Автор: admin
Алматыда әлеуметтік желіде тараған даулы мәлімдемеден кейін діни тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Полиция мәліметінше, Ахмет Құрбанали сұхбат барысында «әйелін шәкіртіне беру» туралы айтқан, бұл қоғамда резонанс тудырған. Құқық қорғау органдары оның сөздері заңнамаға қайшы және қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Нәтижесінде ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша айыппұлға тартылды. Сонымен қатар оның ресми діни қызметкер емес екені анықталған. Сондай-ақ сұхбат алған тұлға да жауапкершілікке тартылды. Полиция заңсыз контент үшін оны жасаушылар ғана емес, таратушылар да жауап беретінін еске салды.
Алматы облысында жолшылар Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен тойлады. «Жол активтері Ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған мерекелік іс-шараға Алматы қалалық, Жетісу, Жамбыл облыстық филиалдары мен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы мекемесінің қызметкерлері белсене қатысып, берекелі бірліктің үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Алатау баурайындағы әсем табиғат аясында өткен думанды тойға жиналған қауымды қазақтың ақжарма дәстүрімен шашу шашып қарсы алып, ақ дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Бұл – ырыс пен молшылықтың, татулық пен жаңарудың белгісі. Күн мен түн теңесіп, табиғат түлейтін қасиетті шақта ұлттық рухты дәріптеген ойындар да кеңінен көрініс тапты. Жігіттер жағы күш сынасып, қой көтеріп, арқан тартысты.…
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру саласындағы әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Университет «QS World University Rankings by Subject 2026» рейтингінде «Білім беру және оқыту» (Education & Training) бағытындаәлем бойынша 41-орынды иеленіп, ТОП-50 қатарына енді, деп хабарлайды Tarazy.kz ҚазҰПУ осы бағыт бойынша ТОП-50-ге енген Қазақстандағы жалғыз университет және Орталық Азиядағы көшбасшы атанды. Бұл нәтиже университеттің заманауи педагогиканы дамытудағы және жаңа буынның халықаралық деңгейдегі мамандарын даярлаудағы стратегиялық рөлін дәлелдейді. QS аймақтық директоры Сергей Христолюбовжаңа пәндік рейтингтерде Орталық Азияның жоғары білім беру жүйесі үшін тарихи жетістікке қол жеткізілгенін атап өтті. Оның ішінде, Абай…
Қазақстанның банк секторына ірі араб банкі келмек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank-ке елде еншілес банк ашуға рұқсат берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Жаңа құрылым толыққанды әмбебап лицензиямен жұмыс істейді. Іске қосылғаннан кейін ол нарықта барлық негізгі банк қызметін ұсына алады. Abu Dhabi Commercial Bank — БАӘ-нің ең ірі банктерінің бірі. Активтері 210 млрд доллардан асады, Fitch агенттігінен A+ рейтингі бар. Қазақстандағы еншілес банктің жалғыз акционері осы бас компания болады. Демек, жаңа ұйымның капиталы, стратегиясы мен операциялық қолдауын толықтай сол қамтамасыз етеді. Сарапшылар бұл қадамды маңызды сигнал деп бағалайды. Себебі Қазақстанның банк секторына ірі ресурсы мен халықаралық…
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алу туралы заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Fars агенттігі аты аталмаған депутатқа сілтеме жасап, Иран парламенті бұғаздан қауіпсіз өтуді қалайтын кемелер үшін төлем енгізуді қарастырып жатқанын хабарлады. Тегеран бұл арқылы теңіз саласында бұрыннан айтылып жүрген бейресми төлемді заңдастырмақ. Ол төлем мөлшері кей жағдайда 2 миллион долларға дейін жетуі мүмкін. Заң жобасы келесі аптада толық бекітіледі деп күтілуде. Құжат қабылданса, Иран Ормуз бұғазы үстінен толық бақылауын заң жүзінде бекітеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай шешім жаһандық саудаға әсер етуі мүмкін. «Бұл соңғы жүз жыл бойы қалыптасқан еркін теңіз қатынасына кедергі келтіреді…
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қ. бойынша департаменті Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің әрекеттерінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Аталған желіде отандық киноөндірушілерге міндетті түрде жарнама бюджетiн төлеу талабы қойылған, ал аталмыш төлем жасалмаған жағдайда фильмдер кинотеатрларда көрсетілімге жіберілмеген. Мұндай талаптар бәсекелестікті шектеп, нарық субъектілерінің заңды құқықтарын бұзған, киноөндірушілердің кинопрокат нарығына кіруіне кедергілер жасап, отандық кинематографияның дамуын тежеген. Осыған байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды. Хабарламаны қарау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылды. Атап айтқанда, міндетті жарнамалық шығындарды жүктеу тәжірибесі тоқтатылып,…
Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауыл маңына ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат пен фотолар тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл ақпаратты БҚО полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, Ақжайық ауданында «ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар» табылған. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп жазады «Мой город». «Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция. Айта кетейік, бұл БҚО аумағында ұшқышсыз аппараттардың құлауына қатысты алғашқы жағдай емес. Алайда бүгінге дейін ҚР Қорғаныс министрлігі жүргізілген тексерулердің нәтижесін жариялаған жоқ.
Қазақстанның Еуроодақ елдеріне қатты бидай экспортындағы үлесі 10,2%-дан 13,8%-ға дейін артты, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстан Еуроодаққа қатты бидай жеткізетін ірі елдер арасында үшінші орында тұр. Өткен маркетингтік жылдың наурыз айының соңында Қазақстаннан жеткізілген өнім көлемі 146 472 тонна болса, биыл бұл көрсеткіш 171 953 тоннаға жеткен. 62,0% — Канада — 771 400 тонна15,0% — АҚШ — 186 195 тонна13,8% — Қазақстан — 171 953 тонна5,1% — Түркия — 63 908 тонна1,2% — Молдова — 14 733 тонна Биыл Қазақстанның экспорттық әлеуеті 13 млн тонна астықты құрайды. Елде рекордтық астық өнімі жиналып, 27,1 млн тоннаға жетті, оның ішінде 20 млн тоннадан…
Новороссийск маңындағы ұшқышсыз аппараттар шабуылынан кейін Қазақстан 3,8 млн тонна экспорттық мұнайдан қағылды. Энергетика министрлігі бір ғана бағытқа тәуелділік бюджет үшін тікелей қауіпке айналғанын мойындады. Бұл 2026 жылы әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігін шектеп отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Қазақстанның мұнай экспортының шамамен 80%-ын қамтамасыз етеді. Қара теңіздегі кез келген оқиға елге келетін валюталық түсімді тежейді. Ал бұл өз кезегінде теңге бағамының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. 3,8 млн тонна мұнайдың жеткізілмеуі салдарынан ел 2,2 млрд доллар кірістен қағылды. 2026 жылдың наурыз айындағы есеп бойынша, Ұлттық қорға 950 млрд теңге көлемінде салық түспеген. Салыстырмалы түрде: бұл қаражатқа 190 жаңа…
Алматыда әл-Фараби даңғылында тағы жол апаты болып, адам өлімімен аяқталды. Жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 наурызда кешкі уақытта болған. Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылыста жаяу жүргіншіні қағып кеткен. «Ауыр жарақат алған әйел сол жерде қайтыс болды», — деді полиция. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.