Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Астанадағы экологиялық саммит: Жетісу университеті үздік жетістіктерін паш етті

    Астанадағы экологиялық саммит: Жетісу университеті үздік жетістіктерін паш етті

    Жаңалықтар 22/04/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Астанада Өңірлік экологиялық саммит өз жұмысын бастады. Халықаралық маңызды жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттық өзгерістерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент өз сөзінде экологиялық қауіпсіздік – елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт екенін атап өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеде еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары өз жетістіктерін таныстырды. Солардың қатарында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті де белсенді қатысып, жасыл технологиялар мен тұрақты даму бағытындағы жобаларын ұсынды. Көрмені аралаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жетісу университетінің жобаларына ерекше тоқталып, олардың ғылыми және практикалық маңызына жоғары баға берді.

    Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған көрмеде Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев білім ордасы ғалымдарының экологиялық бағытта әзірлеген ғылыми нәтижелері мен өнімдерін екі бағыт бойынша таныстырды.
    Бірінші бағыт – Жасыл экономика және қалдықсыз технологиялар бойынша – Green Zhetysu University.
    Бірінші жоба – in vitro көбейту және қалемшелеу арқылы Жетісу Алатауының Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, Іле жимолосы, Іле итмұрыны секілді сирек және эндемиялық түрлерінің генетикалық бірдей көшеттерін алу.

    Екінші жоба – қара сарбаз шыбынының дернәсілдері арқылы тамақ қалдықтарын толықтай қайта өңдеу технологиясы. Технология минималды ресурс шығындай отырып, отандық жоғары ақуызды өнімдер алуға (жас және кептірілген дернәсілдер, май, зоогумус) мүмкіндік береді.

    Үшіншісі – университет зертханасында өсімдіктерді селекциялауда геномдық іріктеу (Genomic Selection, GS) және жеделдетілген селекция (Speed Breeding, SB) сияқты заманауи биотехнологияларды қолдану. Елімізде бұл әдіс қазақстандық бидайдың генетикалық ақпаратын цифрландырудың алғашқы қадамы болып отыр.

    Екінші бағыт – Ақылды және экологиялық кампустар құру мақсатындағы «Университеттің Smart экожүйесі».

    Университетте «Smart Zhetysu» цифрлық платформасы әзірленіп, енгізілген, жоғары білім берудің бірыңғай платформасымен (ЕПВО) интеграцияланған. Платформа барлық бизнес-процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ инклюзивті ортаны қолдауға, берілген сценарийлер мен оқу материалдары аясында дауыстық сүйемелдеуге және оқытуға арналған AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді.

    Сондай-ақ көрмеде университетте іске асырылып жатқан стартап-жобалардың прототиптері таныстырылды. Атап айтқанда, электр көлігі: кішкентай питбайк, электровелосипед, флагмандық электробайк, жүк мотоциклі, мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасына арналған қондырма. Гранулалар мен пластикалық қалдықтардан жіп шығаруды үйде өндіруге және қайта өңдеуге арналған портативті, үстел үсті экструдер құрылғысы. Компьютерлік көру және түнгі көру камерасы арқылы аумақтарды бақылауға және қорғауға арналған «Safe-Guard» автономды ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон).
    Барлық технологиялар мен прототиптерге патент пен авторлық куәлік алынған.

    Көрмеге келушілер Жетісу университеті ұсынған өнімдерді аса қызығушылықпен тамашалады.
    Айта кету керек, Жетісу университеті халықаралық UI GreenMetric World University Rankings рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жоғары оқу орны әлем бойынша 721-орынды, ал Қазақстан жоғары оқу орындары арасында 7-орынды иеленіп, экологиялық тұрақтылық бағытындағы жүйелі жұмысының жемісін көрсетті.

    Бұл саммит өңірлік деңгейде тәжірибе алмасуға, экологиялық бастамаларды дамытуға және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретіні сөзсіз.

    Жетісу университеті саммит

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.