Автор: admin
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, — деп хабарлайды Ақорда сайты. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді. «Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз», — деді Гутерриш. Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, достас Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті. «Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілікбаршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл елімізде нақты жоспарға негізделген жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі деген сөз. Барша Қазақстандықтардың ортақ мүддесіне бағытталған Президент тұғырнамасындағы жоспарлар халықтың тыныштығын, бейбіт өмірін, берекелі ғұмырын қамтамасыз етпек. Орындалу барысы Президент әкімшілігіне жүктелген маңызды құжат сайлауда ел таңдауымен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси тұлға ретіндегі беделін, Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген батыл болжамын айқындай түседі. Әсіресе азаматтарға кепілді әлеуметтік қолдау көрсетуде біріңғай стандарттар белгілеу мен олардың қаржылық мүдделерін қорғау жөніндегі…
АҚШ президенті Дональд Трамп ұшы-қиыры жоқ соғыстан шаршағанын айтты. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесу кезінде айтқан, — деп хабарлайды «Лента.ру». Мемлекет басшысы «шексіз соғыстардан» шыққысы келетінін және осы бағытта агитация жүргізгенін атап өтті. Америкалық көшбасшы Сириядан әскерді шығару процесін еске салды және Ауғанстандағы әскердің санын қысқарту керектігін айтты. Алайда, Трамп Иранның америкалық ұшқышсыз аппаратты құлатуын жаңа мәселе туындағанын мәлімдеді. Осыған дейін, АҚШ президенті Тегеран кездейсоқ ұшқышсыз ұшу аппаратын құлатуына байланысты қателесуі мүмкін екенін айтқан, алайда Вашингтон мұны жылы жауып қоя салмайтынын ескертті. Журналистің АҚШ бұл жағдайда қандай әрекетке барады деген сұрағына, Трамп былай деп жауап берді: «Көресіздер». Айта кетейік, 20…
Жамбыл обылсы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгергенін анықтау, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқауға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 9 команда қатысты. Олар «Сәлемдесу» кезеңінде команда атауы мен ұранын таныстырып, «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің емле ережелері» кезеңі бойынша емле ережелері бойынша сұрақтарға жауап берді.…
Үндістанның Химачал-Прадеш штатында жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 43 жолаушы қайтыс болып, 30-дан аса адам жарақат алды. Жергілікті билік апаттың нақты себебін жариялаған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, көлікте тым көп адам отырғандықтан автобус шатқалға құлап түскен. Айта кетейік, Үндістанда жолаушылар тасымалына байланысты жол-көлік оқиғалары жиі болады.
Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастардың атынан Алматыдағы Назарбаев даңғылында еліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңізді орнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз», — деді Жас Отан жастар қанатыың өкілі Мәди Ахметов. «Рақмет! Жастардан осындай ұсыныстың түскені қуантады. Бірақ мен өзім мұндай ескерткіштер орнатуға қарсымын. Алдарыңда отырмын ғой. Ескерткіштің не керегі бар?», — деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазір барлығы менің қолымда емес. Мен президент емеспін ғой. Бірақ халық қаласа, менің одан бас тартуға құқығым жоқ. Сіздерге рақмет. Бақытты болыңдар», — деді Елбасы.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында үкіметтегі ауыс-түйіс пен жаңа тағайындауларға қатысты пікір білдірді. Министр биліктегі ауыс-түйістерді жаңа Президенттің басқару бағыты екенін айтады. «Барлығы теңдестірілген. Бұл атқарушы биліктің Қасым-Жомарт Кемеұлының ұлықтау рәсімінде атаған он бағыттың шешімін табу мақсатында жасалып отырған басқару бағыты болса керек», — дейді Абаев. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, бұл бірінші кезекте саяси декларация. «Ресми түрде мұның барлығы іс-шараға қатысушыларға айтылса да, расында бұл бүкіл халыққа айтылып отыр, бір жағынан әлемдік қауымдастыққа та айтылды. Жаңа Президент атаған әрбір бағыттың пункті, онда берілген әр тапсырма проблемаларды шешуге, қарапайым халықтың сұрақтарына жауап беру мақсатында айтылды.…
Таразда аттракциондағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында облыс орталығында орналасқан аттракциондарға, батуттарға жергілікті полиция қызметі, ТЖ департаментінің Тараз қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құрылған комиссиямен рейд жүргізді. Рейд барысында батут иелерімен аттракциондарда қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізілді. ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналарды балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті. Сонымен қатар, аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдау мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында қаралған болатын.
Жамбылдық полицейлер Президенттік көпсайыста жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың 13-16 маусымы аралығында Орал қаласында Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Чемпионатқа 15 облыстың полиция департаменттерінің командалары қатысты. Жарыс төрт жас санатында өтті, Тараз құрамасының сапында Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері болды, олар жоғарғы дайындықта тәсілдік спорттық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде 30 жасқа дейінгі жарыс түрінде полиция аға лейтенанты Мадияр Алимкешов 1- орын жеңімпазы атанды, 40 жасқа дейінгі санат бойынша полиция майоры Данияр Құлсеріков 3-орынға табан тіреді. Ал полиция майоры Денис Гузема ең үздік жүзгіш болып танылды.
Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев «Арай-2» алқабының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін көтерді. Оның біріншісі мәселесі: Д.Баянов. Ш. Руставели, Майлықожа тұрғындары өз көшелеріне баратын жолдың орнына тұрғын үй салып тастаған. Тұрғын үйлер орналасқан төрт жер телімін мемлекет иелігіне қайтару үшін бюджеттен қаражат қарастырылуы тиіс. Бұл ұсынысты шілде айының бірінші онкүндігінде өткізілетін мәслихат отырсында қарастырылатынын жеткізді. Екінші мәселе: аталған көшелерді электрмен жабдықтау. Бұл бойынша «Тараз электр желісі» мекемесінің учаске басшысы А.Бекбауов мән-жайды түсіндірді. Бүгінде көше тұрғындары электр жарығын басқа көшелерден тартылған электрсымдарынан алып отыр.Күннен- күнге алқаптың тұрғындарының санының өсуіне байланысты тораптың күші жетпеуіне байланысты,басқа тұрғындардың бұрынғы электр торабына…