Автор: admin

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде танымал 850-ге жуық блогерден 500 млн теңгеге жуық салық өндірді. Камералық бақылаудың нәтижесінде аталған азаматтар тапқан табысы үшін салықтан жалтарғаны анықталып, тиісті шара қолданылған, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл жайында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шыңберген «24KZ» арнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді. «Мысалы, 2022-2023 жылдар үшін былтыр камералық бақылау жүргізілді. Жалпы 80 мыңға жуық азаматтар камералық бақылауға түсті, оның ішінде әрине блогерлерболды. Олардың саны 850-ге жуық. Осы 850-ге жуық азаматтан 500 млн теңгеге жуық салық өндірілді», — деді Ерқанат Шыңберген. Егер камералық бақылау туралы хабарлама орындалмайтын болса, салықтық тексеруге басталыд. «Тексеру нәтижесінде біз бұл салықты тіпті жеке шотына енгізіп, төлетуге мүмкіндігіміз бар. Осындай мәжбүрлеу шаралары бар. Одан басқа, ӘҚБК-ке сай шаралар бар. Бірінші…

Read More

«Ордабасы» клубы кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің иелігіне ресми түрде өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Шымкент әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Integra Construction KZ ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және қаланың елдегі футбол орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Өз кезегінде Шахмұрат Мүтәліп компания клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастыратынын айтты. «Ордабасы» – тарихы…

Read More

Ақпараттық кеңістікте Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның денсаулығына қатысты түрлі болжамдар тарай бастады. Кей дереккөздер мемлекет басшысының жағдайы нашарлауы мүмкін екенін алға тартып отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Қауесетке не түрткі болды? Мұндай әңгімелерге президенттің соңғы уақытта көпшілік алдында көрінбеуі және жаңа ресми фотосуреттердің жарияланбауы себеп болған. Қолда бар мәліметке сәйкес, соңғы ресми суреттер 2026 жылдың қаңтар айының соңында түсірілген. Бейресми нұсқалар мен расталмаған ақпарат Бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар президенттің ем қабылдау үшін шетелге, нақтырақ айтқанда Еуропалық одақ елдерінің біріне кеткенін жазды. Жарияланымдарда микроинсульт немесе микроинфаркт болуы мүмкін деген жорамалдар да айтылған. Дегенмен бұл ақпараттардың ешқайсысы ресми түрде расталған жоқ. Биліктің үнсіздігі және бейнеүндеу…

Read More

Қазақстанның әлемге танылған әншісі, Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтынын мәлімдеді. Өнер иесінің бұл қадамы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жанкүйерлердің зор қолдауына ие болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Айта кетейік, жуырда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған Михаил Шайдоров тарихи жетістікке жетіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді. Оның мұз айдынындағы өнері тек спорт жанкүйерлерін ғана емес, өнер әлемін де тәнті етті. Әсіресе, еркін бағдарлама кезінде Шайдоровтың Димаштың репертуарындағы әнді таңдауы көпшілікті толқытты. Осы сәтке байланысты әнші спортшыға жүрекжарды лебізін білдірді. “Досым, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз Денис Теннің орнын жоқтатпаймын. Мұз үстіндегі өнерің көпке үміт пен…

Read More

Талдықорған қаласында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Бас директорының кубогына арналған үстел теннисінен жыл сайынғы турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дәстүрлі жарыс мекеме қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған. Турнирге еліміздің әр өңірінен филиал өкілдері қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар кәсіби шеберлігімен қатар, спортқа деген шынайы қызығушылығын байқатты. Әсіресе, Алматы қалалық филиалының ойыншылары ерекше көзге түсті. Олар жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың арқасында жарыс барысында бірнеше ойынды қатарынан жеңіспен аяқтап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жұптық сайыста Алматы құрамасы сенімді ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады. Бірнеше кездесуде қатарынан жеңіске жетуі — командалық үйлесімділік пен өзара түсіністіктің…

