Автор: admin

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханды қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты жою, жемқорлықты ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу, түсіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айтты. Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде «Абай жылын» атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Read More

Аляска штатының бірқатар аудандарында бұрын-соңды болмаған рекордтық жоғары температура тіркелді, — деп хабарлайды РИА Новости. АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше, 4 шілдеде Аляскадағы ірі қала Анкоридждағы температура 32,2 градусқа дейін көтерілген. Оның алдындағы ең жоғарғы көрсеткіш 1969 жылдың маусымында тіркелген, ол кезде ауа температурасы 29,4 градусқа жеткен. Сондай-ақ, Кенай елді мекендерінде күн 31,6 градусқа дейін ысыған, мұның алдындағы рекорд 1903 және 1953 жылдары маусымда болған 30,5 градусқа тиесілі, сондай-ақ, Кинг-Салмонда — 31,6 градус (1953 жылғы маусымда 31,1 градус) рекордтық температура тіркелген. Синоптиктердің болжамынша, Алясканың оңтүстік аудандарында демалыс күндері ыстық сақталады.

Read More

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың аудандарға сапары Мойынқұм ауданында жалғасын тапты, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрген аймақ басшысы ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Ең алдымен Бірлік ауылдық округінде болған өңір басшысы ондағы тұрғындардың үй іргесінде орналасқан қосалқы шаруашылықтарымен танысып, ауылдағы ағайынның талап-тілегіне құлақ түрді. Ал, облыс орталығынан құмды өлкеге арнайы барған жұмыс тобы өздеріне бөлінген барлық ауылдық округтерге барып, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының елді мекендерде жүзеге асырылуын көріп қайтты. Түстен кейін аудандық мәдениет үйінде өткен қорытынды жиында әр ауылдық оркугке бөлінген жұмыс…

Read More

Жеті адам Багам аралында тікұшақ апатынан қаза тапты, — деп хабарлайды BNO News басылымы америкалық билікке сілтеме жасап. Жетеудің ішінде көмір магнаты әрі миллиардер Крис Клайн болғаны айтылады. Олардың мәліметтеріне сәйкес, оқиға бейсенбі күні таңертең болған. Тікұшақ Багам аралдарының ең Солтүстік аралына жақын Атлант мұхитына құлап кеткен. Бұл ұшудан кейін көп ұзамай болған. Бортта барлығы жеті адам болған, ешкім аман қалған жоқ. Достары өлгендердің бірін Клайн деп тапты. Клайн өзінің 62-ші туған күні қарсаңында қаза тапты. Қалғандарының аты-жөні анықталған жоқ. Forbes журналындағы мәліметке сәйкес, Клайнның қайтыс болған кездегі жағдайы — шамамен 1,8 миллиард доллар, ол 2000 жылдардың басында байыған.

Read More

Арыс қаласын қалпына келтіруге 34,5 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары — ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламент Сенатында айтты, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Алдын-ала есептеулер бойынша, биыл 1 шілдеде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін 34,5 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет, оның ішінде Арыс қаласының әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы беру үшін 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы мақсаттарда ҚР Үкіметінің қорынан 2 миллиард теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 миллиард теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 миллиард теңге бөлінген. «7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет, оның ішінде 49 үй бүтіндей қирап қалған. Тұрғын үйлерді қалпына…

Read More

Беларусь астанасы Минскіде ел тәуелсіздігі күніне орай үйымдастырылған мерекелік отшашу кезінде бір әйелдің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды БЕЛТА Тергеу комитетіне сілтеме жасап. «Отшашуды Свислочь өзенінің жағалауында тамашалап тұрғанында жарақат алған 1955 жылғы әйелге дер кезінде көмек көрсетілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады», — деп мәлімдеді Тергеу комитеті. Қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, отшашу кезінде төрт адам зардап шеккен. Ведомство мәліметінше, «отшашу кезінде қолданылған зарядтар бұдан бұрын да пайдаланылған». Қорғаныс министрлігі мен Тергеу комитетінен құралған комиссия Минскіде отшашу болған кезде азаматтардың жарақат алу себебін анықтап жатыр. https://twitter.com/mc_maxim/status/1146513867956244480

Read More

Ко Дню медицинского работника профессиональная деятельность врача-хирурга ГУ «Госпиталь и поликлиника Департамента полиции Жамбылской области» Букимбая Утешова была отмечена наградой Министерства здравоохранения РК — нагрудным знаком «Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» Во время многолетней работы в госпитале, начавшейся с 2005 года, через умелые руки хирурга Б. Утешова прошло огромное количество пациентов, среди которых сотрудники органов внутренних дел, департамента по борьбе с экономической и коррупционной преступностью, прокуратуры, уголовно-исполнительной системы. Высокую оценку работе коллеги дала начальник госпиталя ДП Жамбылской области Айгуль Масельбекова, отметив его ответственное отношение и преданность делу, высокий профессионализм, заботу и внимательность к пациентам. На торжественной церемонии вручения нагрудного знака «Денсаулық…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Ақордаға баспасөз қызметі. Президент мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында мына қаулыға қол қойды: 1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар: 1) қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2) жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар; 3) жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор…

Read More

Андрей Аршавин ажырасты, — деп хабарлайды РИА Новости. Санкт-Петербург аудандық соты қазақстандық «Қайрат» футбол клубының экс-футболшысы Андрей Аршавин мен жары Алиса Казьминаның (Аршавина) некесін бұзды. Мұндай мәліметтерді адвокат Виктория Савицкая мәлімдеді. «Олар ажырасты. Шешім заңды және негізделген», — деді Аршавиннің адвокаты Савицкая. Оның айтуынша, сот баланы анасымен қалдыруға шешім шығарған. Адвокаттың мәліметтері бойынша, Андрей Аршавин ажырасу шарттары бойынша 300 мың рубльге жуық алиментке беріп отырады. Үш баласы бар Аршавин 2016 жылы қыркүйекте журналист Алиса Казьминға үйлерген еді. 2017 жылы ақпанда олардың қызы дүниеге келді. Айта кетейік, Аршавин спорттық мансабын аяқтағанға дейін ол «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Ол алматылық клубта 2016 жылдың наурыз…

Read More