Автор: admin

Абай университетінде жаңа Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің ресми ашылу салтанаты өтті. Заманауи технологиялардың заманы дәуірлеген уақытта құрылған факультет жаңа буын педагогтарын даярлауды мақсат етеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты қасиетті қара шаңырақта түрлі игі бастамалар қолға алынды.Негізгі идея – жаңа заман талабы қойып отырған тәуекелдерге дайын бола отырып, заманауи әрі инновациялық тұрғыдан ойлайтын жаңа буын педагогтарын қалыптастыру. Осы мақсатта бүгінжаңадан ашылған Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің тұсауы салтанатты түрде кесіліп, студенттерге есігінайқара ашты. Жиынды ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп жаңа…

Read More

Қарағандыда жекеменшік мектептердегі хиджаб мәселесіне қатысты жазба жариялаған мұғалім Жарқын Әдікәрімов жұмысынан кетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның әлеуметтік желідегі пікірі қоғамда қызу талқыланған еді. Жарқын Әдікәрімов Оқу-ағарту министрлігінің жекеменшік мектептерде хиджаб киюге қатысты мәлімдемесінен кейін Threads желісінде жазба жариялап, Қазақстанға «ауыр жаза» қажет екенін жеткізген. «Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә, Алла, күйретші! Әмин», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. Мұғалімнің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Кейін педагог жазбаны эмоцияға беріліп жариялағанын айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. Сондай-ақ еліне жамандық тілемейтінін жеткізді. Қарағанды облысының білім басқармасы мұғалімнің…

Read More

Құрылтай депутаттарының жалақысы 1 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева жаңа Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша екенін айтты. Құрылтайдағы брифинг барысында журналистер депутаттардың жалақысы туралы сұрады. Дания Еспаеваның айтуынша, депутаттардың жалақысы еңбек өтіліне байланысты. Қазір депутаттар айына 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жалақы алады. «Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін. Депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 миллион теңгеге жетеді», — деді Дания Еспаева.

Read More

Құрылтай депутаттарының БАҚ-қа және өз сөздерінде тек тексерілген әрі шынайы ақпарат беруі міндетті, талапты бұзған депутатқа депутаттық этика аясында жаза қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева Құрылтайдағы брифингте депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәліметтеріне де талап қойылатынын айтты. «Депутат өз сөзінде, бұқаралық ақпарат құралдарына берген жауабында міндетті түрде тексерілген, шынайы ақпарат ұсынуы керек. Бір нәрсе орындалмай жатқанын айтып немесе қандай да бір деректі келтіріп, оның шынайы болмауы да депутаттық әдепті бұзу болып саналады», – деді Еспаева. Оның айтуынша, мұндай және өзге де тәртіп бұзушылықтарды депутаттық әдеп жөніндегі кеңес қарайды. Кеңес депутатқа қатысты тиісті шара қолдану туралы…

Read More

Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Kurs.kz дерегіне сәйкес, 10 қыркүйекте Алматыда АҚШ валютасын сатып алудың орташа бағасы 449,84 теңгені, сату бағасы 452,24 теңгені құрады. Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 448,03 теңгеден сатып алып, 455,04 теңгеден сатып жатыр. Ал Шымкентте америкалық валютаны сатып алу бағамы 450,43 теңге болса, сату бағамы 452,69 теңге деңгейінде қалыптасты. Қазақстан Ұлттық банкі 10 қыркүйекке доллардың ресми бағамын 456,89 теңге деп белгіледі.

Read More

Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасып, дәнді дақылдардың 61,6%-ы жиналды, деп хабарлайды Tarazy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 9 қыркүйектегі жағдай бойынша шаруалар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдарды жинап алған. Бұл жалпы егіс көлемінің 61,6%-ын құрайды. Орташа өнімділік гектарына 14,1 центнер болып, 13,5 млн тонна астық бастырылды. Биылғы егін жинау қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары. Сонымен қатар жиналған астықтың сапасы да бір деңгейде сақталып отыр. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 2,83 млн тонна астық жеткізілген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 552,7 мың тонна болған. Осылайша, қабылданған астық көлемі бір жылда бес еседен астам артқан. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жиналған…

Read More

Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған DoubleTree by Hilton қонақүй кешені сатылымға шығарылды. Нысанның бастапқы бағасы — 12,7 миллиард теңге, деп хабарлайды Tarazy.kz Электрон сауда сайтында Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүй кешенін сату туралы жаңа лот пайда болды. Нысанды Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сатылымға шығарған. Лот сипаттамасында қонақүй кешенінің жалпы ауданы 16 196,4 шаршы метр екені және Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқаны көрсетілген. Нысанның бастапқы бағасы — 12 759 410 000 теңге. Аукцион бағаны көтеру әдісімен өтеді. Сауда-саттық 25 қыркүйекте басталады. Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлымен байланысты болған Hilton қонақүйі төңірегіндегі дау қайта ушыққаны хабарланды.

Read More

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан май мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірледі, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке фастфудтың агрессивті жарнамасы мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Азық-түлік өнімдерінің жарнамасы балалар мен жасөспірімдерге айтарлықтай әсер етеді. Олар жарқын қаптамаға, әлеуметтік желілердегі блогерлердің жарнамасына және басқа да маркетинг құралдарына бейім келеді. «Министрлік құрамында тұз, қант, қаныққан және трансмай мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын теле, радиоарналарда, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнама құралдарында шектеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі», — деді Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр…

Read More

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) қазақстандық «Тур Инвест» компаниясын санкция тізіміне енгізді. Компания Иранның Mahan Air әуе компаниясымен байланысы үшін АҚШ-тың екінші деңгейлі санкциясына ұшырау қаупінде тұр, деп хабарлайды Tarazy.kz OFAC мәліметінше, Алматыда тіркелген «Тур Инвест» Иранның Mahan Air әуе компаниясының жергілікті сату агенті ретінде жұмыс істейді. Mahan Air Алматыға да рейстер орындайды. Алайда Secondary sanctions risk деген белгі компанияға қазірдің өзінде санкция салынды дегенді білдірмейді. Санкция енгізілген болса, OFAC құжатында Subject to Secondary Sanctions деген белгі көрсетілер еді. Сондықтан әзірге АҚШ тарапы «Тур Инвестке» қандай шара қолдануы мүмкін екені белгісіз. Айта кетейік, «Тур Инвест» ЖШС 2014…

Read More

БАӘ банкі Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру көлемін 7,5 трлн теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Әл Марзуки Премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуде банк Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру көлемін алдағы бір жарым жыл ішінде 7,5 трлн теңгеге дейін жеткізуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта қаржы институты қазақстандық жобаларды қаржыландыруға 2,5 трлн теңге бағыттап отыр. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш үш есеге ұлғаяды. Соңғы 15 жылда ADCB Kazakhstan елдегі 100-ден астам бизнес-бастамаға қаржылық қолдау көрсеткен. Оның шамамен 90 пайызы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Банктің басым бағыттарының қатарында энергетика, көлік және логистика, мұнай-химия өнеркәсібі,…

Read More