Close Menu
    Оқылып жатыр

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026

      Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

      10/11/2026

      Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

      10/11/2026

      Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

      09/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жоба аясындағы қабылдау

    Жоба аясындағы қабылдау

    Өңір тынысы 15/09/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы сәтімен жүзеге асуда. Жаңа жоба жамбылдық жұртшылық тарапынан қолдау тапқан. «Ақпараттық-түсіндіру», «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу», «Ауылда бизнесті дамыту», «Діни мәселелер», «Құқық қорғау саласы» топтарының мүшелері өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған аудандарда болып, тұрғындармен кездесулер, көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуде. Тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдап, мұң-мұқтажын біліп, түйіні тарқамаған түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуда.Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданымызға ат басын тіреген «Құқық қорғау саласы» тобы мүшелерінің қатысуымен жиын өткізді.

    – «Бейбітшілік пен келісім» жобасының мақсаты ел бірілгі мен ынтымағын сақтау, тұрғындарды адамгершілік құндылықтарға үндеу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құқықтық сауаттылықтың рөлін арттыру, қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады.

    Бүгін сіздер ауданымызға қарасты ауылдық округтерге барып, тұрғындарды толғандыратын сауалдарға жауап беру мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізбексіздер. Сіздердің тараптарыңыздан берілген ақпараттар тұрғындарға пайдалы болатынына сенімдімін. Аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастыру жұмыстарына қолдау білдіріледі. Бүгінге жоспарланған іс-шараны өз деңгейінде өткізіп, абыроймен атқарып шығуларыңызға тілектеспін. Іске сәт! – деді Сәкен Қаланұлы басқосу барысында.

    Жиыннан кейін облыс прокурорының бірінші орынбасары Қанат Мамаев жетекшілік ететін топ мүшелері ауылдық округтерде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті, облыстық полиция департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті, экономикалық тергеу департаменті, қорғаныс істері департаменті, мемлекеттік кірістер департаментінің жауапты қызметкерлері ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

    Қабылдауда жергілікті тұрғындар тек қана жеке басының ғана емес, елге ортақ өзекті мәселелерді де қаузады. Мәселен, аудандық билер кеңесінің төрағасы Рахымбек Жапаров Аса ауылында мал жайылымы тарылғанын алға тартса, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ахан Сыдықов Б.Момышұлы көшесіндегі трансформатор күйіп кеткеніне байланысты көше жарығы әлі күнге дейін жөнделмегенін айтып шағымданды. «Досым» шаруа қожалығының төрағасы Досым Каипов «Қуат» каналына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бірақ канал бойынан су алатын алқаптарға шлюздер қойылмағанын, қойылмайтынын, себебі, мердігерлер жобада шлюздердің жоқ екенін, көрсетілмегенін айтатынын жеткізді. Аса ауылының тұрғыны Тәліп Омаров ауылдағы темір жолдың арғы бетінде тұратын тұрғындардың атынан келіп тұрғанын, тұрғындар тілегі «аспалы көпір» екенін тілге тиек етті.

    Бұдан бөлек, топ мүшелері тұрғындардың азаматтық алуға құжат тапсыру, көлік салығы, ауылға ғаламтор желісін тарту, ауылды газдандыру, жер телімін алу, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй алу, жол белгілерін қою, егін су, кәсіп ашу туралы сауалдарына жауап берді. Тұрғындар көтерген мәселелер назардан тыс қалмайтынын, алдағы уақытта шешімін таппаған мәселелердің шешу жолдарын қарастыратындарын айтты.

    Екі күнге созылған топтың жұмысы бүгін қорытындылатын болады.

    Ильяс Қалыбеков, «Шұғыла-Радуга» редакциясының тілшісі

    Жамбыл ауданы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026

    Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

    10/11/2026

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.