Автор: admin

Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. «Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта. Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылдың 3 маусымында Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1992 жылы инженер- құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. Трұмов 2015 жылдан бері Ақтау әкімі болған. Ал 2017 жылдың 31 қазанынан облыс мәслихатының депутаты болып сайланған. Бұған дейін облыс әкімі қызметінде Ералы Тоғжанов болған еді.

Read More

Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою және қабылдау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді, оның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен. Мемлекет басшылары 14 құжатқа — 13 шешімге және ШЫҰ ҮБК Бішкек декларациясына қол қояды. Саммит қорытындысы бойынша қол қоюсыз Ақпараттық хабарлама қабылданатын болады. Бұдан басқа, ШЫҰ ҮБК отырысы аясында БАҚ, спорт, денсаулық сақтау, ШЫҰ халықаралық байланыстарын кеңейту және «ШЫҰ және…

Read More

БҚО әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты «Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта. Президент әкімшілігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев облыс әктивіне жаңа әкімді таныстырды. Еске салайық, осыған дейі Батыс Қазақстан облысын басқарған Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Ғ. Есқалиев осы қызметке тағайындалғанға дейін БҚО әкімінің бірінші орынбасары болды. Есқалиев Ғали Нәжмеденұлы 1970 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика» мамандығы бойынша және Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент»мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Темірбанк» АҚ Орал филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы…

Read More

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері елдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы айтты, — деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Өз сөзінде Бас прокуратураның Қызмет бастығы Сапарбек Нұрпейісов прокуратура бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушыларға еріп, митингілерге шығып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған. Нәтижесінде, үш полиция қызметкері зақымданды. Бұл ретте осы әрекеттерге жауап ретінде полиция қызметкерлері азаматтарға арнайы құралдар қолданбаған. Спикер азаматтардың тыныштығын қорғау үшін өрескел заң бұзушыларды полиция бөлімдеріне жеткізгендігін атап өтті. https://youtu.be/TaXCcA47-mE Заңсыз акцияға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауаптылыққа тартты, оның ішінде қамауға алынғаны — 670,…

Read More

Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 2019 жылдың 17 қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысты. Сондай-ақ, Аймағамбетов осыған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары екі білімі бар. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болды. Түрлі жылдары Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болды. Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылғаны хабарланды.

Read More

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. Ал 2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары болған. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарса, 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары…

Read More

Тараз қаласында «Текті сөздің төресі — терме» облыстық байқауы өтті. Тіл мәдениетін дамытып, дәстүрлі терме жанрын халыққа кеңінен насихаттауды ұран еткен байқауға сөз өнерін жетік меңгерген термешілер қатысып, сынға түсті. Облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 11 үміткер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Үміттерін үкілеп келген термешілер ұлттың болмысын, елдің бірлігін, Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы термелерін арқау етті. Сондай-ақ, қазылар алқасы термешілерді әншілік шеберлігіне, таңдаған туындысының мазмұндылығына, сахна мәдениетін ұстауына қарап баға береді. Жүлделі орын алған қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұған қоса, халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алады.

Read More

Ұлыбритания тұрғыны лотереядан 123 миллион фунт стерлинг көлемінде джекпот ұтып алды, — деп хабарлайды Lenta.ru. The Mirror ақпараты бойынша, бұл көлемі бойынша елдегі үшінші үлкен ұтыс. EuroMillions лотереяның жеңімпазы қажетті 7 нөмірді (5 негізгі және 2 қосымша) дәл тапқан. Бұл лотереяның билеттері 2,5 фунт стерлинг тұрады. Қатысушы 1-ден 50-ге дейін бес санды және 1-ден 12-ге дейін екі санды дәл табуы қажет. EuroMillions әлемнің тоғыз елінде ұйымдастырылады. Биыл ақпанда ирландиялық Нол ауылының тұрғыны осы лотереядан 153 миллион фунт стерлинг ұтып алған болатын.

Read More

Үндістанның солтүстігінде пойызда отырған 4 жолаушы аптап ыстықтан мерт болды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Мамандардың айтуынша, олардың үшеуі көлікте, ал біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Жолға шыққандардың көбі Агра қаласынан Тадж-Махалға бара жатқан діндарлар екені белгілі. Айта кетейік, қазір елде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Осыған орай жергілікті билік тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Read More

Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін шешу жайлы айтты. Президент салтанатты іс-шара барысында тұрғын үй мәселесін шешу жолдарына тоқталды. «Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайды. Содан кейін әділетті әлеуметтік саясат. Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта ең алдымен не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау, барлық тұрғынға сапалы медицаналық қызмет көрсету. Бұл мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар», — деді Тоқаев. Сондай-ақ, Президент мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданатынын айтты. Тоқаев олардың құықығын қорғап, материалдық жағдайын…

Read More