Автор: admin

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған пітір садақа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz Басқарма мәліметінше, пітір садақа мөлшері — жан басына 735 теңге. Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Рамазан айының кестесі жарияланды. Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. «Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесін және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі», — деді…

Read More

Бүгін Абай универистетінде ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегмановтың «Көктемге хат» атты ән-жыр кеші ұйымдастырылды. «Адал азамат» жобасы аясында өткен тағылымды шарада қаламгер жастармен ашық сұхбат құрып, поэзия мен ән арқылы жүрек сырын ақтарды. Көктем лебіндей сезілген бұл рухани кеш студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, әсерлі диалог алаңына айналды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақ руханиятының көрнекті өкілі Қасымхан Бегманов – жыр мен тарихты, сезім мен зердені сабақтастыра білген қаламгер. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы әдебиет пен журналистика саласында өнімді еңбек етіп, ұлт мұрасын түгендеуге, рухани құндылықтарды дәріптеуге сүбелі үлес қосқан әдебиет өкілі. Ақынның сыршыл поэзиясы талай буын оқырманның жүрегіне…

Read More

2026 жылғы 6 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде түлектерді кәсіби қолдау мақсатында «Цифрлық білім беру аясында жасанды интеллект платформаларын қолдану» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы мен Физика-математика факультеті ұйымдастырды, деп хабарлайды Tarazy.kz Семинарға Жетісу облысындағы техникалық, кәсіптік және жалпы білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық түлек қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде қолдану жолдарын, цифрлық платформалармен жұмыс істеу әдістерін және білім беру саласындағы заманауи инновациялық тәсілдерді меңгерді. Физика-математика факультетінің «Информатика және білімді цифрландыру» кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Гульмира Кастеева мен Айжан Адамбекова, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект» кафедрасының PhD дәрежелі оқытушысы Рима Абдуалиева семинар…

Read More

Алматылық оқушылар жасанды интеллектпен  тоғызқұмалақ ойнады.  Дәстүрлі ойын заманауи технологиямен ұштастырылып, жаңа форматта ұсынылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Тоғызқұмалақ тарихында алғаш рет ойын тақтасы басында екі адам емес, жасанды интеллект пен адам ақыл-ойы қарсы отырды. Бұл жолы үздік мектеп оқушылары арнайы алгоритмге қарсы ойнап, өз логикасы мен стратегиясын сынады. Цифрлық платформа жасаудан басталған идеяға интеллектуалды система қосып, ыңғайлырақ еткіміз келді дейді мамандар. ӘКІМ ТҰРСЫН, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл платформада қазір Алматы қаласының чемпиондары, республика чемпиондары, Азия чемпиондары ойнап жатыр. Бұл бағытқа біз неге бет алдық, өйткені өздеріңіз білесіздер биылғы жылды президентіміз цифровизация, жасанды интеллект жылы деп айтты. АЙАРУ САҒЫМБЕКОВА, ОҚУШЫ: Бұрын…

Read More

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектептің жылдық жоспарына сәйкес ақпан айы «Жасампаздық және жаңашылдық» айы болып белгіленді. Осы бағытта №202 мектеп-гимназияда білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Соның бірі – «SMART BALA» жобасы аясында өткен «Startup» байқауы. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, креативті ойлауын дамыту және стартап жобаларды жүзеге асыруға бағыт беру. Жоба мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Лесованың ұйымдастыруымен және информатика пәні мұғалімдері Д. Әбен, А. Оспанова ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар, оқушыларға жоба жасау барысында жетекшілік еткен пән мұғалімдері Ф. Құдайбергенова, Е. Қажымұратқызы,…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке бағаның өсуін тежеп, инфляцияны қалыпты деңгейге түсіру бойынша шұғыл әрі нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі халықтың нақты табысының артуымен өлшенетінін айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Президент инфляцияның неліктен жоғары болып тұрғаны сарапшыларға да, шенеуніктерге де аян екенін атап өтті. Ендігі кезекте Үкімет пен Ұлттық банкке бірлескен нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеу жүктелді. Алайда ұсынылатын қадамдар елдің жалпы экономикалық дамуына кедергі келтірмеуі тиіс. «Қолайсыз ахуалды шұғыл ретке келтіру қажет. Биылдан бастап үш жыл қатарынан инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы шенеуніктер арасындағы қағазбастылық пен жауапкершіліктен…

Read More

Астанада сталкинг жасаған адам сотталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қала тұрғыны жәбірленуші өзімен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, алты ай бойы аңдыған. Байланысты тоқтату туралы талаптарды, мессенджерлердегі бұғаттауды, сондай-ақ, қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемей, ер адам жәбірленушіні қудалап, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, психологиялық қысым көрсеткен. Сот үкімімен күдікті сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылып, моральдық зиян өтеуге міндеттелді. Десе де бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп, оның шарттарын бұзғанын ескере отырып, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Read More

Шымкентте пәтерден үш адам өлі табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға Шығыс шағынауданындағы пәтерде болған. Олар бір отбасының үш адамы екені айтылды. «8 ақпанда сағат 16:36-да 112 қызметіне пәтер тұрғындары қоңырауға ұзақ уақыт бойы жауап бермегені және есікті ашпағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына құтқару тобы жіберілді. Есікті күштеп ашқан құтқарушылар пәтерден үш адамның денесін тапты. Тиісті қызметтер шақырылды», — деді ТЖД өкілі. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы оқиға табиғи газдан уланудан болуы мүмкін.

Read More

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Нипах вирусының таралуына байланысты Қазақстанда мемлекеттік шекарадағы санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Тексеру шаралары барлық өткізу пункттерінде қатаңдатылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай тіркелген елдерден, соның ішінде Үндістаннан келетін жолаушыларға ерекше назар аударылуда. Олардың денсаулық жағдайы мұқият тексеріліп, қосымша профилактикалық шаралар жүргізілуде. Халықаралық әуежайларда төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге бағытталған арнайы оқу-жаттығулар өткізілуде. Сонымен қатар медициналық ұйымдар күшейтілген дайындық режиміне көшірілді: дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялау заттарының жеткілікті қоры жасақталған. Құзырлы органдардың мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру деректері тіркелмеген. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда.

Read More

Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен, №178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне және ақынның 95 жылдық мерейтойына орай 6-сынып оқушылары арасында «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» тақырыбында лицейішілік байқау жоғары деңгейде өткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Аталған рухани шараның басты мақсаты – оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөзге құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ Мұқағалидай ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпақтың санасына терең сіңіру. Байқау ұйымдастырушысы, кәсіпкер Әбілқайыр Тілеужан бұл игі бастаманың маңызына тоқталып өтті: «Мұқағали Мақатаев – қазақ руханиятының биік шыңы, ұлттың жүрек сөзін жырға айналдырған дара тұлға. Осындай байқаулар арқылы біз ақынға деген құрметімізді білдіріп қана…

Read More