Автор: admin
Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Tarazy.kz ZTB-ға сілтеме жасап. Апат сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби даңғылында, «Нұр-Мүбарак» мешіті маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, BYD таксиін басқарған жүргізушінің қозғалыс кезінде жүрегі кенеттен тоқтап, көлік басқарудан шығып кеткен. Нәтижесінде такси Ford Focus, Chevrolet Monza, Subaru Impreza, Volkswagen Golf жеңіл көліктеріне және №127 бағыттағы қалалық автобусқа соқтығысқан. Такси жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қалалық полиция департаменті жол апатына жүргізушінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болғанын мәлімдеді.
Шымкент Полиция департаментіне жаңа басшы келді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент Полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді. Жиын барысында ІІМ басшысы жеке құрамға Шымкент Полиция департаментінің жаңа басшысы Мұхтар Қожаевты таныстырды. «Ол бұған дейін ІІМ Тергеу департаментін басқарған. Полиция генерал-майорының басқару, тергеу саласында мол тәжірибесі бары, тергеушіден бастап орталық аппарат департаменті басшысына дейінгі қызмет жолынан өткені айтылды», — деп жазылған хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Шымкенттегі соңғы оқиғаларға байланысты Ішкі істер министрлігіне бірқатар тапсырма берген болатын. Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін Полиция департаментінің бастығы мен оның…
Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Tarazy.kz Protenge телеграм арнасының мәліметінше, әкімшілік сот вице-министрге 78 640 теңге және 196 600 теңге көлемінде айыппұл салған. Даудың басталуына мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысты келіспеушілік себеп болған. Конкурс құжаттарымен келіспеген әлеуетті жеткізуші сотқа жүгініп, іс жарты жылдан астам уақыт қаралған. Нәтижесінде сот кәсіпкердің уәжін қолдап, Қаржы министрлігіне мұндай заңбұзушылықтарды қайталамау жөнінде жеке қаулы жолдаған. Мұндай жағдайда сот мемлекеттік органнан нақты шара қабылдап, атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді талап етеді. Алайда белгіленген мерзімде сотқа есеп ұсынылмаған. Осыны сот шешімін орындамау әрі сотқа құрметсіздік ретінде бағалаған әкімшілік сот вице-министрден түсініктеме талап…
2025 жылы Қазақстан банктері елге 2,7 млрд доллар қолма-қол валюта импорттаған, деп хабарлайды Tarazy.kz Ручная экономика телеграм арнасының мәліметінше, бұл – кейінгі бес жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған дейін рекорд 2022 жылы тіркеліп, сол кезде банктер 3,9 млрд доллар әкелген. Былтыр доллар жеткізудің ең жоғары көлемі төртінші тоқсанда байқалды. Дәл осы кезеңде теңге бағамы 500–550 теңге аралығында құбылып тұрды. Осы уақытта банктер шамамен 1 млрд доллар тасымалдаған. Салыстыру үшін: 2024 жылы – 1,1 млрд доллар, 2023 жылы – 1,7 млрд доллар, 2022 жылы – 3,9 млрд доллар әкелінген. Сарапшылар мұны банктердің айналымдағы валютаны жаңарту үдерісімен байланыстырады. Бұған дейін 2013 жылға дейін…
Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерін өз бетінше игерумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Тексеру барысында 12 тұлға рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндіргені анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлғаларға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, 5 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Прокуратура заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Толегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Тергеу амалдарына сай, Instagram әлеуметтік желісінде (15 миллионнан астам жазылушысы бар) көп миллиондық аудиторияға ие ерлі-зайыптылар өз жазылушыларының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 2025 жылы олар онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған «курстарды» сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған. Таратылған бейнематериалдар басым бөлігі басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз…
«Dostyq» Қазақстан–Пәкістан спорт орталығы салтанатты түрде ашылды. Бұл шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz 2026 жылғы 2–4 ақпан аралығында Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ федерациясының өкілдері Пәкістан Ислам Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар Пәкістанға жоспарланған мемлекеттік сапарға дайындық аясында ұйымдастырылды. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Пәкістан арасындағы интеллектуалдық спорт түрлері, оның ішінде тоғызқұмалақты халықаралық деңгейде дамыту, бірлескен білім беру және спорттық жобаларды іске асыру, сондай-ақ спорттық дипломатияны нығайту болды. Делегация құрамы Қазақстан тарапынан сапарға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Рапиков Бауыржан Серикбайұлы , министрлік өкілдері, Қазақстан…
Мәжіліс отырысында Өскемендегі ауа сапасы мәселесі көтерілді. Депутат Марат Башимовтың айтуынша, қалада тыныс алудың өзі қауіпті деңгейге жеткен, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның мәліметінше, қаңтар айында ауадағы күкіртсутек пен күкірт диоксидінің мөлшері рұқсат етілген нормадан 3,6 есе асып кеткен. Депутат бұл жағдайды маусымдық құбылыс емес, ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан жүйелі ластану деп бағалады. Башимовтың сөзінше, қала тұрғындары күн сайын ластанған ауамен тыныстауға мәжбүр, алайда олар тиісті өтемақы да, мемлекет тарапынан жүйелі қолдау да алмай отыр. Қазіргі шаралар көбіне «далаға сирек шығу» сияқты ұсынымдармен ғана шектеліп отырғанын айтты. Депутат экологиялық жағдайды жақсарту үшін шұғыл әрі нақты шаралар қабылдауды талап етті.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баруды жоспарлаған туристерге Нипах вирусына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz Мамандардың айтуынша, сапар кезінде жеке гигиена талаптарын сақтау қажет: қолды сабынмен жиі жуу не антисептик қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, жарқанат, шошқа және өзге жануарлармен байланыстан аулақ болған жөн. Туристерге тек қауіпсіз ауызсуды ішу, шикі құрма шырынын ішпеу және жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбауға кеңес берілді. Жеміс-жидек пен көкөністі жер алдында мұқият жуып, тазалау қажет. Дәрігерлердің мәліметінше, жоғары температура, жөтел, қатты бас ауруы секілді белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Айта кетейік, Нипах вирусы зооноз инфекцияға жатады. Ол адамға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан,…
2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтарының банктік шоттары 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын салық қарызы болған жағдайда бұғаттала бастайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Қайсар Арын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, қарыз көлемі көрсетілген межеден асқан кезде алдымен салық төлеушіге ескерту хабарламасы жолданады. Егер берешек өтелмесе, банк шоттары, касса және инкассалық өкімдер бойынша шығыс операциялары уақытша тоқтатылады. Егер салық қарызы 45 АЕК-тен аспаса, әдетте осы шаралармен шектеледі. Ал берешек 45 АЕК-тен жоғары болған жағдайда қатаң шаралар қолданылады. Бұл жағдайда салық органдары: дебиторлардың шоттарындағы қаражатты өндіріп алуға, мүлікті түгендеп, оны сатуға, ал төтенше жағдайда сот арқылы банкроттық рәсімін бастауға құқылы.…