Автор: admin

Жекеменшікке тиесілі «Қайрат» футбол клубына 2026 жылы Алматы қаласының бюджетінен 840 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы қалалық бюджеттің егжей-тегжейлі шығыстарына сілтеме жасаған Besmedia жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бөлінетін қаражаттың негізгі бөлігі — 750 млн теңге -клубтың қызметін қамтамасыз етуге бағытталмақ. Оның ішінде Премьер-лигадағы негізгі команда, жастар құрамы және футбол академиясының жұмысы қамтылады. Қазіргі таңда «Қайрат» клубының құрылымында 103 қызметкер бар. Олардың қатарында негізгі құрам мен «Қайрат Жастар» командасының футболшылары мен бапкерлері, сондай-ақ академияда жұмыс істейтін 41 жаттықтырушы бар. Академияда бүгінде 800-ден астам бала білім алады. Бұдан бөлек, Алматыда футзалды дамытуға 90 млн теңге қарастырылған. Бұл қаржы жаттығу үдерісіне, жарыстарға қатысуға және болашақ спортшылар резервін даярлауға жұмсалмақ. Сонымен қатар «Қайрат» клубы 2025–2026 жылғы…

Read More

2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Франция ұлттық кітапханасындағы парсы тіліндегі қолжазбалар: тарихы, коллекционерлер және каталогтардың ерекшеліктері» тақырыбында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының V отырысы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Іс-шараның басты мақсаты – рухани мұра мен жазба мәдениетін зерттеу, сақтау және кеңінен насихаттау бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту. Отырыс барысында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына құнды әрі сирек мұралар табысталды. Жиын барысында Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат ғылым мен мәдениет саласындағы ұзақмерзімді әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды…

Read More

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өткеріп жүрген қатардағы жауынгер Аппаз Абдурахман Тұрғынқожаұлы – әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастыра білген ерекше жас. Ол – жүректегі шынайы сезімін өлеңмен өрнектейтін жас ақын, деп хабарлайды Tarazy.kz ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2005 жылғы 15 сәуірде Түркістан облысы, Келес ауданы, Бесқұбыр ауылында дүниеге келген Абдурахманның поэзияға деген құштарлығы мектепте, 7-сыныптан бастап оянды. Сол кезден бастап ол өмір туралы ойларын, сезімдері мен толғанысын жыр жолдары арқылы жеткізіп келеді. Мектепті аяқтағаннан кейін Сарыағаш медресе-колледжінде «исламтану» мамандығы бойынша білім алып, кейін Мардан Сапарбаев атындағы университетте «Қазақ тілі және…

Read More

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталған. «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді», — деді полиция. Бұл жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалған. «Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында Полиция департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді полиция. Еске салайық, бұған дейін Шымкентте…

Read More

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында студенттер арасында «Жасыл хакатон – 2026» экологиялық инновациялық идеялар байқауы өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау жастардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың жобаларын қолдауды мақсат етеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, сондай-ақ смарт-экологиялық шешімдер – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Елдегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну – ғаламдық деңгейдегі маңызды міндеттердің қатарында. Осы орайда өткен байқау студенттердің белсенділігін арттырып, экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды. Хакатонға «Грин сайкл», «Экобэлэнс», «Эколоу», «Стар», Жансүгіров колледжінің командасы, «Грин хакерс», «Байоуолл тим», «Ворлд дестройер», «Жасыл білім», «Экодизайн»,…

Read More

Алтын өссе, доллар құлай ма? Бұл сауалға танымал сарапшы Айбар Олжай жауап берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, 20 күн ішінде 9 пайызға қымбаттаған алтын қазақ еліне 4,2 миллиард доллар алып келген. «2025 жылдың аяғында біз 47,2 миллиард доллардың алтынын ұстап отырған едік. Енді оның нарықтық құны 51,4 миллиард долларға көтеріліп отыр. Осыған СКВ активтеріне жататын 18,5 миллиард долларды қоссақ, дәл бүгін алтын-валюта қорымыз 70 миллиард долларға жетейін деп тұр. Оған Ұлттық қордың 77,7 миллиард долларын қосайық. Сонда халықаралық резервтеріміз 147,7 миллиард долларға барады. Бұл өте жақсы», — деді ол. Айбар Олжайдың сөзінше, дәл осы кезде Теңіздегі технологиялық проблемалардан мұнай өндіру…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Бейбітшілік кеңесіне оннан аса ел қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz Әзірге шақыруды ашық түрде бес мемлекет қана қабылдаған. Олар – БАӘ, Беларусь, Марокко, Венгрия және Канада. Ал Ақ үй өкілдері кеңеске мүше елдер үш жылдық қатысу мерзімін тұрақты мүшелікке ауыстыру үшін 1 миллиард доллар көлемінде жарна енгізе алатынын мәлімдеді. Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа мәселесі жөніндегі Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды. Ұйымның жарғы жобасына сәйкес кеңестің алғашқы төрағасы міндетін АҚШ президенті атқарады. Сондай-ақ, ұйымға қай елдер мүше болатынын өзі шешпек.

Read More

20 қаңтар күні Шымкентте Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Апат арты жаппай төбелеске ұласып, қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігі бағдаршамның қызыл түсінде тоқтап тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан. Hyundai тізгінінде қала тұрғыны, 34 жастағы Н.Ешанқұлов болған. Жол апатынан кейін ер адамдар арасында жанжал шыққан. Toyota Camry ішіндегі адамдарға Lexus LX 570 көлігімен келген тағы төрт белгісіз азамат қосылған. Ауызша кикілжің төбелеске ұласып, оның барысында М.Көшкенбаевтың мойнына пышақпен сұғылған-кесілген жарақат салынған. Ол ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар Н.Ешанқұлов пен В.Колесников та дене жарақатын алған. Оқиғадан кейін белгісіз адамдар В.Колесниковты күштеп Toyota Camry…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысында: «Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет» деп атап өтуін жолшылар қауымы үлкен жауапкершілікпен қабылдайды деп сенемін. Бұл ретте жол құрылысының өзімен қатар, жол сапасын қадағалау мен оның белгіленген стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету де аса маңызды. Аталған бағыттағы жүйелі бақылау мен сараптаманы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүзеге асырып келеді. Себебі автомобиль жолы – елдің күре тамыры, яғни экономикамыздың басты қозғаушы күштерінің бірі. Кеңес кезеңінде еліміздің шикізатын орталыққа тасымалдауға негізделген саясаттың салдарынан Қазақстандағы негізгі күре жолдардың басым бөлігі оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталғаны белгілі. Соңғы жылдардағы ірі…

Read More

Павлодар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының филиалында басшылық қызмет атқарған екі лауазымды тұлға 7 жылға сотталды. Сот мәліметінше, олар мердігер ұйымнан жүйелі түрде пара талап еткен, деп хабарлайды Tarazy.kz Irbis.tv ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Сот шешіміне сәйкес, айыпталушылардың әрқайсысы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан айырылды. Тергеу материалдарына сәйкес, магистральдық желі бойынша Павлодар бөлімшесінің басшысы мен ҚТЖ-ның дистанция жетекшісі 2025 жылдың ақпан–сәуір айлары аралығында Ақсу-1 стансасында жүргізілген электрмонтаж жұмыстары үшін мердігер компаниядан ақша бопсалаған. Олар орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоюға және қызметтерді…

Read More