Автор: admin
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің ресми кездесуінің салтанатты шарасы барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Содан кейін Құрмет қарауылының ротасы Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасының алдынан сап түзеп өтті. Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, Мемлекеттер басшыларына құрмет көрсетілді. Салтанатты шара аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз залына өтті. Қазақстан Президенті қытай көшбасшысымен Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінен кейін араға бірнеше ай салып, қайта жолыққанына өте қуанышты екенін айтты.…
Көлтоған ауылы – шаһардың №11 аумақтық округіне қарайтын 730 тұрғыны, 172 түтіні бар шағын ғана елді мекен. Облыс орталығына жапсарлас жатқан бұл ауыл тұрғындарының жалғыз тілегі – көгілдір отын. Талай жыл көгілдір отынсыз күнелтіп келе жатқан көлтоғандықтардың айлары оңынан туар күн жақындағандай еді. Талай мәрте қала басшылығының жыл сайынғы есебінде қозғалған газдандыру мәселесін біржақты ету үшін жергілікті бюджеттен 9 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген-ді. Аталған сома жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге бағытталған. Тап осы тұста тұрғындар арасынан жік шығып, мәселе ушыға түскен. Жеке меншік компанияға жүгінуге 32 үйдің иесі 50 мың теңгеден жинаған. Бірақ компания жұмысты басталмай жатып тоқтатуға мәжбүр болып отыр.…
Әне-міне дегенше күз де келді. Жұмыс науқаны қызып, дүйім жұрт қыстың қамына кірісіп те кетті. Ал қала жұртшылығын алаңдататын – әрине, жылыту маусымы. Бұл орайда, ыстық су мен жылуды уақтылы ала аламыз ба? Қала көшелерінде көктем айларынан басталған жылу құбырларын жөндеу жұмыстарын мердігер компания мерзімінде аяқтайды ма? Бұл сұрақтардың жауабын рейд барысында табуға тырыстық. Тараз қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жанындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жөніндегі комиссия шаһардың бірқатар нысандарын аралап көрді. Жалпы Тараз қаласы жылу құбырларының ұзындығы 190 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда соның 9,3 шақырымында ескірген құбырларды қайта…
Начальник Байзакского районного отдела полиции полковник полиции Асылхан Заурбеков встретился с местными жителями, — передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. В сходе, прошедшем в районной школе, население приняло активное участие. В своем выступлении полковник полиции А.Заурбеков осветил итоги деятельности РОП за 8 месяцев т.г., согласно которым общее количество преступлений в районе уменьшилось на 12%. В их число входят убийства, кражи, изнасилования и хулиганства. Кроме того, задержано четыре преступные группы, за которыми числится более 20 краж. В ходе диалога к начальнику РОП обращались по многим вопросам. В первую очередь людей беспокоили вопросы дорожной безопасности. В частности, родители учащихся подняли проблему парковки автотранспорта…
Жамбыл облысында өткен жылы заңсыз аң аулауға қатысты 60 дерек тіркелсе, ағымдағы жылдың 8 айында 25 браконьер ұсталған. Қорықшылар соңғы жылдары браконерлердің азайғанын айтады. Дегенмен, әлі де болса оңай олжаға кенелгісі келетіндер жеткілікті. Мәселен, өткен жылы заңсыз аң аулауға қатысты 60 дерек тіркелсе, соңғы 8 айда 25 браконьер анықталған. Бұл орайда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция қызметкерлері қаскөйлермен күрес жүргізудегі бірқатар түйінді мәселелердің барлығын айтады. «Атады да, көліктерімен қашып кетеді. Артынан қуып тоқтатуға біздің құқымыз жоқ. Сес көрсетеді. Мылтықпен қорқытатын жағдайлар орын алады. Өйткені біздің құқықтарымыз нақты қаралмаған. Мемлекеттік қаруды пайдалану жөнінде аңшылық алқапта болсын, басқа жерде болсын,…
Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадр тапшылығы тікелей әсер ететінін жеткізді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің тапсырысы бойынша өңірімізде 322 бос орын жарияланған болатын. Оны толтыру мақсатында республикадан 185 жас маман жолданғанымен, әлі де 130-дан астам маман қажеттігі туындап тұр. Басқарма мұны өз бетімен келетін оқу орындарының түлектерімен толықтыруды жоспарлап отыр», — дейді Марат Жаманқұлов. Басқарма тарапынан облысқа қандай мамандар қажеттігі зерделеніп, нәтижесінде акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандарының тапшылығы анықталған. Осы орайда облыстық бюджеттен 8,7 миллион теңге бөлініп, 9 маманды оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар, мамандар…
Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің Instagram желісінде жарияланды. «Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Бірлік-Мойынқұм — Ұланбел тас жолының 33-шақырымында Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota Runner» маркалы автокөлігі ұсталды», — делінген хабарламада. Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Тараз қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. https://www.instagram.com/p/B2QdgWCgzMD/?utm_source=ig_embed
Формула-1 жарысының әйгілі шабандозы, әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер есін жиды. Бұл туралы аурухана өкілдері хабарлады. Айта кетейік, қазір әйгілі спортшы Париждегі Жордж Помпиду атындағы клиникада емделуде. Еске салсақ, Михаэль Шумахер 2013 жылдың 29 желтоқсанынан бастап төсекте жатыр. Ол Австрияның Альпі тауында шаңғы тебу кезінде бас жарақатын алып, артынан комаға түскен еді.
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, — деп хабарлайды Тұңғыш Президент сайты. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, Елбасына Jas Otan жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстарын баяндады. Кездесу соңында партия Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалар жайы қаралды. Онда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетсек, жыл басында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың бірыңғай базасын құру тапсырылған болатын. Осы орайда 238 жобаның тізілімі түзілген. Бүгінде оның 63 жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде десек, 42 жоба жыл соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде. Бұлар – әлеуметтік саладағы нысандар. Осы жобалардың 39-ы білім саласына қатысты. Дәлірек айтқанда, мектептердегі асханалардағы қызмет көрсету барысын мемлекеттік-жекеменшік аясында…