Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 17 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шымкентте жол апатынан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды

    Шымкентте жол апатынан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды

    Жаңалықтар 21.01.2026
    otyrar.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    20 қаңтар күні Шымкентте Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Апат арты жаппай төбелеске ұласып, қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігі бағдаршамның қызыл түсінде тоқтап тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан. Hyundai тізгінінде қала тұрғыны, 34 жастағы Н.Ешанқұлов болған.

    Жол апатынан кейін ер адамдар арасында жанжал шыққан. Toyota Camry ішіндегі адамдарға Lexus LX 570 көлігімен келген тағы төрт белгісіз азамат қосылған. Ауызша кикілжің төбелеске ұласып, оның барысында М.Көшкенбаевтың мойнына пышақпен сұғылған-кесілген жарақат салынған. Ол ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар Н.Ешанқұлов пен В.Колесников та дене жарақатын алған.

    Оқиғадан кейін белгісіз адамдар В.Колесниковты күштеп Toyota Camry көлігіне отырғызып алып кеткен. Кейін полиция қызметкерлері Camry мен Lexus автокөліктерін тауып, жәбірленушінің ВАЗ-2114 көлігіне ауыстырылып, Ордабасы ауданы бағытына әкетілгенін анықтаған.

    Кешкі сағат 19:00 шамасында Темірлановка ауылындағы орталық аудандық аурухананың маңынан В.Колесниковтың денесі түрлі дене жарақаттарымен табылды.

    Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ВАЗ-2114 автокөлігіне іздеу жарияланды.

    «Адам өлтіру жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент қаласы Полиция департаменті күдіктілердің жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша қажет шаралар қабылдап жатыр. Күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларына Полиция департаментінің барлық күші мен құралы жұмылдырылды», — деді өңір полициясы.

    адам өлімі жаппай төбелес қаза тергеу Шымкент

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.