Автор: admin
2026 жылғы 25 наурыз күні Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жаңа ресми 9qumalaq.world интернет-ресурсының презентациясы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Жаңа сайт – тоғызқұмалақ ойынын халықаралық деңгейде дамыту, цифрландыру және кеңінен насихаттау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Аталған платформа заманауи технологияларды қолдана отырып әзірленген және пайдаланушыларға бірқатар бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Сайттың басты ерекшеліктерінің бірі – жасанды интеллект негізінде құрылған арнайы ойын бөлімі. Бұл бөлім арқылы пайдаланушылар тоғызқұмалақ ойынын жасанды интеллектпен ойнап, өз шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, платформада Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясына мүше елдердің және аймақтық федерациялардың рейтингтік жүйесі енгізілген. Бұл жүйе халықаралық деңгейдегі бәсекелестікті арттырып, федерациялар қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.…
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан кейін депутат Мұрат Әбенов қаладағы тәртіп пен жауапкершілік мәселесін ашық көтерді. Ол мегаполистің бас полицейін орнынан алуды талап етті, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, бұл қайғылы жағдай кездейсоқ емес және алдын алуға болатын еді. «Бұл төрт бірдей кінәсіз адамның өмірін қиған апат. Бұл көлікті ойыншыққа айналдырған адамдардың салдары. Олар үшін жолдағы басқа адамдар жай ғана ойын. Мен бүгін іссапармен Алматыға келіп, өз көзіммен бұл заңсыздықтың әлі де жалғасып жатқанын көрдім. Небәрі 30–40 минут ішінде әл-Фараби даңғылымен жүріп өттім. Осы жерден шамамен 500 метр немесе 1 шақырым жерде болған апатты біле тұра, дәл сол…
Каспий теңізінің Ақтау маңындағы жағалауында аққулардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қайғылы жағдайды режиссер Қанат Майлыбаев Сайын Шапағатов ауылында теңіз жағасында серуендеп жүргенде байқаған. Оның айтуынша, жағалауда ондаған өлген құс жатқан. «Мен шок болдым. Бұрын мұндай көп қырылған құсты көрмеппін», – деді ол. Айтуынша, кейбір аққулар жақында өлген, ал кейбірі жағалауда бұрыннан жатқан. Сонымен қатар бұл жерге адамдар сирек баратыны байқалады. Алдын ала болжам бойынша, қырылған құстар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз.
Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин 25–27 наурыз аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Tarazy.kz. Сапар барысында Астанада өтетін келіссөздерде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Тараптар энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік инфрақұрылымы салаларындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударады. Сонымен қатар Мишустин 26–27 наурызда Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады. Сапар аясында ол Digital Qazaqstan 2026 форумында сөз сөйлейді.
Билікте әр түрлі лауазымды қызметтерді атқарған, елдегі беделді шенеуніктердің бірі Ерболат Досаев қызметтен кетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Ақорда таратқан мәліметте: Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, — деп жазылған.
Қазақстандық танымал вайнер әрі актер Мейіржан Төребаев бостандыққа шығып, отбасымен қауышты. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып, көпшілік арасында қызу талқылануда, деп хабарлайды Tarazy.kz Бостандыққа шыққаннан кейін ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жақындарымен қауышқан сәттен видео жариялап, оған: «Басқаларға махаббатыңды бере білу. Ең қарапайым сәттерден қуаныш пен ләззат табу» деген жазба қалдырған. Желі қолданушылары бұл сәтті жылы қабылдап, түрлі пікір білдіруде. Еске сала кетейік, 2022 жылдың 10 ақпанында Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша күдікке ілінген еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар Mudarabah Capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның қызметінен табыс тапқан деген айып…
Журналистер Тоқаевқа үндеу жолдады: Ботагөз Омарова ісін бақылауға алуды және 274-бапты декриминализациялауды сұрады, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстан журналистері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ботагөз Омарованың ісін жеке бақылауға алуды сұрап, ашық үндеу жасады. Сонымен қатар, олар «жалған ақпарат тарату» туралы Қылмыстық кодекстің 274-бабын декриминализациялау мәселесін көтерді. «Біз, Қазақстан журналистері, Сізге – Конституция кепілі әрі “Заң және Тәртіп” тұжырымдамасының авторы ретінде жүгінеміз. 2026 жылғы 20 наурыз күні 20 жылдан астам тәжірибесі бар, мінсіз беделге ие әріптесіміз Ботагөз Омарованы Астана қалалық полиция департаментіне “әңгімелесуге” шақырды. Ол өз еркімен барды. Алайда бірнеше сағат ішінде оның мәртебесі өзгеріп, алдымен қорғау құқығы бар куәгерден, кейін Қылмыстық кодекстің…
Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ұлттық рухты жаңғыртқан, мазмұны бай әрі тағылымы терең дайындықпен, өте жоғары деңгейде атап өтті.Мұхтар Әуезов атындағы университет стадионында киіз үйлер тігіліп, ән-күй мен жырға көмкеріліп, түрлі ұлттық спорт сайыстары, дефиле мен жәрмеңке, көрме мен ойындар болып, ұлық мейрамға мыңдаған адам қатысты, деп хабарлайды Tarazy.kz Жаңару мен жасампаздық, мейірім мен ынтымақ символы саналатын бұл мереке – күн мен түн теңеліп, табиғат пен тіршіліктің қайта түлейтін айрықша мерейлі шағы. Қазақтың тұңғыш университеті биыл Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өткенін айта кетуміз керек. Университет ұжымы мен студенттері бұл мейрамды ашық аспан астындағы кең стадиондаэтно-ауыл форматында…
Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты мұсылмандардың қасиетті мерекесі ораза айтпен құттықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі. Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы биылғы Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келгенін айтып, оның ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналғанын атап өтті. Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге…
Абай облысының Бородулиха ауданындағы шахтада болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tarazy.kz Полиция мәліметінше, іс тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша тіркелген. Алдын ала деректерге сәйкес, 18-інен 19 наурызға қараған түні шахтада жарылыс жұмыстары жүргізілген. Соның салдарынан ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері күрт артқан. 19 наурыз күні таңертең жоспарлы жұмысқа түскен екі жұмысшы ес-түссіз күйде табылған. Оларға көмек көрсету кезінде учаске бастығы да уланып қалған. Барлық зардап шеккендер жер бетіне шығарылған. Олардың біреуі көз жұмса, тағы екеуі аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.