Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шымкентте 50 млн теңгеге орнатылған қоғамдық дәретханалар бүлінген

    Шымкентте 50 млн теңгеге орнатылған қоғамдық дәретханалар бүлінген

    Басты тақырып 22/01/2026
    видеодан скрин, sn.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шымкентте орнатылған смарт-дәретханалар кей азаматтардың жауапсыз әрекеттерінен бүлініп жатыр. Қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қойылған нысандарды әдейі сындыру, ішіндегі жабдықтарды жарамсыз ету жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды Tarazy.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

    Жауапты мамандардың мәліметінше, қоғамдық әжетханаларда гүлдерді жұлып кету, кәріз жүйесін бітеп тастау, техникалық құрылғыларды қасақана зақымдау сияқты әрекеттер жиі кездеседі. Мұның барлығы жобаны жүзеге асырып отырған тарапқа айтарлықтай материалдық шығын келтіріп жатыр.

    Соңғы оқиға кезінде екі белгісіз адам әжетхана ішіндегі техниканы әдейі істен шығарған. Олар фенді сымымен қоса жұлып алып, нысанның қалыпты жұмысын тоқтатуға себеп болған. Жоба менеджері Милана Перемитинаның айтуынша, бұл жай ғана абайсыздық емес, қасақана жасалған әрекет.

    Аталған жағдай бойынша жоба қызметкерлері полицияға арыз түсірген. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    Айта кетейік, мұндай жағдайлар Шымкентте бұрын да тіркелген. Өткен жылы Арбат аумағында белгісіз біреу қоғамдық орындардың есіктерін әдейі бітеп тастаған болатын. Кейін күдікті ұсталған. Ал биылғы жыл қоғамдық мүлікті бүлдіру деректерімен басталып отыр.

    Мамандардың айтуынша, бір смарт-дәретхананы орнатуға шамамен 50 миллион теңге жұмсалған. Сондықтан кез келген бүлінген жабдық қала бюджеті мен жобаны іске асырушылар үшін үлкен шығын саналады.

    Осыған байланысты жоба авторлары мен қала билігі тұрғындар мен қала қонақтарын ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырып отыр. Өйткені қоғамдық нысандардың сақталуы ең алдымен қоғамның жауапкершілігіне байланысты.

    дәретхана мәдениет Шымкент

    Оқылып жатыр

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Баға мен әлемдік нарықтың құбылуы: Теңге неге нығайды?

    29/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.