Автор: admin

Темір жол саласында жемқорлықты жою мақсатында билеттерді сату жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Осыған байланысты билет сататын барлық кассада жан-жақты тексерістер жүргізілмек. Бұл туралы Ұлттық бюродағы «Адал жол» жобалық кеңсесінің жетекшісі Исламбек Майшекин мәлімдеді. «Темір жол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейту мақсатында агенттіктік пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері бар жұмыс тобы құрылды», — деді Исламбек Майшекин. Оның сөзінше, жұмыс тобы заңнамалық, кадрлық, институционалдық және ұйымдастыру-бақылау шаралары, бизнес-процестерді қайта инженерлеру және оларды автоматтандыру, ақпараттарды жедел тасымалдау, темір жол тасымалын ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бойынша Жол картасын әзірлеген. Темір жол тасымалы бойынша жасалған Жол картасы жолаушылар және жүк тасымалында тұрмыстық…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті. Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді. Александр бағындағы Мәскеу Кремлінің қабырғасын бойлай орналасқан «Белгісіз жауынгер бейіті» Мемориалдық сәулет кешені Мәскеу үшін соғысқан жауынгерлердің құрметіне 1967 жылы салынды. Кешенге Ресей мәдени мұрасының нысаны, сондай-ақ, Жалпыұлттық әскери даңқ мемориалы мәртебесі берілген.

Read More

Еліміздің оңтүстік өңірлері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары көктемгі егіс жұмыстарын бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын-ала мәліметтері бойынша, 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,3 млн.га жерге орналастыру жоспарлануда, бұл өткен жылғыдан 1,3% артық. Қазіргі уақытта егістік жерлерді тиімді әртараптандыру жүргізілуде, бұл бидай, суармалы егістік жерлердің азаюына және бос жерлерді игеру есебінен майлы, дәнді дақылдар, жемдік дақылдар, бұршақ, жемшөп дақылдар сияқты бәсекеге қабілетті сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, ағымдағы жылы 2018 жылмен салыстырғанда сұранысқа ие егістік алқаптары: арпа және жүгері астық — 57,2 мың га, қант қызылшасы -…

Read More

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ресми кездесу рәсімінен кейін мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымына кірісуіне байланысты құттықтағаны және жылы лебіз білдіргені үшін Владимир Путинге ризашылық білдіріп, өзінің алғашқы шетелдік сапарының Ресей Федерациясына жасалуының символдық мәнін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қазіргі ықпалдастығы көпшілік үшін қарым-қатынас жасаудың жарқын үлгісі болып саналатынын айтты. – Мемлекет басшысы ретінде мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының сабақтастығын қамтамасыз етіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты әрі белсенді дамыту…

Read More

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды анықтау мақсатында Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» (Бала Қорғау) чат-каналын құрғанын хабарлайды. Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады. Аталған сілтемелер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілетін болады. Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деген жолды жазу қажет.

Read More

Мамырда еліміздегілер «Қазақстан бірлігі» күнін, «Отан қорғаушылар» күнін және «Жеңіс» күнін атап өтеді. Бұл айда жалпы 11 күн демалыс бар. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айдағы жұмыс күні – 20. 1 мамырда қазақстандықтар «Бірлік» күнін, 7 мамырда «Отан қорғаушылар» күнін, 9 мамырда «Жеңіс» күнін тойлайды. Алдағы мерекелерге байланысты сенбідегі яғни 4 мамырдағы демалыс күні 10 мамыр, жұмаға ауыстырылады. Жалпы, Қазақстан Республикасының азаматтары 2019 жылы барлығы 119 күн демалады.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады. Ресми сапар қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімде жасайды және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

Read More

Аспан әлемі жұмбаққа толы. Сан мыңдаған жылдар бойы ғалымдар мен зерттеушілер жұлдызды әлемнің ғажабына үңіліп келеді. Әсіресе көбірек қызықтыратыны — қара құрдым. Галактика кіндігіндегі қара құрдымның фотосын түсіру үшін әлемдік зерттеушілер Event Horizon Telescope жобасын әзірлеген болатын. Ол үшін Жердің әр түкпіріне 8 телескоп қойып, зерттеулерін бастаған. Мамандардың бұл еңбегі өз нәтижесін беріп, адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның фотосы түсірілді. Оны түсіру мен зерттеу, сондай-ақ жариялау үшін 2 жылдай уақыт кеткен. «М87 галактикасындағы қара құрдымның осыншама үлкен екеніне сене алар емеспін. Ал фотоны көргенде бұған еріксіз сенесің. Оның отты сақинасынан-ақ қаншалықты гравитациялық күшке ие екенін аңғаруға болады», — дейді Неймеген университетінің…

Read More

Гибралтар елінің билігі гелий толтырылған шарларды әуеге ұшыруға ресми түрде тыйым салды. Осылайша мұхит суының ластанбауына назар аудармақ. Пиреней түбегінің оңтүстігінде орналасқан елдің мұндай қадамға баруы жай кездейсоқтық емес. Себебі әуеге ұшқан шар түбі мұхит, не теңізге қоқыс болып түседі. Өйткені елдің жер көлемі шағын ғана, айналасын мұхит пен теңіздер қоршаған. Әуе шарлары қоқысынан көбіне балықтар, тасбақалар мен құстар зардап шегеді. Олар түрлі-түсті шарды тамақ ретінде тұтынып, ажал құшады екен. Шар резіңкесі асқорыту жүйесін жауып, тіршілік иесі аштықтан өледі. Гибралтарда әуе шарларын ұшыруға тыйым салу ұзақ уақыттан бері айтылып келді. Белсенділер бұл ұсынысты билікке ұсынған. Себебі елде жыл сайын Ұлттық…

Read More