Read More

202 мектеп-гимназиясында ғылыми-жаратылыстану пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында «STEAM: ойла, жаса, өзгерт» тақырыбында командалық сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағыттау. Сайыс барысында қатысушылар ғылым, технология, инженерия, өнер және математика бағыттарын кіріктіре отырып, өз жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Командалар заманауи талаптарға сай тың идеялар ұсынып, жобаларының практикалық маңыздылығын дәлелдей білді. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен ғылыми ізденісі жоғары деңгейде бағаланды. Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша:  І орын – 10 «Б» сыныбы,  ІІ орын – 10 «В» сыныбы,  ІІІ орын –…

Read More

«Что было дальше» шоуы Қазақстанға көшіп келуі мүмкін. Бұған бірнеше себеп бар: Нурлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынуы, ЧБД тауарлық белгісін тіркеуден бас тарту және жекелеген қонақтар үшін локацияның қолайлылығы, деп хабарлайды Tarazy.kz ЧБД командасы релокация туралы 2023 жылы-ақ ойлана бастаған. Сол кезде Қазақстанда пилоттық түсірілім де жасаған — рэпер Скриптонит пен стример Зубарев қатысқан шығарылым түсірілді. Ал Сабуровтың депортациясы соңғы шешуші аргументке айналды. Жоспар бойынша, команда Қазақстанға тұрақты түрде көшіп, студия жинақтауды, қонақтар пулын қалыптастыруды көздеп отыр. Бұл тізімге Ресейде түсірілімге келуі мүмкін емес адамдар да енеді. Сонымен қатар ЧБД тауарлық белгісін ресми түрде тіркеу жоспарда бар. Бұл тауарлық белгіні Ресейде…

Read More

Алматы қаласында ер адам ауыр соққыдан кейін қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қайғылы оқиға туралы марқұмның ұлы Threads әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, әкесіне үш жас жігіт шабуыл жасаған. Олар ер адамды жерге құлатып, басынан бірнеше рет аяқпен тепкен. Тіпті жәбірленуші есінен танып жатқан сәтте де соққыны тоқтатпаған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ер адам кейін көз жұмған. Марқұмның ұлы жазбасында болған жағдайды эмоциялық түрде сипаттады. «Үш күн бойы ұйықтай алмадым. Көз алдымнан әкемді күтпеген жерден ұрып құлатып, адам емес, қоқыс сияқты еденде сүйреген сәттер кетпейді. Жарты сағат бұрын оның…

Read More

Әлеуметтік желілерде «әскерден қалдыру» немесе «ақ билет» алып беру қызметін ұсынатын жарнамалар тарауда. Осыған байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім тек заңнамаға сәйкес шақыру комиссиясы арқылы қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ведомствоның түсіндіруінше, әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноз рәсімдеу немесе әскери қызметтен жалтарудың өзге де тәсілдерін ұсыну – қылмыстық құқықбұзушылық. Мұндай әрекеттер делдалдарға да, шақырылушылардың өздеріне де қылмыстық жауапкершілік жүктейді. Министрлік азаматтарды күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырды. Әсіресе өзін «әскери комиссариаттың көмекшісі» ретінде таныстырып, мәселені шешіп беруге кепілдік беретін адамдардың…

Read More

Ресей-Украина соғысы басталғалы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қорына қарайтын ресейлік Азиатско-Тихоокеанский банк (АТБ) қаржылық көрсеткіштерін күрт арттырған, деп хабарлайды Tarazy.kz Банк 2021 жылы 1,5 млрд рубль болған таза пайдасын өткен жылы 16 млрд рубльге дейін жеткізген. Бұл шамамен 102 млрд теңгеге тең. Осы көрсеткішпен АТБ Қазақстандағы ең ірі он банктің қатарына енуі мүмкін еді, деп жазады «Выход к морю» телеграм арнасы. Ресей Орталық банкінің сайтында жарияланған есепке сәйкес, өткен жылы Назарбаевқа тиесілі банк пайдасын 50 пайызға арттырған. Ал Ресейдің жалпы банк секторы керісінше, шамамен 8 пайызға төмендеген. Соңғы бес жылда АТБ активтері де айтарлықтай ұлғайған: 134,5 млрд рубльден 338 млрд рубльге…

Read More