Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Павлодарда ҚТЖ басшылары 7 жылға сотталды

    Павлодарда ҚТЖ басшылары 7 жылға сотталды

    Ел іші 20/01/2026
    Dalanews.kz коллажы
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Павлодар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының филиалында басшылық қызмет атқарған екі лауазымды тұлға 7 жылға сотталды. Сот мәліметінше, олар мердігер ұйымнан жүйелі түрде пара талап еткен, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Irbis.tv ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Сот шешіміне сәйкес, айыпталушылардың әрқайсысы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан айырылды.

    Тергеу материалдарына сәйкес, магистральдық желі бойынша Павлодар бөлімшесінің басшысы мен ҚТЖ-ның дистанция жетекшісі 2025 жылдың ақпан–сәуір айлары аралығында Ақсу-1 стансасында жүргізілген электрмонтаж жұмыстары үшін мердігер компаниядан ақша бопсалаған. Олар орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоюға және қызметтерді қабылдауға ықпал етуді уәде еткен.

    Заңсыз алынған қаражаттың жалпы сомасы 2,7 миллион теңгені құраған. Сот барысында айыпталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және куәгерлердің көрсетулерімен толық дәлелденді.

    Сонымен қатар сот магистральдық желі бойынша Павлодар бөлімшесінің басшысына қатысты 2021 жылы бағынышты қызметкерінен құны 57 мың теңге болатын кеңсе орындығын алған деректі де назарға алды.

    Айыптау үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық тәртіппен шағымдануға жатады.

    жемқорлық ҚТЖ пара сот

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.