Автор: admin

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында жарты жылдың қорытындысы бойынша 6829 атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев «Әкім сағаты» хабарында айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Мемлекет басшысының биыл 27 ақпандағы тапсырмасына сәйкес Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тетігі 1 сәуірден бастап жаңа форматта жүзеге асырылуда. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде келесі өзгерістер енгізілді: күнкөріс деңгейі 50 пайыздан 70 пайызға дейін өсті, отбасының жиынтық табысын есептеу барысында көпбалалы отбасылар, баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы және оқушылар шәкіртақысы есептелмейді. 2019 жылдың 5 сәуірінде Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңға тиісті өзгерістерге қол қойылып, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға 20789 теңгеден,…

Read More

Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы Жамбыл облысының 80 жылдығына орай пайдалануға берілетін «Шахристан» тарихи кешені бой көтеріп жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың идеясымен «Шахристан» сауда орнын тиімді пайдалану жоспары өткен жылдың маусым айында қолға алынды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында салынып жатқан кешенде өлкетану мұражайы, көрме павильоны, «Руханият» орталығы, көркемдік бейнелеу өнерінің галереясы, қолөнер шеберлерінің галереясы,«Ретро-фестиваль» амфитеатры бой көтереді. Бүгінгі күні кешеннің құрылысын «Өмірзақ» ЖШС және «КДСМ» ЖШС екі ауысымда қарқынды жүргізуде. Осы нысандармен қатар, этно-тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстарын іске асыру ағымдағы жылы жоспарланған. Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, осы жылы…

Read More

6 августа 2019 года сотрудники батальона патрульной полиции Местной полицейской службы Управления полиции города Тараз выявили несколько нарушений со стороны мотоциклистов, которые устроили сбор на пересечении объездной дороги города Тараз и улицы Толе би, — передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. Водителей мотоциклов марки «HONDA», «SUZUKI» и «PEDA»  привлекли к ответственности за нарушение правил эксплуатации транспортных средств. В отношении них составлены административные протокола по ст. 590 ч.1 КоАП РК (управление зарегистрированным транспортным средством с нечитаемыми или несоответствующими требованиям национального стандарта или установленными вне предусмотренных мест государственными регистрационными номерными знаками). Остальные водители мотоциклов предупреждены о соблюдении Правил дорожного движения и недопущении гонок…

Read More

Ақтөбе және Көкшетау қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында Тараз жеріне келді. Апталық өлкетану-экспедициясы кезінде оқушылар аймақтың табиғи-климаттық, тарихи-мәдени, ғылыми-оқыту және индустриялды ерекшеліктерімен танысып, зерттеу жүргізді. – Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласына келіп рухани жаңғырдық десек болады. Жоба жұмысымды да дәл солай атадым. Қаланың тарихымен, нысандарымен танысып, білім көкжиегімді кеңейттім, рухани, мәдени азық алдым. Тараздың әлі де ашылмаған сыры көп, – дейді Ақтөбелік Зияткерлік мектеп оқушысы Ислам Сейтжанов. Экспедицияның алғашқы күнінен-ақ жас туристерді тарихи Тараз жайлы қызықты деректер мен нысандар күтіп тұрды. Жамбыл облыстық мұрағаты, тарихи-өлкетану музейі мен республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш…

Read More

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясында қалалық жобалық офис пен қалалық ішкі саясат бөлімі бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы Tarazy.kz тілшісіне Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова айтып берді. Бағдарламалық мақаланы облыс орталығында жүзеге асыру мақсатында 2019  жылғы іс-шаралар жоспарына арнайы бағыттары мен жобалар аясында 86 іс-шара енгізілді. Қазіргі таңда оның 37 іс-шарасы өткізіліп, онда 14842 адам қамтылды. Сондай-ақ, бағдарламалық мақала аясында жалпы 286 іс-шара өткізіліп, оған 57 214 адам қамтылды. Олардың қатарында «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік кездесу, «TARAZ FILM SCHOOL» кино мектебінің түлектеріне сертификат табыстау…

Read More

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте 2019 жылдың бірінші алты айында бюджеттің қалай меңгеріліп жатқаны туралы айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бюджет орындалуына тоқталатын болсақ, 2019 жылы 1-ші жартыжылдығы жалпы қала бюджеті трансферттерімен қоса 34,1 миллиард 117,3 теңгені құрап, 99,8 пайызға игерілді. Мемлекеттік бюджетке 21 миллиард 967,7 теңгеге салықтар мен басқада міндетті төлемдер түсіп, жоспар 115 пайызға орындалды. Оның ішінде: республикалық бюджет 105,2 пайызға; облыстық бюджет 106,4 пайызға; қалалық бюджет 133,1 пайызға орындалды. 2019 жылға түзетілген қала бюджеті 71,7 миллиард теңге көлемінде бекітілді, ал 2018 жылмен салыстырғанда 32,5 пайызға жоғары. Оның ішінде қала бюджетінің өзіндік кірістері…

Read More

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларына кеңінен тоқталуы, оның қаншалықты маңызды екенін айқындай түсетіндей. Жалпы Жолдаудан туындаған міндеттер мен бағдарламаларды басшылыққа ала отырып әкімдіктің негізгі жұмыс жоспары жасалды. Соның бірі – қаланың бас жоспарын жасау. Бұл бағыттағы жұмыстардың қолға алынғанына да біраз жылдың жүзі болды. Қаланың бас жоспарына сәйкес шаһарымыз күн санап көркейіп, сәулеттік келбеті жаңа түрге еніп келеді. Бүгінгі таңда қаланың тазалығымен ғана шектелмей, көріктендіру мен абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Шаһардағы саябақтар, скверлер және аллеялар қайта жаңғыртудан өткізілуде. Сонымен қатар биыл бірқатар жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысын, атап…

Read More

Жамбылдықтар  жалпы республикалық сипат алған #Birge #TazaQazaqstan  экологиялық акциясынан шет қалмады, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Бір жұма бұрын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасынан бастау алған акцияның негізгі мақсаты су айдындарын күл қоқыстан тазарту болып табылады. Аталмыш акция жарияланған алғашқы күні ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері мен елорда тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасының аумағын тазартқан болатын. Міне, бүгін жамбылдықтар да экосенбіліктен қалыс қалмай өңірдегі барлық жаға-жайларда тазалық жұмыстарына кірісті. Сенбілік облыс орталығы Тараз қаласының аумағындағы «Қарасу – 1», «Қарасу — 2», «Түйте», «Төрегелді», «Базарбай», «Үшбұлақ», «Сеңкібай», «Оңтүстік құрғату дренажды» каналдары, «Тайвань» дренажды каналардың…

Read More

Тараз қаласының әкімдігі жергілікті тұрғындарды «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырады, — деп хабарлайды Tarazy.kz. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілген. «Аталған бағдарлама аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта көлемі 80м2, 116м2, 125м2 құрайтын 255 жеке тұрғын үйдің құрылысын «Ремстрой-СС» ЖШС, «Компания Сырым Блеке» ЖШС, «KCC Construction» ЖШС, «Damdes құрылыс invest» ЖШС жүргізуде. Осыған байланысты, 2005 және 2006 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер теліміне арнайы кезекте тұрған азаматтарды «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырамыз», — делінген хабарламада. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру бойынша арнайы құрылған штаб Тараз қаласы, Жүнісалиев көшесіндегі №1…

Read More

Таразда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебі өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Ашылу барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының директоры Ольга Шиян, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев құттықтау сөзін айтып, жазғы мектеп қатысушыларына шараның маңыздылығы туралы айтып өтті. Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту болып табылады.…

Read More