30 мамырда Ауғанстан астансы Кабул көшелерінің бірінде жарылғыш зат жарылды. Осы оқиғаның видеосы Twitter желісінде жарияланды.
Ислам мемлекеті террористік ұйымы маршал Фахим атындағы әскери академияға кіретін жерде болған жарылысты өз мойнына алды. Reuters мәліметінше, кемінде алты адам қаза тапқан және тағы алты адам зардап шеккен.
Видео жарияланғанға дейін Кабулда екі күнде екі рет шабуыл жасалды. 31 мамырда жарылғыш заттар салынған автокөлік америкалық конвой маңында жарылды. Кемінде төрт АҚШ әскери қызметкері зардап шекті.