Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақтаулық кәсіпкер тегін балмұздақ таратам деп басы дауға қалды

    05.08.2026

    Тоқаевтың айтқары жинақталып кітап болып шықты

    05.08.2026

    Рақымшылық шарасы 620 адамды бостандыққа жіберді

    05.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 5 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақтаулық кәсіпкер тегін балмұздақ таратам деп басы дауға қалды

      05.08.2026

      Тоқаевтың айтқары жинақталып кітап болып шықты

      05.08.2026

      Рақымшылық шарасы 620 адамды бостандыққа жіберді

      05.08.2026

      Қазақстан қамбаларына 1,6 миллион тонна астық жиналды

      04.08.2026

      Қазақстанда банктердің пайдасы күрт төмендеген

      04.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Бартер мен сыйлық та табыс саналады»: 850-ге жуық блогерден 500 млн теңге салық өндірілген

    «Бартер мен сыйлық та табыс саналады»: 850-ге жуық блогерден 500 млн теңге салық өндірілген

    Жаңалықтар 16.02.2026
    ЖИ
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде танымал 850-ге жуық блогерден 500 млн теңгеге жуық салық өндірді. Камералық бақылаудың нәтижесінде аталған азаматтар тапқан табысы үшін салықтан жалтарғаны анықталып, тиісті шара қолданылған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бұл жайында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шыңберген «24KZ« арнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.

    «Мысалы, 2022-2023 жылдар үшін былтыр камералық бақылау жүргізілді. Жалпы 80 мыңға жуық азаматтар камералық бақылауға түсті, оның ішінде әрине блогерлерболды. Олардың саны 850-ге жуық. Осы 850-ге жуық азаматтан 500 млн теңгеге жуық салық өндірілді«, — деді Ерқанат Шыңберген.

    Егер камералық бақылау туралы хабарлама орындалмайтын болса, салықтық тексеруге басталыд.

    «Тексеру нәтижесінде біз бұл салықты тіпті жеке шотына енгізіп, төлетуге мүмкіндігіміз бар. Осындай мәжбүрлеу шаралары бар. Одан басқа, ӘҚБК-ке сай шаралар бар. Бірінші бұзушылық үшін ескерту беріледі», — деп түсіндірді спикер.

    Блогерлердің бартер жасасу, сыйлық алуы табысқа жата ма?

    «Табыс тек ақшалай қаражат ретінде саналмайды. Белгілі бір мүлік болсын, сыйлық болсын әрдайым табысқа жатады. Одан тиісінше салық төленуі қажет. Көбіне жарнама фактлеріне назар аударамыз. Себебі, бізде блогерлер көбіне жарнама арқылы табыс табады. Жалпы желілерде табыс табу мақсатында жарияланым болса бұларды, міндетті түрде кәсіпкерлік қызмет деп есептейміз«, — деп жауап берді Ерқанат Шыңберген.

    Түрлі мемлекеттік органдардан, банктерден алынған ақпараттарталданып, декларациялармен салыстырылады. Егер деректер декларацияда көрсетілген ақпаратпен сәйкес келмесе, яғни, салық төлемеу немесе кірістерді азайтып көрсету секілді мәселелер байқалса камералық бақылау нәтижесі бойынша азаматқа хабарлама жолданады.

    Хабарламаны орындаудың екі тәсілі бар. Біріншісі, декларацияда сомаларды көрсетіп, тиісінше салық төлеу. Екінші тәсілі, егер салық төлеуші көрсетілген бұзушылықтармен келіспесе, түсіндірме арқылы дәлелдеу мүмкіндігі бар. Ол үшін 30 күн беріледі.

    блогер қаржы салық

    Оқылып жатыр

    Ақтаулық кәсіпкер тегін балмұздақ таратам деп басы дауға қалды

    05.08.2026

    Тоқаевтың айтқары жинақталып кітап болып шықты

    05.08.2026

    Рақымшылық шарасы 620 адамды бостандыққа жіберді

    05.08.2026

    Қазақстан қамбаларына 1,6 миллион тонна астық жиналды

    04.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақтаулық кәсіпкер тегін балмұздақ таратам деп басы дауға қалды

    05.08.2026

    Тоқаевтың айтқары жинақталып кітап болып шықты

    05.08.2026

    Рақымшылық шарасы 620 адамды бостандыққа жіберді

    05.08.2026

    Қазақстан әл-ауқат пен өркендеу көрсеткіші бойынша 66-орында

    05.08.2026

    Қазақстан қамбаларына 1,6 миллион тонна астық жиналды

    04.08.2026

    Қазақстанда банктердің пайдасы күрт төмендеген

    04.08.2026

    700 жетім баланы асырап алған Тұяқ Есхожина өмірден озды

    04.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.