Автор: admin
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов әлеуметтік желілерде тараған «басшылық пен топ-менеджерлер 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы алды» деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды және қате түсіндірілген. «Желілерде тараған біз 1,7 млрд сыйақы алғанбыз деген ақпарат рас емес. Өйткені 1,7 млрд – ол толық жалақы қоры. Оның ішінде еңбекке жарамсыздық парағы, оқыту шығындары, еңбек демалысына төлемдер бар. Яғни бұл сома — сыйақы емес», – деді Сүлейменов. Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, аталған қаражат басшылыққа арналған бонустар немесе жеке сыйақылар емес, ол жұмысшылардың еңбекақысын және әлеуметтік төлемдерді қамтиды.
Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев Қаңтар оқиғасы кезіндегі өзінің рөлі мен сол сәтте бастан кешкен күйі туралы алғаш рет кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Журналист Ботагөз Омароваға берген сұхбатында ол өзіне қатысты айып сезінбейтінін жеткізді. Оның айтуынша, сол уақытта өңір басшысы ретінде де, қарапайым азамат ретінде де қолдан келгеннің бәрін жасаған. Оқиға күндері қорқыныш болды ма деген сұраққа Ноғаев жасырмай жауап берді: «Иә, қорқынышты болды», — деді ол. Оның айтуынша, ең ауыр сезім — халықтың сенімін ақтап, өңірде қайғылы жағдайға жол бермеу мүмкіндігіне деген алаңдаушылық болған. «Құдай сақтасын, бір нәрсе болып қалса — өзімді кінәлі сезінер едім. Менің әлсіздігімнен ауыр жағдай орын…
Жетісу университетінің студенттері ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Tarazy.kz Кездесу «Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында өтті. Білім алушыларға департамент басшысы Еркін Тюмелиев Қаржылық мониторинг агенттігінің және экономикалық тергеп-тексеру департаментінің негізгі қызметі мен міндеттері туралы жан-жақты баяндады. Ол елімізде заң мен тәртіп үстемдік құрып, әр қызметкер өз жұмысын адал әрі үлкен жауапкершілікпен атқарған кезде экономикалық қылмыстардың болмайтынын жеткізді. Кездесу барысында департамент қызметкерлері жастарға Қаржылық мониторинг академиясына оқуға түсу жолдары мен қызметке орналасу талаптары туралы түсіндірді. Мамандар жастарға интернеттегі алаяқтық түрлерінен сақтану, жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік талаптарын сақтау…
Гонконгтың Тай По ауданындағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде шыққан өрт салдарынан кем дегенде 94 адам көз жұмды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Әлі де ондаған адам жоғалғандар қатарында. Апат сәрсенбі күні кешке басталып, тек таңғы уақытта толықтай ауыздықталған. Өрт кезінде кешенде 4,6 мыңнан астам тұрғын болған. Бұл қайғылы оқиға Гонконгтағы соңғы 75 жылдағы ең ірі өрт апаты саналып отыр. Бұған дейін 1948 жылы қоймадағы өрттен 176 адам қаза тапқан болатын. Тергеу барысында полиция Prestige Construction компаниясының үш қызметкерін ұстады. Оларға қауіпті құрылыс материалдарын қолдану және абайсызда адам өліміне себеп болу айыбы тағылды. Алдын ала дерек бойынша, жөндеу кезінде пайдаланылған тез тұтанғыш…
Алматы қаласы әкімдігінің Мемлекеттік активтер басқармасы “Жас отау” неке сарайын сенімгерлік басқаруға алған “Алтын дән Қазақстан” компаниясына қарсы кезекті сотта тағы да жеңіске жетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Bes.media агенттігінің мәліметінше, тарихи-мәдени мұра саналатын нысан 2016 жылы 20 жылға “Алтын дән Қазақстан” компаниясына сенімгерлік басқаруға берілген. Компания келісім бойынша сарайға кемінде 500 млн теңге көлемінде жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс болған. Алайда міндеттемелер орындалмаған соң, прокуратура 2022 жылы келісімді бұзуды талап етті. 2023 жылы сот ғимаратты мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды. 2024 жылы шешімді уақытылы орындамағаны үшін компаниядан 1,2 млн теңге айыппұл өндірілді. Даудың жаңа кезеңінде жағдай басқаша өрбіді. Бұл жолы компанияның өзі мемлекеттік органнан шығындарын өтеп беруді талап…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірде білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды, деп хабарлайды Tarazy.kz Әкімнің айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылған. Бұл – өңір үшін маңызды мәдени және білім беру қадамы. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша бес бағытта жүргізіледі: киноөндіріс, сценарий және актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда 60 студент білім алып жатыр, олардың арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар. Сонымен қатар халықаралық деңгейде спортшылар дайындауға бағытталған «Атлетико Мадрид» футбол академиясы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 113 оқушы білім алып…
Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 108,7% өсім көрсетіп, оның 90%-ы өңдеу секторында қалыптасқан, деп хабарлайды Tarazy.kz Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, биылғы 10 айда өнеркәсіп көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті. Облыс аграрлық аймақтан инновациялық технологиялар мен өңдеу өнеркәсібінің жетекші орталығына айнала бастаған. «Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі болып есептеледі. Сол себепті негізгі капиталға инвестиция тарту біздің басты басымдығымыздың біріне айналды», — деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде. 2022 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін өсті. Жыл соңына дейін 1,3 трлн теңге…
Жамбылда келін сәлем салудан бас тартып, іс сотқа жеткен, деп хабарлайды Tarazy.kz Сот мәліметінше, мейрамханадағы той кезінде Т. жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өтінішті орындаудан бас тартқан. Әрі қарай олар үйге келген соң Т. әйеліне былапыт сөздер айтқан. Сотта Т. кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап және тараптар медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан істі тоқтатуды сұрады. Ал жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін айтты. Сондай-ақ, ол да татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары Ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттарын қорытындылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады. Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты. Жиын барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді. Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сондай-ақ Ұйымға…
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қалай өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Парламент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті. Соған сәйкес мынадай өзгерістер болады: АЕК — 4 325 теңге (2025 жылы 3 932 теңге). Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — 85 000 теңге (өзгеріссіз). Ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге (2025 жылы 62 771 теңге). Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге (2025 жылы 32 360 теңге). Ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге (2025 жылы 46 228 теңге). АЕК мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.