Автор: admin

Аргентиналық футболдың аңызы Диего Марадонаны полиция қызметкерлері Буэнос-Айрес әуежайында тұтқындады, — деп хабарлайды The Sun. Оған Марадонаның бұрынғы сүйіктісі жазған арыз себеп болды. Росио Олива мен Марадона 6 жыл кездескен. Жұп былтыр желтоқсанда ажырасқан еді. Енді Олива 58 жастағы экс-футболшыдан 5 миллион фунт стерлинг көлемінде «материалдық шығын» талап етіп отыр. Марадона өз еліне Мексикадан келген болатын. Әуежайда құқық қорғаушылар оны тұтқындап, істі сот қарап жатқанын ресми ескертті. Соттың алғашқы қаралымы 13 маусымға жоспарланған.

Read More

Италияда болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің арасында қазақстандықтарда болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның СІМ-не сілтеме жасап. Олардың ішінде бесеуі ауруханаға жеткізілген. Ал қалған төртеуі қонақүйлерге жатқызылды. Зардап шеккен қазақстандықтар омыртқа, бұғана, қабырға сынуы және басқа да түрлі жарақаттар алған. Жергілікті дәрігерлер оларға тексеріс жүргізіп, өз кеңестерін береді. Қазақстанның елшілері зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Олардың туыстары бұл оқиға жайлы хабардар. Қазақстанның Италиядағы елшілігімен мына нөмір арқылы хабарласуға болады: +390636301130. Жол-көлік оқиғасы таңғы уақытта Монтериджони және Бадессе қалаларындағы Сиена — Флоренция магистралінде болған. Оқиғаның нақ себебі анықталып жатыр, бірақ автобустың жолда оң жағына аударылғаны хабарланған. Куәгерлердің сөзінше, жолдан шығып кеткен автобус жырада өсіп тұрған…

Read More

Тараз қаласы көшелерінің жол жабындыларын қалпына келтіру – өзекті мәселердің бірі. Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына орай бұл бағытта барлық көшелерді түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұған дейін коммуналдық меншікте ұзындығы 996 шақырым құрайтын барлығы 576 көше тіркелсе, түгендеу жұмыстары барысында 1531 шақырымды құрайтын 1330 көше анықталды. Сондай-ақ, қаладағы көше жабындыларын реттеу үшін арнайы үш жылдық Жол картасы бекітілген болатын. Картаға сәйкес, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар (мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау) нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын, инженерлік жүйелермен толығымен қамтылған, көшелер жөнделу көзделуде. Бұл бағытта биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 100,0 миллион теңгеге бөлініп, 22000 шаршы метрді құрайтын 86 көшені (қоғамдық…

Read More

«Жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатса немесе керісінше жол нашар күйде болса және ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмесе, азаматтар Интерактивті картаның www.publicbudget.kz сайты арқылы картадан объектіні тауып  өз пікірін қалдыра алады. Жоба қызметкерлері хабарламаларды бақылап, жедел шаралар қабылдайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында хабарлады. Карта – сыртқы ресурстарға бөлінген бюджеттік қаражаттарды көрсетуге және бақылауға, шағымдар мен пікірлерді жинауға және ақпараттарды талдауға арналған көпшілікке қолжетімді қызмет. Бюджеттің ашықтығы мен елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі. Әкім орынбасарының айтуынша, картада бөлінген қаражат пен жүргізілетін жұмыс уақытының көлемі туралы ақпараттар көрсетілген. Осылайша, біз азаматтық…

Read More

Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың үстінен мемлекетке сатқындық жасады және өз лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып, қылмыстық тексеру басталды, деп хабарлайды Atameken Business. Мемлекеттік тергеу бюросының мәліметі бойынша тексеру жұмыстары  президент әкімшілігі басшысының  бұрынғы орынбасары Виктор Януковичтің көмекшісі болған Андрей Портновтың өтініші бойынша басталған. Істі бастауға 2018 жылдың 25 қарашасында Украинаның әскери теңіз күші Қара теңізден Азов теңізіне өтуі түрткі болған. Ал орталық аппараттың тергеушілері сотқа дейінгі тергеу басталғанын және біріңғай реестрге тіркелгенін растады.

