Автор: admin

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты мемлекет басшысы Қасым- Жомарт  Тоқаевтың халыққа Жолдауы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  басшылығымен әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналған еліміздің Тәуелсіздігін нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартудың жаңа сапалы кезеңінің мүмкіндіктері және міндеттері айқындалып отыр. 5 институционалдық реформа және Ұлт жоспарын толық жүзеге асыру қажеттілігін көздейтін Жолдау Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасының негізі болып табылады. Саяси жүйенің «Күшті Президент — ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатының атап көрсеткен мемлекет басшысы  азаматтық қоғамды қолдау және нығайту қажеттілігіне тоқталды. Осы мақсатта құрылған  Қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесі…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. Бұл туралы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауовайтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», — деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады. Бұл мәселе айтылған сәттен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске ары қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық палата өз кезегінде кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға да шақырды. Міне, бүгін нәтижені көріп отырмыз, Қасым-Жомарт…

Read More

Ақорда ресми сайтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні жарияланды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделдІ әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы…

Read More

Америкалық балықшы Мэтт Райли алып ақ акуланың кит етін жеп жатқанын видеоға түсірген. Судағы жыртқыштың әрекетін ер адам Кейп-Код бұғазында көрген, — деп хабарлайды Lenta.ru. «Мен бұрын-соңды көрген ең әсерлі жағдай осы болды. Ұзындығы алты метрге жететін үлкен ақ акулалар өліп қалған кит етін жеп жатыр», — деп жазды балықшы Instagram желісіндегі парақшасында. Сондай-ақ ол өлі кит пен акуланың суретін және екі видео жариялаған. Бірінші видеода акула балықшы отырған қайыққа шабуыл жасаған. Ер адамның оның ұзындығына таңғалғаны естіледі. Екінші видеода Райли акуланың өлі кит маңында айналшықтап жүріп, артынша етін жеп жатқанын түсірген. https://www.instagram.com/p/B1rXUO_H4dL/?utm_source=ig_embed

Read More

Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»  тақырыбында Білім күні аталып өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Қызыққа толы жазғы маусымнан соң оқушылар жаңа білім мен жаңа жетістіктер жылына қайта аяқ басты. Жаз бойы олар «Екі апта ауылда», «10 күн ата-ана жұмысында» атты мектеп жобаларына белсене қатысып, ауыл өмірімен етене танысып, ата-аналарының жұмысы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша үздік жетістіктері үшін 10-сынып оқушысы Әлихан Қалмаханбет АҚШ-тың Стэнфорд университетіне барып қайтты. Әлихан Стэнфорд университетінде жазғы курсқа қатысып, білімін шыңдап келді. Ал «Азат» мектеп шаңырағы «Туған елге тағзым» зерттеу-өлкетану экспедициясы аясында екі…

Read More

Мектепте жақсы білім алу – оқушының басты міндеті. Ол үшін оқу ордаларын заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, барынша жағдай жасау бүгінгі күннің талабы. Білім күні – әсіресе, мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін өте маңызды, көптен күткен күн. Бұл ретте биылғы Білім күніне орай Жамбыл облысында 5 бірдей мектептің пайдалануға берілгені аталған мектептердің ұстаздар ұжымы, оқушылар, олардың ата-аналары үшін үлкен қуаныш болғаны сөзсіз. Білім күніне орай пайдалануға берілген мектептердің бірі Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп. Бұл Бірлесу-Еңбек орта мектебі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатында жаңадан бой көтеріп отыр. Орайы келгенде…

Read More

Жамбыл облысында суармалы алқаптарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Кезінде каналдардың бұзылып, тоғандардың талқандалуынан суармалы алқаптардың азайып кеткені белгілі. Аймақтағы суармалы егістік алқаптарын арттыру – өнім көлемі еселеудің негізгі тетігі. Бүгінде бұл бағытта жамбылдықтар алғашқы нәтижелерге қол жеткізе бастады. Мәселен, өңірде өткен жылы құрылған «мехотряд» 99 шақырымды құрайтын 27 канал мен 5 су қойманы тазалап, 6,6 мың гектар суармалы алқапты айналымға қосты. Бұл ретте «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты 106 су қоймасы бар. Ондағы 61 қоймаға жиналған су арқылы шаруақожалықтар өздеріне тиесілі 10800 гектар алқапты суаруда. Жалпы алғанда, биыл облыс бойынша 24…

Read More

Жамбылдық  полицейлер бірнеше рет жалған неке қиып, алаяқтықпен айналысып келген Айгүл Ниязованы қолға түсірді. Жалғыз басты ер азаматтармен некеге отырып, оның туыстарын өзінің алаяқтық «құрығына» түсіріп отырған 48 жасар Айгүл Молдазқызына бұған дейін іздеу жарияланғандығы туралы  хабарланған болатын. Әйел егде жастағы жалғыз басты ер адамдардың сеніміне кіріп, жалған неке қиып отырған. Немесе өз айласын асырғанша азаматтық неке тұрған. Кейін туыстарын жұмысқа орналастырамын, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй аламыз деген желеумен ақша сұрап алатын болған. Алаяқ ханым бұған дейін бірнеше мәрте сотты болған.  2017 жылы кезекті қылмысынан кейін бостандыққа шыққан ол   баяғы әдетіне тағы басқан. Жаңатас қаласының 52 жастағы ер адамымен азаматтық…

Read More

Жамбыл облысына қарасты аудандарға 39 арнайы медициналық жедел жәрдем көліктері салтанатты түрде тапсырылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Іс-шара ҚР Конституция күнінен орай ұйымдастырылды. Соның ішінде, Қордай ауданына – 11 автокөлік, Тұрар Рысқұлов ауданына – 9 автокөлік, Шуға – 6, Жамбыл, Жуалы аудандарына – 3 автокөліктен берілсе , Меркі, Мойынқұм және Сарысу аудандарына – 2 автокөліктен, Талас ауданына -1 автокөлік берілді. Жалпы облыста 390 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның 29-аурухана, амбулаториялық – емхана саны – 350, басқалары – 11. Былтыр мемлекеттік жекешелік әріптестік аясындағв 29 нысанның құрылысын салу барысында өзге өңірлердегі бюджеттік инвестициялық жобалармен салыстырғандағы құны төмен болып, 1,4 миллиард теңге бюджеттік қаражат…

Read More

Тараз қаласында Конституция күні қарсаңында көпқабатты тоғыз тұрғын үй пайдалануға берілді, — деп мәлімдейді Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтерген осынау тұрғын үйлерді пайдалануға беру салтанатына облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов өзі қатысып, пәтер иелеріне кілттерді табыстады. Шаһардың 15-ші шағын ауданынан жаңа пәтерге ие болғандардың дені көпбалалы отбасылар мен толық емес отбасылар. «Баспана-қай уақытта да өзекті мәселе. Қала халқының саны өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының басшылығымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қаламызда жаңадан салынып жатқан 15-ші шағын аудан орналасқан жер бұрын ашық дала…

Read More