Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды

    05.03.2026

    Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

    05.03.2026

    Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

    05.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 5 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды

      05.03.2026

      Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

      05.03.2026

      Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

      05.03.2026

      ҰБТ тапсырудағы өзгеріс: министр жаңа нормаға қол қойды

      05.03.2026

      Ирандық дрон Әзербайжандағы әуежайға барып жарылды

      05.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Atyraý» газетінің 100 жылдығына мемориалдық тақта ашылды

    «Atyraý» газетінің 100 жылдығына мемориалдық тақта ашылды

    Ел іші 24.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Мемориалдық тақта 1989-2002 жылдары «Atyraý» газетінің редакциясы орналасқан бұрынғы ғимараттың күншығыс бетіне орнатылды.

    Осылайша алдағы ғасырлық той өз бастауын алып жатыр. Салтанатты шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ардагерлері және облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті редакциясының қызметкерлері қатысты.

    Салтанатты шарада «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, ардагер-журналист Ермек Биғали сөз сөйлеп, облыстың төл газеті туралы естеліктерімен бөлісті.

    «Ғасырлық белес ішінде редакцияда талай майталман қаламгерлердің үлкен толқыны шыңдалып шыққаны да біз үшін айрықша мақтаныш. Осы үрдіс алға қарай да жалғасын табарына, «Atyraý» газетінің ақпарат айдынында ақ желкенін асқақтата керетініне əркез бек сенімдіміз. Облыстық «Атырау» қоғамдық саяси газетінің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты құтты болсын! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге шабыт пен шығармашылық табыстар тілеймін», – деді Исатай Құндызбайұлы.

    Ескерткіш тақтаны ашу рәсімі «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев пен газеттің ардагері Ермек Биғалиге берілді. Атырау облысы баспасөзінің қарашаңырағы – «Аtyraý» газетінің тұңғыш нөмірі 1923 жылдың 1 сәуір күні «Ерік» деген атаумен жарық көрген еді. Қазақстанның батыс өлкесінде алғашқы ұлттық басылымның бірі ретінде бұқараның көзін ашып, көкірегіне сәуле түсіруге жұмыстанған қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған еркін мінбер бола білді.

    Газет – қашан да өз дəуірінің үні. Кеңес үкіметі кезінде газеттің атауы бірнеше рет өзгерді. 1924 жылы «Жұмыскер тілі», 1932 жылы «Жем жұмысшылары», «Ленин жолы», 1933 жылы қыркүйекте «Социалды құрылысқа», сол жылдың қарашасында «Социалды құрылыс», 1938 жылдан «Социалистік құрылыс», ал, 1963 жылдың мамырынан 1990 жылдың тамызына дейін «Коммунистік еңбек» атауымен жарық көрді. Ал, 1990 жылдан бәрі «Атырау» атауымен шығып келеді.

    Алмас ҚАБДОЛОВ

    Оқылып жатыр

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026

    Жаңа конституциядағы басым бағыт — азаматтардың денсаулығына қамқорлықты күшейту

    02.03.2026

    Боксер әкім: Шымкентте әкім қарамағындағы қызметкерлерге жұдырық жұмсаған

    02.03.2026

    Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

    27.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды

    05.03.2026

    Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

    05.03.2026

    Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

    05.03.2026

    ҰБТ тапсырудағы өзгеріс: министр жаңа нормаға қол қойды

    05.03.2026

    Ирандық дрон Әзербайжандағы әуежайға барып жарылды

    05.03.2026

    Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайы заң орындарына шағым түсірді

    05.03.2026

    Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр?

    05.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.