Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 24 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

    Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

    Жаңалықтар 23.01.2026
    Уральская неделя 
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мәскеуде жүрген Орал қаласының тұрғыны Жазылбек Әжғалиевті Ресей полициясы үш тәулік бойы ұрып-соғып, Украинадағы соғысқа келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлемек болған. Бұл туралы оның әпкесі Маруа Ескендірова әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Уральская неделя басылымына сілтеме жасап. 

    Мәскеуге жұмыс іздеп барған

    Маруа Ескендірованың айтуынша, Жазылбек 2025 жылдың желтоқсан айының басында ағасы Батырбекпен бірге Мәскеуге жұмыс істеуге кеткен.

    Оның сөзінше, бұл шешім отбасының ауыр қаржылық жағдайына байланысты қабылданған.

    «Ағамның үш баласы бар, екі несиесі бар. Амалсыздан Ресейге жұмыс іздеп кетті», – дейді Маруа.

    Жазылбек Мәскеудегі «ТРИ СЕСТРЫ» клиникасына мейіргер болып жұмысқа орналасып, уақытша тіркеуге құжат тапсырған.

    Құжат алуға кеткен соң хабарсыз жоғалды

    2026 жылғы 18 қаңтарда Жазылбекке Сахаров көшесінде орналасқан көші-қон орталығынан қоңырау шалып, құжаттарының дайын екенін айтып, келіп алуды сұраған.

    Ал 19 қаңтар күні таңғы сағат 06:00-де ол өз нөмірінен такси шақырып, көші-қон орталығына жол тартқан. Сол кеткеннен қайтып оралмаған.

    Маруа Ескендірованыӊ айтуынша, оның телефоны бір сағаттан кейін өшіп, содан бері қосылмаған. Қай таксиге отырғаны да белгісіз.

    Сол күні кешке ағасы Батырбек полицияға адам жоғалғаны туралы арыз жазған. Алайда құқық қорғау органдары оны тек үш тәуліктен кейін іздей бастайтынын айтқан.

    Осыдан кейін Маруа Ескендірова Орал қаласындағы полицияға да арыз түсірген. Онда оған Ресей ІІМ-інен Жазылбектің Мәскеуде жоғалғаны жөнінде бағдар берілгені хабарланған.

    «Электрошокермен ұрып, басына қап кигізген»

    22 қаңтар күні таңертең Жазылбек туған-туыстарына өзі хабарласқан. Ол сол сәтте Алматы әуежайында болған.

    Маруа Ескендірова бауырының ауыр күйде екенін айтады.

    «Ол қатты шок алып қалған», – деді ол.

    Жазылбектің айтуынша, 19 қаңтар күні таңертең ол Сахаровтағы көші-қон орталығына келгенде, қызметкерлер «бес минут күтіңіз» деген.

    Сол сәтте ғимарат есігінің алдында ресейлік полицейлер келіп, оны ұстап әкеткен.

    «Оны электрошокермен есеңгіретіп, телефонын тартып алған. Басына қап кигізіп, бөлімшеде апарған», – дейді әпкесі.

    Үш тәулік азаптаған

    Маруа Ескендірованыӊ сөзінше, Жазылбек үш күн бойы аяусыз соққыға жығылған.

    «Оны үш тәулік бойы ұрып-соғып, электрошокермен азаптаған. Осы уақыт ішінде әскери комиссариаттан үш рет адам келіп, Украинадағы соғысқа келісімшартқа қол қоюды талап еткен», – дейді ол.

    Жазылбек болса бұл талаптан үзілді-кесілді бас тартқан.

    «Өлтірсеңдер де қол қоймаймын», – деп жауап берген ол және өзін Қазақстанға депортациялауды талап еткен.

    Қазақстанға күштеп депортацияланған

    Маруа Ескендірованың мәліметінше, 21 қаңтарға қараған түні Жазылбек Әжғалиев Ресейден Қазақстанға депортацияланған.

    Оны Алматыға ұшатын ұшаққа отырғызып, елден шығарған.

    Қазір Жазылбек Қазақстан аумағында. Оның жағдайы мен оқиғаның құқықтық бағасы бойынша ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.

    Мәскеу Орал

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.