Read More

21 мамырда Мәскеу метросының Солнцев бағытында жолаушылары бар 3 пойыз жолда тоқтап қалған. Пойыздарда жалпы саны мыңға жуық адам болған. Бұған дейін «Интерфакс» агенттігі пойыздардың техникалық ақауға байланысты тоқтағанын жазады. Пойыздар Мәскеу уақытымен кешкі сағат жетілер шамасында «Шелепиха» және «Хорошев» станциялары арасында тұрып қалған. Жер астында бірнеше сағат отырған жолаушыларды кейінірек жөндеуден өткен пойыздардың көмегімен станцияға жеткізген.

Read More

Жуалы ауданында, кәсіпкер «Бурное Солар» күн электр станциясының бас директоры Капенов Нұрлан Нұрғалиұлы өз қаржысын «Бауыржан Момышұлы» қайырымдылық қоғамдық қорына аударып, өз есебінен Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алып, осы пәтердің кілтін Б.Момышұлы ауылының тұрғыны 6 қыздың анасы Еділбаева Қалипа Сарекешқызының отбасына сыйға тартты. Баспаналы болған көпбалалы отбасының көзайым қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев қатысты. Кәсіпкер Капенов Нұрлан Нұрғалиұлы, аудан басшыларымен бірге отанасы Қанипа Еділбаеваға екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан үш…

Read More

Синоптиктер 23-25 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Қазақстанның батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды. Осыған байланысты оңтүстікте найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2…6°С-қа төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы түнде -3°С үсік жүреді.

Read More

Омандық жазушы әрі мұғалім Джоха Альхартхи (Jokha Alharthi) әдебиет саласы бойынша 2019 жылғы халықаралық Букер сыйлығын иеленді. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады. Жазушы әйел белгілі әдеби жүлдені «Аспан денесі» (Celestial Bodies) деп аталатын романы бойынша жеңіп алды. Шығармада отарлық саясаттың көрінісі омандық үш апалы-сіңілі қыздардың тәлім-тәрбиесі арқылы баяндалады. Букер сыйлығы жеңімпазы атанған Джоха Альхартхи 50 мың фунт стерлинг алады. Ережеге сай оны аудармашы Мэрилин Бутпен теңдей бөлісетін болады. — Бәрінен бұрын Мэрилин Бутқа алғысым шексіз. Шығарманы шеберлік шыңына жеткізіп аударғаны үшін рақметімді айтамын, — деді жазушы. Джоха Альхартхи — Оман еліндегі алғашқы роман жазушы қаламгер. Бірінші рет ағылшын тіліне аударылды. Сондай-ақ, ол Парсы шығанағы…

Read More

Иран төменбайытылған уран өндірісінің көлемін төрт есе арттырды. Бұл туралы Tasnim агенттігі Иран атом энергиясы ұйымының өкілі Бехруз Камальвандиге сілтеме жасап хабарлайды. Камальвандидің айтуынша, 20 мамырдан бастап Иран ядролық жағармай өндірісін көбейту шешімін қабылдаған. Оның айтуынша, ел Халықаралық ато энергиясы ұйымына (МАГАТЭ) осы жағдай туралы хабардар еткен. Сонымен қатар, Камальванди бұл шешімнің центифугалардың көбейетіні туралы еместігін айтады. Иран байытылған урна өндірісінің көлемін 3,67 есеге таза өндірістік күштің арқасында қол жеткізген. Ирандағы мұндай шешімнің себебі АҚШ тарапынан ядролық келісімнің бұзылуы мен америкалық Санкциялар деп аталады. Қалған мүшелері СВПД — Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Ресей тиіс пікірінше, иран билігінің ұйғарымымен тез арада осы мәселені шешуі керек. АҚШ…

Read More