Автор: admin
Еліміз егемендік алғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақытта жол апатынан көз жұмғандар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерден әлдеқайда көп. Бұл ел ішіндегі еспе әңгіме. Шындыққа қаншалықты жанасымды? Оған көзіміз жетпейді. Алайда қара жолда дәм-тұзы таусылғандардың қатары өте көп. Жол жөнделіп, қауіпсіздік қатайса да қала мен далада жол апаты жиілеп, бейбіт күнде азаматтардан айырылып жатырмыз. Мәселен, соңғы бір аптада темір көлікте тынысы тоқтап қалғандардың санын саусақ бүгіп санауға тура келеді. Елорданың өзінде автобус апатынан екі адам көз жұмып, 36 жолаушы ауруханаға түсті. Оның ішінде 4 азамат ауыр халде жатыр. Жазымнан кейін амалсыз аяғын кестіргендер бар. Дәл сол мезгілде Алматыда бір үйлі…
Қызметіне жаңа кіріскен кез келген президенттің алғашқы ресми сапары аса маңызды. Сол арқылы қай елдің басты стратегиялық серіктес екені айқындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды. Айта кеткен жөн, президент В. Путиннің шақырумен. Мемлекет басшысы Мәскеу сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына берген сұхбатында мұны айрықша атап өтті. Бұдан мынадай ой түюге болады: бізбен жақын қарым-қатынасқа терістік көршіміз ерекше мүдделі. Себебі де белгілі. Батыспен арадағы тоқтаусыз текетірес, салмағы барған сайын ауырлап жатқан санкциялар, шетелдік инвестиция мен заманауи технологиядан қағылып, тек мұнай мен газға иек артқан экономика. Тегі бір туысқандардың теріс бұрылып, кәрі құрлыққа ұмтылуы… Мұндай жағдайда, сөз жоқ, өзара сыйластықты, тең…
Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров кісі қайтыс болған кезде үйіндегі қоштасу түнінің «күзеттің» форматын өзгертуді ұсынды. Имамның пікірінше, қазіргі таңда соңғы сапар ысырапқа айналып барады. Jas qazaq: Дүниеден өткен кісіні өз үйінде «күзету» қайдан шыққан, оның шариғаттағы және дәстүрлі негізі қандай? Б.Мансұров: Бұрынырақта ата-бабаларымыз қайтқан кісіге жеке киіз үй тігіп, оның сүйегін оңашада күзеткен. Марқұмды екі күн күзетудің екі себебі болған. Біріншіден, «Ажал адамға айтып келмейді». Яғни адам баласы «бүгін яки ертең өлім келеді» деп, еш уақытта ажалға дайын отыра алмайды. Мысалға, отбасында адам қайтыс болған кезде, ол әулет жайлауда отыруы мүмкін. Қазақтың бұрынғы тұрмысына үңілер болсақ, мұндай жағдайда кісінің ұл-қызы,…
Радикалды бағыттағы сәләфизмнің жетегінде кеткен Ержанның (есімі өзгертіліп алынды) жазасын өтеп жатқанына биыл екінші жыл. Терроризмді насихаттағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған азамат ақиқатты интернеттен іздеп, бүгінде оңбай қателескеніне өкініп отыр. Жас жігіт жүрек түкпіріндегі сырын оқырманмен бөлісуді жөн көрді. Ата-әжем бұған шыдай алмас еді… Жұмақты уәде ететін Дарын Мүбәров сияқтылар талай адамның өміріне балта шапты. Қаншама қазақ баласы Ауғанстан, Пәкістан, Сирия жерінде көз жұмып, қаншама ана зар жылап қалды», – деп әңгімесін бастаған Ержаннан өзі туралы көбірек білуге тырыстық. Ержан – Ресейде туған. «Бастауыш сыныпты да сол жақта оқыдым. Ата-анам әжептәуір жұмыста болды. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары…
Англияның Кингстон-апон-Халл қаласының тұрғыны жарты сағат бойы күн астында тұрамын деп күйіп қалды. Оның қолын үшінші дәрежелі күйік шалған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. Венди Сеннетттің айтуынша, ол 4 мамырда Бирмингем қаласындағы пейнтбол клубқа барғанда қолын күйдіріп алған. «Мен күн астында жарты саған қана жүрдім. Кейін қарасам, қолыма қараудың өзі қорқынышты. Оң қолымнің ісіп кеткені сонша, саусақтарымның сүйегі көрінбей қалды», — дейді ол. Бұған дейін 58 жастағы әйел көмейдің қабынуын емдеу үшін бірнеше апта бойы стероидті препарат қабылдаған болатын. Ал, сол дәрілердің әсерінен оның терісі өте сезімтал болып қалған. Бірақ, ол дәрі-дәрмектертің қаптамасын дұрыстап оқымағандықтан, одан жағымсыз әсерлер болатынын білмеген. Енді…
Бұдан бұрын Димаш әлемдік музыканың аңызымен дуэт құратынын айтқан болатын. Димаш Құдайберген өзінің Istagram-дағы парақшасында италиялық аңыз әнші Андреа Бочеллимен кездескені туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz. – Андреа Бочелли ағамызбен сахна сыртында көрістік. Ағамыз менің шығармашылығымды қолдап жүретіндігін айтып,батасын берді. Көргеніме қуаныштымын, аңыз тұлға, – деп жазды ол. Ұлы тенор Бочелли Димашқа сәттілік тілеп, оның дауысын керемет деп бағалады.
Маэстро Ержанды ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Ресейлік композитор, продюсер Игорь Крутой қазақстандық жас әнші Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz. – Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол, – деп жазды әнші…
Ол «World music award» жүлдесінің жеңімпазы. Сурет : Getty Images/Steve Granitz15 Мамыр 2019, 08:55 Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қызықтырып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялағандай, қазір ол әлемдік деңгейдегі бір аса қызықты жоба дайындауда. – Әлемдік музыканың аңызымен дуэт дайындап отырмыз… «World music award» жүлдесінің жеңімпазы, керемет әнші. Оны бүкіл әлемде миллиондаған адам сүйсініп тыңдайды. Кім екенін кейін білесіздер, – деп жазды Димаш. Қазақстандық әншінің жанкүйерлері енді ол кім екен деген болжамдарын жасауда.
Құдайберген Кремльде өнер көрсетті. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Кремльде концерт қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Видеоның бір бөлігі әншінің YouTube-тегі каналында жарияланды. Концерт 2 сағат 20 минутқа созылады. Әншінің жеке концерті Кремльде 22 наурызда өткен болатын Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.
Ол енді «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметін басқарады. Әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды. Мекеменің директоры Жеңіс Сейдуллаұлы тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады Sputnik. «Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», – деп жазылған мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Ведомствоның мәліметінше, бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің» эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсеткен. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған. Мөлдір Әуелбековаға мəдениет жəне ɵнер…