықтар 10.10.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    “Алатау” дәстүрлі өнер театрында 9 қазан күні «VIІІ театр маусымныңі» ашылуы болды.  Маусымашар «Алатау FM радиосы» музыкалық комедиясының премерасымен басталды. Қойылым режиисері: Еслям Нұртазин.

    Қойылым шағын радиостанцияның бүкіл қаланың дауысына айналғаны туралы оқиғаны баяндайды. Бір сәтте спутникте ақау пайда болып барлық ақпарат құралдары мен телефон байланысы істен шығып, бірақ жабылудың алдында тұрған «Алатау FM» радиосы ғана эфирден үзілмейді. Бұл эфир продюсері Айбек үшін таптырмас орай еді. Бірақ, Айбектің эфирге байланысты жоспарын көптеген оқыс оқиғалар іске аспауы үшін кедергі етеді. Ештеңеге қарамастан Айбек эфирді жалғастырып, барлық қиындықты жеңеді. Тіпті, өзінің сүйгенінен де айырылып қала жаздап, ақыр соңында радионың тыңдарман санын  10 миллионға жеткізіп, рекорд орнатады.  Спектакль арманға сену, өз ісіне адал болу және жақындарына деген көңіл бөлу мен құрметтеу туралы ізгі қарым-қатынасты насихаттайды.

    Барлық қиындықтарға қарамастан, спектакль кейіпкерлері көрермендерді өздерінің көңілділігімен шабыттандырады.

    “Алатау FM радиосы” қойылымы

    «Алатау FM радиосы» – бұл ең қиын жағдайдада өзіңе және армандарыңа сенудің арқасында тығырықтан шығудың жолын табуға болатындығы туралы қойылым.

    Өткен жетінші маусым Театр үшін өте жемісті болғанын атап өтуіміз керек. Жаңа бағыттар мен жанрларды игерген, батыл қадамдар жасалған маусым өзінің жемісін берді.  Фархат Молдағалидың режиссерлығымен қойылған «Мамлүк. Сұлтан Бейбарыс» саундрама қойылымы өзінің премьерасынан кейін де табысты қойылып жатқан туынды.

    ​Көрерменге жол тартқаннан бері әртүрлі пікірлер тудырып, қызу талқыға түскен қойылым театр саласының мамандарымен қоса жалпы тарихи оқиғалар мен аты әлемге мәшһүр тұлғалардың сахнадағы сомдалуы кімді де болса қызықтырары анық.

    Театр ұжымы

    Тағы бір тұсауы кесілген қойылым ол — QULAN. Аңызға негізделген феерея жанрындағы қойылым. Көпшілікке аян «Ақсақ құлан» — даналықтың, күштің және қайтпас рухтың символы іспеттес. Осындай халық аңызынан шабыт алған пластика мен сазды әуен қойылымда біртұтас ағымға тоғысып, оқиға көркемдік шешімдермен баяндалады. Халқымыздың түпкі тамырына айналған «Ақсақ құлан» аңызының үні ерекше жанрдағы қойылым көрерменге жол тартып, ерекше ықыласқа бөленген қойылым болды.

    VIІІ театр маусымында театр ұжымы үлкен жұмыстарды қолға алғалы отыр. Әсіресе ұлттық бағыттағы дәстүрлі өнерімізді жан-жақты көрсететін «Біржан сал», «Естай-Қорлан» мюзиклдары мен «Қорқыт» музыкалық драмасы. Қорқыт атаның философиялық ой толғамдары мен күйлерін, олардың шығу тарихына қатысты аңыздар негізінде музыкалық драма жанрындағы спектакль жасау жоспарымызда бар.

    Сонымен қоса халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен теңдесіз композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл мерейтойына орай арнайы қойылымдар жасалатын болады.

    Ардақ Беркімбай, Өнертанушы

    Алатау Алатау өнер театры Жаңа маусым қойылым Театр театр маусымы

    Оқылып жатыр

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.